Әлем барысы-Кубаның қарасы

Міне кілең нар тұлға, сен тұр мен атайын деген алыптардың айқасы Әлем барысы аяқталды. Бүгін бір рух көтерілген күн болды. 35 мемелекеттен жиналған 34 палуан қатысты. Ақтық мәреге Қазақ елінің намысын қорғаған Айбек Кубалық палуаннан жеңілді. Иә мойындау керек. Таза әдіспен асыра лақтырды. Ал Айбекке күллі қазақ рахыметін жаудыруда…
Сонымен
1 — ОРЫН: КУБА

Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы
Оскар Рене Брайсон Видал

Бойы: 192 см
Салмағы: 160 кг
1985 ж.т., 29 жаста
Спорттағы жетістіктері: дзюдодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2008 ж.), Лондон Олимпиадасында V орынды иеленді (2012 ж.), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2009 ж.), Панамерика ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы (2007, 2009, 2011 жж.).
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы

ІІ — ОРЫН: ҚАЗАҚСТАН

Айбек Нұғымаров
Бойы: 189 см
Салмағы: 141 кг
1987 ж.т., 27 жаста
Спорттағы жетістіктері: қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014 жж.), екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013 жж.), «Қазақстан Барысы» (2013 ж.).
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы

ІІІ — ОРЫН: РЕСЕЙ

Максим Ширяев
Бойы: 189 см
Салмағы: 131 кг
1988 ж.т., 26 жаста
Спорттағы жетістіктері: самбодан Ресей чемпионы (2014 ж.), Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2012 ж.), Әлем Кубогының иегері (2012 ж.), жастар арасында Әлем Кубогының иегері (2010 ж.)
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы

Ал Бейбіт Ыстыбаев 4-орын иеленсе, Асылы Барменов пен Руслан Әбдіразақов тұғырлы орындардан көріне алмады. Әлеуметтік желіллерде Бейбіт Ыстыбаев көрермен наразылығын тудырды.
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы

Оның күресу шеберлігі тым сылбыр болды. Кей жұрт төрешілер Бейбітке болысты деп жатты. Жалпы бұл жолы Бейбіт жанкүйерлер көңілінен шыға алмады. Күресу мәнері тым әлсіз болды.
Алдыңғы ондыққа кірген палуандарға ақшалай марапатталды.
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы
Ал жеңіске деген құштарлығы үшін деген арнайы сыйлықты мына дзюдоистге тапсырды. Бұл палуан дзюдодан әлем чемпионы екен.
Блог - KhanagatNurbol: Әлем барысы-Кубаның қарасы
Жанкүйерлер бұл палуанды Бейбітке жығып берді деп жатты…

Жалпы Қазақ күресінің ережелерін шет елдік палуандар толыққанды біле бермейтін тәрізді. Көбі самбо мен дзюдодан келген палуандар қазақ күресіне сай емес әдістер жасап жасап ескертулер алды. Жалпы бастама керемет. Қазақты әлем танып жатыр. Қазақты тек әлемге спортғана таныстыра алады. Қазақ алыптарының жауырыны жер иіскемесін.
Бөлісу:

1 пікір

Dzhonsaken
Брайсонды Бейбіт қана састыра алды. Төреші дұрыс істемеді. Соңғы минутта белдестіру керек еді. Бейбіт нағыз палуан. Бұл жолы бағы шаппады…