Заман пәлсафасы және студент

Қазіргі заман пәлсафасына сай:
"Өмірде бәрін жеке тұлғаның қалыптасуы шешеді" деген қағида бар.
Жеке тұлғада мінез бар. Осы мінез бұл дүниеден адамға не қажет соның бәрін алып береді. Оқудың қажеті жоқ. Оқу деген болашақта біреуге бағынышты азаматты жасап шығарудың жолы. Сондықтан байығын келсең "өзіңе жұмыс істе өзгеге жұмыс істеме". Оқу бітірмей-ақ байып жатқандар көп қой. Оқуға мән бермесең өзіңді шектемейсің, өзгеге бағынышты болмайсың. Тек өзіңе сен.
Осы пәлсафаны ұстанған студенттім:
-Дене салмағы ауыр болғандықтан жерге жылдам құлайды, оған өзім көз жеткізгенмін, -деген. Сенің көзқарысың бойынша дұрыста шығар, бірақ, физика көзқарасы бойынша «кішкене» басқаша. Соны сен білсең ғой «кішкентайым». Сеніде қабыл еттік. Өйткені сенде барсың бұл дүниеде.
Қаншама анектодтарды дүниеге әкелдің.
Бірде сабақ үстінде қағаз бетін шеңбер бойымен қиып алғаннан пайда болған дөңгелекті студент қолына ұстаттым да:
-Дөңгелектің өлшемін анықтап берші, -дедім.
Студентім маған аң-таң болып:
-Дұрыстап тапсырма бермейсіз бе?, -жақтырмаған күймен.
-Түсінбеймін сіз биіктігін, ұзындығын өлшеп бер деп тұрсыз ба?-депті.
Дөңгелекте биіктік немесе ұзындық болмайтынын студенттім біліп пе?
Бұл дүниеде студенттерім болмаса ше?
-Болмаса қалайша сенсіз, сенсіз күн көрермін,-деп ойша әрқайсын есіме алдым. Табысымды қалайша табармын.
Бұл дүниеде бәрі бір-бірімен байланысқан. Осылайша бір-бірімізге байлап, бір себеп тапқызып бір-бірімізге қаратқан дүние-ай!
Бөлісу:

8 пікір

ken
Осы пәлсафаны ұстанған студенттім
Әлгінің студент болғаны — оның әлгі фәлсафаны ұстанбайтынының белгісі болып тұрған жоқ па? Егер ұстанса, оқуға түсіп, студент атанбас еді ғой.
bake
Мәселе түбі мынандай: оқуға түседі «студент» атын иеленіп «міне көріңдерме, оқып жүрмін» дегізіп ұпай жинау үшін. Шын мәнінде студенттей еңбектену ойда жоқ. Имидж үшін жасалынған шаралар. Осындай студенттер қатары молаюда.
Ottegin
Мына күңіренген адамның қолына атом бомбасын ұстата салса, шіркін…

Шварцтың жауабы)))).
bake
Өз алқымынан алып, жұлқынып, жастықтың қадірін білмеген жастарымыздың қолына атом бомбасын ұстата көрмесін.
Өмірге аяқ баспай жатып «бәрін көріп, түсініп, білгендері» араларында көп-ақ. Ойланбастан бәрін «бітіріп» тастайды. Ешқайсы Шварцтың кейіпкерінен кем түспейді.
Ottegin
«Басқалардың бәрі боқ сасыса, бәлкім, өзің тышып қойған боларсың»,-депті аңтарылған Қожанасыр таусыла сөйлеген көршісіне)))
bake
Техник мамандарды дайындағандықтан студенттерімнің өміріне жауап беремін. Оданша «тышып қояйын». Тек біреуінің көзалдымда кемтар болып қалғанын көргенше. Тәжірибелік жұмыстарды нақты машиналарда жүргіземін. Қазіргі негізгі жұмыс бағытым. Өзіндік тәжірибелік жұмыстарды жүргізгенде қаншасының денсаулығын аман есен сақтап қалдым. Есеп беретін емес. Оданша «жек көріп бізден жеркенсін» тек «білемін» деп алдағанша сонда сақ жүреді. Өндірісте шала-пұшықтығынан кәсіпорын иесіне де, өзіне де зиян келтіреді. Істің мәнін үйретуін үйретеміз-ақ. Бәріне сөзімізді өткізуіміз керек. Студентке оқуын тәмамдағанда «техник-маман» деп қолына дипломын табыстап оның қызметін дұрыс атқаратына кепілдік береміз. Сондықтан «инженерлік ұстаздар» қатары «былық-сылық»-қа көз жұмып, теріс қарамаймыз. «Көтін ашылды» деп күлсең өзің білесің. Ауыз әдебиетімен көп-қабатты үйді тұрғызып, CNC станоктарды программалап, автомобиль диагностикасын іске асырып көр. Ондай Қонажасыр салған үй, басқарған станок, жөнделген автомобильді көріп жүрміз.
Ottegin
Мәселе олардың білмегенінде, я білгісі келмегенінде емес, мәселе сенің мына жерге келіп оларды жамандағаныңда. Білетініңді бәріне көрсетіп дандайсығаныңда. Жастар-жастар, олар өз уақытына сай қателіктерге ұрынады, басымен жарскпей олар адам болмайды. Мен де студенттерге сабақ беремін, мен де налитын, оларға ренжитін кезім болады, бірақ, мен ешқашан өз студенттерімді, иә басқа жастарды жамандаудан аулақпын, ұстаз болсаң, олардың жақсы жақтарын көре біл.
bake
Мақтанып айтатын кезім де болады "әне ана жерде жұмыс істеп" жүр немесе оқуын бітіріп кеткенер кездесіп «сөздеріңіз әйтеуір жетті» ғой, «жұмыста былай-алай болды» дегендері бар. Өкініштісі «техника қауіпсіздігін сақтамай» өмірімен қоштасқаны бар. Қайғылы жайттың орын алмағаны… Бірақ орын алды. Мүмкін. Бәрі мүмкін. Негізгі топикте, ирониямен
-Болмаса қалайша сенсіз, сенсіз күн көрермін,-деп ойша әрқайсын есіме алдым. Табысымды қалайша табармын.
Бұл дүниеде бәрі бір-бірімен байланысқан. Осылайша бір-бірімізге байлап, бір себеп тапқызып бір-бірімізге қаратқан дүние-ай!
ирониямен ойымды аяқтап отырмын. Алдыңа келген студентті таңдамайсың. Ұнатсаңда, ұнатпасаңда қабылдайсың. Топикте жазылған үрдіс бар, оны жұмсартып «пәлсафа» дедім, сол үрдіске ашынып жазып отырмын. Әлі қауһарым 20 жыл ұстаздыққа жеткізсе өткенде студент, қазір ата-ана. Соның баласын оқытатын шығармын? Солай болашақ жасалады. Менің бір студентім болдың ғой ))
-Мен Абайды жек көремін.
-Неге сен Абайды жек көресің?, -деп сұрадым.
-Бізді (қазақтарды) надан деп айтқан, бізді солай айтса қалайша біз жақсы боламыз, -депті. Әйтеуір кейін Абайды оқып оның пәлсафасымен жақын таныса жатар. Мүмкін Абайға деген көзқарасын өзгертер. Пікіріңдегі «жайыңа отырып, тышатын жеріңді қысып ұста» деген соңғы сөйлемді текке алып тастапсың. Онсыз ой аяқталама бізде? Көп жазып жібердім. Ойымды аяқтайын. Ұстаздық еңбегін жансын!