1 миллионға бір бөлмелі пәтер алудың амалы

patick тәң постынан кейін туған пост.

Блог - FaraOn1: 1 миллионға бір бөлмелі пәтер алудың амалы

Бір лимонға бір бөлмелі пәтер ала аламыз ба? Әрине, мүмкін емес сияқты. Мен бір әдісін білемін. Бірақ қаншалықты реалды екенін айта алмаймын. Дегенмен айтып берейін, өздерің саралап көріңдер.

Сонымен, Петропавл нарығында бір бөлмелі пәтердің бағасы 7 000 000 тг шамасында. Крышаның ақпарына сенсек солай.

Қазком бізге ипотека беріп жатыр(Бірінші жолыққаным осы болды). Максимум 20 жыл, яғни 240 айға. Ставкасы 13 пайыз делік. Және 10 пайыз алғашқы жарнасы бар.

Енді есептейік, жалпы сомманы он пайызға шаққанда 700 000 тг шығады. Оны салып қойдық.
Қалған сомма — 6 300 000 тг. Оны 240 айға бөлеміз, сонда айына 26 250 шығады.

Мен банк қызметкері болмағасын, 13 пайыз ставкамен қанша переплата шығатынын білмеймін.

Алайда Патик айтқандай екі еседей қайтаратын болсақ, ай сайынғы төлемді 2-ге көбейте саламыз. Сонда шамамен 52 000 тг шығады(Оданда аз болуы мүмкін).

Басында 700 000 тг бір жұмсадық қой, енді үстіне 300 000 тг қосамыз(сонда миллион болат) да пәтерге евро ремонт жасап, жиғазбен толықтырамыз.

Енді ең бастысы, осы пәтерге бір отбасыны квартирант қып жібереміз. Пәтер ақысын ипотеканікімен бірдей қыламыз(пәтер центрда, әрі іші жайлы болса әбден заңды деп ойлаймын, а так бізде бір бөлмелі пәтерлер 35 мың маңайы).

Айта кететін жағдай, өз пәтеріңе өзің кіру үшін 20 жыл күту керек. Зато миллион(енді бір-екі жүз мыңға артық шығуы мүмкін) теңгеге ғана шығынданасың)))
ПыСы: Осындайды істеп жүрген адамдарды білемін. Өзімнің де ойымда болған, бірақ оған 20 жыл күтетін баспанамның жоқтығы кедергі. Ал Патик сияқты пәтері барларға осылай балаларына пәтер істеп алуына болады)))
Бөлісу:

7 пікір

FaraOn1
не айтасыңдар?
NurzhanKairatuly
Биздин жакта 1 болмели патерди 1500000 га каланын как ортасынан ешкандай несиесиз, квартиранттарсыз патер озиндики
VKM
сендерге бәрі оңай. Ал үй алу деген эпопея(
bizbike
Тұратын үйің болса, болады ғой. Бірақ ол жиырма жылда кім бар, кім жоқ дегендей. Сосын күтпеген жағдайлар орын алып қалуы мүмкін.
FaraOn1
бүгін істемесең ертең балаларың он жылдай пәтерге кезегін күтеді, оған дейін аренда төлеп тұрады, оны алса тағы 15 жыл ипотека толеу керек. Ал бастары істесе мұқтаж емес әрине)))