Біздің заманымыздың қайраткері
Нано технологиялар мен ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған қазіргі тұста жұртты таң қалдыру аса қиын болмай қалды. Ай сайын «бірдеңені бірдеңеге айналдырып жіберетін» құрылғылар, айла-тәсілдер шығып жатыр. Десек те, соңғы бес- алты жылда күллі жұртты өз қабілетімен таңдай қақтырған кейіпкер ол — Илон Маск.
Голливудтық «Темір адам» фэнтезиінің бас прототипі, ғарышқа ұшуды барынша арзандатқысы келген арманшыл жігіт, электрмобильдерді жалпақ елге қолжетімді қылған, өз салаларында үлкен жетістіктерге жеткен ірі үш компанияның негізін қалаған атақты және қарапайым — Илон Маск.
Алғашқы еңбекақысын бағдарлама сатып тапқан 12 жасар Илонның бойында кәсіпкерлік қабілет анық байқалады. Ер жетіп, мектеп бітірген соң АҚШ-тағы Пенсильвания универсиетіне түсіп, физика мен бизнесті меңгереді.
Қазіргі электронды сауданың пионері болып саналатын PayPal компаниясын 2000 жылы сатып, одан түскен қаржының бір бөлігіне SpaceX ғарыш компаниясының негізін қалайды. SpaceX компаниясы қазіргі таңда табысты жоба болып тұр. Компанияның Falcon атты ракеталары ғарыш саласында біршама белестерді бағындырып үлгерді.
Келесі табысты жоба ол сөзсіз Тесла Моторс электрмобильдер жасап шығаратын ірі алпауыт болып табылады. Әлемдегі мұнайдың қоры ерете ма кеш па таусылатынын сезген ол, көп ұзамай электрмобильдерге назары ауады. 2003 жылдан бастау алатын компания бар жоғы он жылдың ішінде автомобиль әлемінде революция жасап үлгерді. Электромобильдерді жасап қана қоймай, олар тұтынатын энергия станцияларды АҚШ пен Еуропада молынан орнатып, оларды өмір бойы тегін пайдалну құқығын таратып тастады.
Қысқаша айтқанда АҚШ, Еуропа тұрғындары Тесла электромобилін сатып алса, мынадай жеңілдіктерге ие болады;
— өмір бойы энергия станцияларын тегін пайдалану;
— алған көлігіңіздің кепілдік уақыты 8 жыл болады, жүріп өткен километріңіз есепке алынбайды да, тек қана 8 жыл;
— көлігіңізді бөгде біреулер ұрлап айдап кеткенде ұрлықшыға бәрібір қосалқы бөлшек сатылмайды, себебі барлық қосалқы бөлшектерді клиент өз құжатымен алады.;
— бензиннен, жанармайдың басқа түрлерінен толық тәуелділік;
— көлігіңізге май құямын, майын ауыстырамын, коробкасын жөндетем деген мәселелерден арыласыз, себебі көлікте электрқондырғылар ауыстыруға да, жөндеуге де оңтайлы етіп жасалған.
Төмендегі суретте энергия станцияларының желісі АҚШ картасында бейнеленген, қара түспен болашақта пайда болатын станциялар.
Еуропадағы станциялар
Азиядағы станциялар
Ал мына суретте Азияда соңғы уақытта көбейген станциялар
Өздеріңіз көріп отырғандай бірте бірте нарықты жаулап келеді.
БАҚ құралдарына берген сұхбаттарының бірінде Илон, аталған көліктердің бюджеттік нұсқасы алдағы үш-төрт жылда шығып қалады деп сендірді.
Ия шынында, елімізде осы марканың көліктері көбейсе өте керемет болар деп ойлаймын. Себебі бензин бағасының тұрақсыздығынан шаршаған жүргізушілер қуана қабылдар еді бұл жаңалықты. Экология мәселесіне де оң әсерін тигізері сөзсіз.
Елімізде ең алғашқы болып Тесланы атақты кәсіпкер Кеңес Рақышев мінді.
Шымкентте бой көрсетіп қалған көліктердің бірі:
Бұл жігіттің есімі болашақта Стив Джобс, Билл Гейтстермен, т.б. қатар аталады деген нық сенімдемін.
P.S. Apple мен Samsung патенттерге қатысты жаға жыртысып жүргенде, Илон осы жылдың жазында Теслаға қатысты барлық патенттерін еркін пайдалануға жайып салды. Енді кез келген мекеме, жеке тұлға осы патенттерді өз қажетіне жарата алады. Илон Маск және оның компаниялары туралы мағлұматтармен қосымша танысқыңыз келсе мына сілтеме бойынша өтсеңіз болады.
2 пікір