Мәні

Қазақ даласында әлі де сыры ашылмаған мекендер, есткерткіш жазбалар көп. Соның бірі Ырғыз жағасындағы елді мекендердегі балбал тастар, сонау ертеден қалған қорымдар, бүгінге дейін қай тілде жазылғаны белгісіз, сыры ашылмаған тасқа қашалған жазу, таңбалар.
Ертеден ел аузында жүрген аңыз Ырғыз өзенін, кезінде арнасына сыймаған дария болған деседі. Сол дарияның жағасын мекен еткен қазақ ауылын бір күні қалмақтар шауып, қыз-келіншектерін күңдікке әкетеді. Солардың арасында бір жүкті әйелде бар екен.
Ол әйел қалмақтың батырын сұлулығымен таңқалдырса керек, жүктілігіне қарамай өзіне тоқал етеді. Айы-күні жеткенде қыз босанады, бірақ қалмақ батыры ұл тумағанына қуанып, қыздан қауіп күтпей, сәбиді өлтірмейді.
Қызда бойжетеді. Анасы қалайда қазақ жігітіне қосуды ойлап, қазақ тұтқындарды жасырын бақылап, қызына лайғын таңдай жүреді. Бір күні көзі мұрты енді тебіндеп келе жатқан жас қазақ жігітіне түсіп, түнделетіп келіп, қос ат пен қызын ерте келіп, жігітке аманат етіп, батасын беріп, қазақ даласына бағыттап, қашырып жібереді.
Қыз бен жігіт жол бойы тіл қатыспаса да бір бірін іштей ұнатып қалады. Түнімен, күнімен тұлпарларының шабысын тоқтатпастан қалмақ қуғыншыларын жолда адастырып кетеді.
Бір дарияның жағасына келгенде қыз бен жігіт тынығап, суға шомылып алуды жөн көреді. Сөйтіп суға шомылғалы жатқан қызды ордалы жылан шағып өлтіреді. Жігіт оны шың басына жерлеп, үстіне қаластырып тас үйеді.
Бүгінде ол жерді «Мәні шыңы» немес «Мәні қыз тауы» деп атайды, Алайда ол жерде қорымдар, құлпытастар көп. Ордалы жылан да кездеседі, тау етегі, төбесіне дейін толған ұлу қабыршақтары. Тастарға қашалған таңбалар, жазулардың мәні әлі зерттелмеген, белгісіз, құпия күйінде жатыр. Блог - aizat: Мәні
Бөлісу:

18 пікір

Marco
Ой, пәлі, өзің Ырғыздансың ба?
aizat
Иә, Ырғызданмын!
Marco
Ей, айналайын, блог жазған ауылдың баласын көріп, көңілім елжіреп кетті ғой.
aizat
Демек ауылдас екенбіз ғой.
ken
Балбал тастардың, тасқа қашалған таңбалар, суреттер, жазулар, белгілердің фотоларын осында орналастырсаң, мүмкін болса.
aizat
Ана тұрған сурет те сол жердікі. Дәл қазір қолымда жоқ, бірақ қалайда алдырып саламын.
aizat
Мында суреттерді салайын десем (алдырған болатынмын) "қате, көлемін тексеріңіз" дейді. ((
Marco
Фотошоппен салмағын, көлемін азайтып алсайшы. Компыңда жоқ болса онлайн фотоштарды көр. editor.0lik.ru/ fotofab.ru/photoshop/express мына екі сайт түсінікті болатын шығар
aizat
Міне, қазір басқаларында саламын.
araika
Сонда мәні деген не сөз?
aizat
Қыздың аты аңызда нақты айтылмайды. Халық өзі «Мәні шыңы», «Мәні қыз», «Мәні әулие» деп атап кеткен. Бір жағынан бұл шыңның тарихы осы аңыздың мәнінде жатыр дегенге де саяды.
nurbergen_makym
Айзат, бұл бағытта аз-мұз қызығушылығым болғаннан кейін, постыңа бей-жай қарай алмадым. Бей-жай қарай алмауымның басты себебі — кішігірім ескертпелерім барлығында. Әлбетте, егер сенің айтып отырғаның Шеңбертал маңындағы «Мән әулие» аталып кеткен тау мен оның басындағы ескерткіштер туралы болса…

1. Сен айтып отырған «Мән әулие» басындағы қорым — Арал-Каспий ескерткіштер тобына жатады. Ал, олар аз-зерттелген жоқ. Сондықтан да, «сыры ашылмаған тасқа қашалған жазу, таңбалар» дегенің әсте дұрыс болмас. Қазақстанның Батыс аймағындағы діни-жерлеу сәулеті — көбіне-көп өте ұқсас. Мысалы, алысқа бармай-ақ, Атырау облысының көршілес жатқан Қызылқоға ауданынын алайық: «Мән әулие» басындағыдай сағантам мен құлпытастар «Түкті ата», «Алып ана» қорымдарында жетіп артылады. Ал, Үстірке қарай, мұндай белгілерді әр қорымнан көруге болады. Егер, не жазылғаны, шынымен, қызық болса, осы бағыттағы ғылым әдебиеттерден ізденуіңе тура келеді. Егер, таба алсаң, Бекназаровтың «Отчет о работе архитектурно-искусствоведческой экспедиции 1995 г. на территории Актюбинской области» деген еңбегін оқып шығуға кеңес беремін. Ал, әрі қарай тереңдетем десең, Арал-Каспий ескерткіштер тобын бүге-шүгесіне дейін зерттеген Серік Әжіғалидың «Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана» еңбегін оқып шық.

2. Таудың атауына келер болсақ. Бұл — ілгеріде айтқан еңбектерде кездеспейді. Сол себепті, бөлек тоқталуға тура келіп тұр. Жалпы, «Мән» сөзі Қазақстан топонимикасында кең таралған деуге болады. Тағы да, сол Қызылқоға ауданын алайық, мысалға: онда, Тайсойған құмдарында «Мән» деген қалашық болған. Және оны бір кезі Асан Қайғы салғызғаны туралы аңыз бар. Ал, сол «Асан Қайғы», «Асан атаның» тағы бір аты «Мән ата» деген деректер кездеседі. Одан бөлек те, Қазақстанда мен білмейтін осындай атаулар жетерлік деп ойлаймын :). Компаративистика (салыстырмалы тарихи тілтану) іліміне салсақ, «Манкент», сол маңдағы «Мансары», тіпті, өзіміздің «Маңғыстауды» да «Мән әулиемен» байланыстыруға бір-екі тұжырым табуға болады. Егер, бұған қызықсаң, Әмірхан Балқыбектің "Қазығұрт, топан су және жебірей «Тәураты»" мақаласын оқып шығуыңа болады. Ол — «Ман» сөзінің түп-тамырын сонау замандардан таратып, оған сакралды-мистикалық мән береді. Егер, онысы рас болса, таудың «Мән әулие» атануында қисынды дәлел табуға болар еді.

3. Алайда, Айзат. Бұл, әсте, қызығатын сала емес. Ұшы-қиыры жоқ ақпаратты меңгеру үшін ұшан-теңіз уақытыңды сарп етуге тура келетінің былай тұрсын, оның өмірде реалный пайдасын көре алмайсың. Мен сияқты, осы тектес бір пост көргенде қуана кетіп, коммент қалдыру үшін болмаса, бұл салаға көп жоламағаның абзал :)
aizat
Кеңес, ой-пікірңізге рахмет. Сіз ол жерді өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Біз барғанда ол жерді "әлі сыры ашылмаған, жазулары оқылмаған, мемлекет қорғауына өтпеген тарихи мекен" деп таныстырған болатын.
«Халық айтса қалып айтпайды». Бұл қорымның аңыз желісімен бір байланысы болуы мүмкін ғой. Мені қызықтырғаны сол. Расымен ондағы таңба, жазулар әлі оқылмаған. Сонымен тастан қаластырылып салған қорымдарды кезінде біреу әдейі қадағалап жасатқан, сол жерде соғыстан әскер қырылып солардың моласы болуы мүмкін деген де деректер бар. Әр деректі шала берсек, басы бар аяғы жоқ. Түйінін айтқан ешкім жоқ. Сондықтан «сыры ашылмаған» деп жаздым. Сосын Асан қайғыны «Мән ата» дегенді естімеппін. Тағы, Қызылқоғамен Ырғыздағы қорымдардың бір біріне еш қатысы жоқ, ойымызша. Сіз айтқан еңбектерді қарап шығамын. Ұшан теңіз уақытты сарп етсем де туған жердің әр тасының қасиетін біліп жүру мен үшін парыз.
nurbergen_makym
Marco
Максимализм ұрып тұр енді, қайран жастық