Қауын

Тілдің дәмін үйіретін қауын дегенде бәріміздің бір жұтынып қоятынымыз бар. Өзім ауылда өскеннен кейін, ауыл тіршілігінің әр мезгілде өзіндік қайталанбас ғажап сәттерінің талай куәсы болдым. Қазір аздап, ауыл өмірінен қол үзгенмен, арасында мауқымды басып қайтуға асығып тұрамын. Жазда еңбек демалысын пайдаланып, қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған ағамның шаруасына аздап көмек қолын созып келген болатынмын. Күзге салып, сол еңбектің жемісін көріп, өзім куә болған біраз көріністерге суретке түсіріп әкеп едім. Блог жазбағалы біраз болып еді, сондықтан көп әрпім аз болғалы тұр ))
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Негізі күләбі қауыны домалақ пішіндес болып табылады. Мына жерде мырзашөл деген атпен белгілі болған (метровка) қауынмен будандасып сопақ болыпты.
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Мынау палектен жұлынғаны
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Қауынның да зиянкестері көп. Жазымен арамшөбін тазалаумен ауре болсаң, енді жемісін береді ау деген шақта, палектің арасына сұңғыла деген гүлді шөп шығып, дихандардың мазасын алып бітеді.
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Қауынның барлығы бірдей тиісті жемісін бере бермейді. Арасында жарылып, сызат түсіп, жеуге жарамсыз, түйнеген орнында іріп кететіндері бар.
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Жұлынған қауындарды даққа жүк көлігіне артасың.
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Блог - Arys_arlany: Қауын
Ауылда кез келген қауын егілген жер телімдерін қарауылсыз елестете алмайсың. :)
Блог - Arys_arlany: Қауын
Көп әріптің қысқасы, оңтүстіктің бір қиырында піскен қауын, мына каропкаларға тиеліп, арысы Мәскеу асады.
Блог - Arys_arlany: Қауын
Бөлісу:

13 пікір

ken
Домалақ қауын
Arys_arlany
Гуляби деп аталады бұл қауын. Ия пішіні домалақ. Қысқа сақтауға да өте ыңғайлы. Ұзақ жолдарға каропкасыз шыдас береді. Дәмі енді тіліңді ойып жібереді. Суды неғұрлым аз берсең соғұрлым шырынырақ болады!
araika
Керемет қой! 10 жылдай болған шығар қауынды пәлегімен бірге көрмегелі, сен қандай бақыттысың!)
Arys_arlany
Менікі көргенімнің шет жағасы ғана. Жалпы мүмкіндік пен уақыт құрғыр сәйкес келіп жатса, ауыл өмірінен алып көрсетер қызықтар көп ақ. Бір ғана мысал, менің сыныптас досым 17 ит асырап отыр. 17-нің аты 17 түрлі. Оларға күнделікті екі қазан быламық қайнатып береді екен. Соған барып қайтуға мүмкіндік болмай қала береді.
Ottegin
Постққа тіркелген суреттердің тақырыпты ақ түйенің жарылған қарнындай ақтарып тастайтыны болады, сонда: "әй, қасқа, бір жарыпсың!",-деп мәз боламыз. Тер төгіп, еңбектеніп, соның бір зейнетін көру, жұртқа көрсету дұрыс, әрине. Мен әлгі сәбет кезеңіндегі орақ науқанынан репортаж талап етіп отырғаным жоқ, дегенмен, суреттерің сәл қиыс кеткендей…
Бір қауын, түрегеп тұрған қауын, жатқан қауын, екі қауын, қауындардың топтық портреті, шөпке жасырынған қауын суреттері ададмды бажытып жіберетін сияқты. Анау линчталған сорлы қарғаның мәйітін ұстаған пугалоның ғана суреті постыңа әр бергендей :-)
Arys_arlany
жалпы табиғилықты жақсы көремін. өзім кәсіпқой фото түсіруші немесе фотошоппер емеспін. жай ғана күздің бір күндік көрінісін көрсеткім келді.
VKM
қауынға тойдық:)))
Arys_arlany
Шымкентке тамыз-қыркүйекте келіңіз, қауынға тоясыз))))) тоист дәм таттырамыз)))
Adiletshu
Бей берекет суреттерді сала беріпсің. Алдымен сұрыптап ал. Ішінде бірдей суреттер, ұқсас суреттер көп. Сосын суреттің көлемін кішірейт. Сенің постыңды ашамын деп интернетім көті қиналып қалды.
Arys_arlany
интернетің интернетің емес екен онда )))))))))))))))))
Ispek92
Өткен жылғы постыңдағыдай қауынның үстіне шығып алмапсың))
Arys_arlany
былтыр пиар жетіспей жүр еді))