Әлеуметтік эксперимент: адамдардың садақа тастауына қай жағдайдың әсері мол?
Тәп-тәуір киініп алған адам алдыңыздан ақша сұрап шықса, бірінші түріне қарайсыз. Бет-аузы ісіп тұрса, әрине, арақ үшін садақа қимасыңыз анық. Солай ғой? Бәріңіз олай етпессіз, бәлкім. Мен «нанға», «жолға» ақша сұрайтын «пяншіктерді» айналып өтуге тырысамын.
Ал, тәуір киініп алып, қолына бағалы телефонын ұстаған адам ақша сұраса ше? Оның шынымен қиналып тұрғанына сенесіз. Жақсылық жасап кетуіңіз әбден ықтимал. Менде осылай «кенет қинала қалған» адамдарға аяушылық сезімі көбірек оянады.
Көшеде ән айтып, аспапта ойнап отыратын жандарға ешқашан ақша тастап көрмеппін. Рас, жанында отырып, біраз өнерін тамашалап аламын, «сау адам қайыр-садақа сұрамау керек» деп ойлайтын болармын. Сіз ше, тамашалаған өнерді садақамен бағалап кетесіз бе осы?
Ал, киерге киімі, ішерге асы болмай қалып, көшеде тіленіп отырған жандарға ше? Аяқ-қолы сау болса, мүлде назар аудармаймын дей алмаймын, өте сирек қайырымдылық жасаймын. көше жағалаған мүгедектердің еңбек етуге мүмкіндігі аздығын ескеріп, бес-он тиын садақамды қиып жататыным бар.
Демек, адамдардың қайырымдылық жасауына аяушылық сезімі, оның ішінде де тым қиын жағдайлар көбірек әсер ететін сияқты. Оған мына экспериментім дәлел бола алады.

Камера алдында сөйлеуге әбден төселіпсің айтпақшы )
өзім мүгедектерге береді екенмін көбіне садақаны…
Ал Эльвираның эксперименті жақсы шыққан, қорытындысы, сөз саптауы бәрі тамаша, тек айтқан әнін естігім келіп тұрғаны, мүмкін 500 ед лақтырып жіберермін
(Мұз салынған су құйған видео қайда?)