"Алтын" ине

Алтын ине салу тәсілдерін өзара салыстыру.

Оcылай екен...: Алтын ине
Елімізде тәуіпшілік пен сынықшылықтан басқа назар аударуға тұрарлық бейдәстүрлі қандай да бір ем түрі болса, ол — Шығыстың инемен емдеу тәсілі. Кейбір науқастарға дәстүрлі медицина алтын ине салдыруға арнайы нұсқау береді. Ал кейбір дәрігерлер оны өзіне қосымша кәсіп етіп алған.
Оcылай екен...: Алтын ине
Су-Джок акупунктурасымен 20 жыл айналысқан анам — Айман Нақыпова мен дәстүрлі Шығыс медицинасымен 40 жыл айналысқан Иманғали Әбдіхалықов — тап сондай адамдар. Біз ине салу түрлерінің барлығын бір сөзбен «алтын ине» дегенімізбен, олардың түпкі фәлсапасы ұқсас болғанымен, ішінара көзбен көріп, денемен сезуге болатын айырмашылықтары жетерлік. Мысал ретінде, жоғарыдағы құрметті екі маманның көмегімен инемен емдеудің Су-Джок және Корпоральдық деп аталатын екі тәсілін бетпе-бет қойып салыстырдым.

Оcылай екен...: Алтын ине

Алтын ине салу. Шығу тегі мен беделді өкілдері

Оcылай екен...: Алтын ине
Оcылай екен...: Алтын ине

Корпоральдық ине шаншу (әрі қарай — «КИШ» деп айтайық) Қытайдан тарады.
1930 жж. жоғалып бара жатқан ине шаншу техникаларының қайта жаңғыруына септігін тигізіп, бүгінгі нүктелер картасын алғаш батыс әлемге таратқан педиатр Чен Дань’ань (Cheng Dan’an) болатын. Сонау тас дәуірінен бастау алған көше тәсілдерін жүйелеген оның басты енгізген жаңалығы — ортағасырлық жуан инелерді жіңішкертіп, ине шаншу нүктелерін қан тамырларынан барынша алшақтатуы болды.

Ал Су-Джокты әлемге танытқан — Корея, дәлірегі, кореялық емші… жоқ, Хо Жун емес… Пак мырза.
Оcылай екен...: Алтын инеДәстүрлі емшілік пен ғылымның заманауи жетістіктерін ұштастыру арқылы профессор Пак Чже У рефлексотерапияның дамуына елеулі үлес қосты. Өткен ғасырдың соңында ғана пайда болғанына қарамастан, оның тән сауықтыру жүйесі қарапайымдығы мен қисынының арқасында әлемге тез тарады.

Оcылай екен...: Алтын ине

Басты айырмашылығы не? Алтын инені қай жеріңе салады? Нүктені қалай табады?

Корпоральдық инелер дененің кез келген жеріне салынады. Кейде тіпті көзге де.
Су-Джок ілімі бойынша, емші инені тек қол мен аяқтың басына ғана (мыс. алақан, табан, саусақ, бармақ) салады.

Оcылай екен...: Алтын ине

Оcылай екен...: Алтын ине
Бүгінде көбісі «алтын» ине салушыға дәрігер қойған диагнозбен келеді. Ал диагнозсыз келсе, Иманғали аға, тамыр ұстап, аурудың себебін лүпілінен анықтай алатынын айтады. Оның үстіне өзі де — кәдімгі дипломы бар дәрігер, демек, диагностиканың дәстүрлі түрлерін де қолданады. Қытай халық еміне сәйкес адамның бойында 12 жұп мүше болады. Осы 12 арнаның бойымен өтетін 300-ге жуық емдік нүкте бар. Әр қайсысының орны бөлек. Сәйкес нүктелерге ине салып, әлгі арналарды ашса, адамның бойындағы тепе-теңдік қалпына келеді-міс. Емнің мақсаты да — сол.

Оcылай екен...: Алтын ине
Су-Джок ілімінде (барынша қарапайым тілмен айтқанда) қолдың басы дененің кішігірім көшірмесі ретінде қарастырылады. Яғни, алақанымыз бен табанымыздағы, саусақтарымыз бен бармақтарымыздағы нүктелер дене мүшелеріміздің орналасуына белгілі бір деңгейде пропорционал келеді. Айталық, бас бармақтың екі фалангасы адамның басы мен мойнын бейнелейді, сұқ саусақ пен шынашақ — оң және сол қолымыздың шағын бейнесі, ал ортаңғы саусақ пен «балан үйрек», сәйкесінше, оң және сол аяғымыздың кіші нұсқасы. Алақанның өз еншісіне құрсақ пен кеуде тұсы түседі. Осылайша, біздің қол-аяғымыздың бастарында бүкіл ағзамыздың нүктелерін табуға болады. Былайша айтқанда, алыстан басқару тетігі сияқты механизм.

Оcылай екен...: Алтын ине«Су-Джокта, — дейді терапевт Айман Нақыпова, — ине салу жүйелері бірнешеу. Соның ең түсінуге оңайы — сәйкестік жүйесі. Мысалы, біреу „бауырым ауырады“ деп келеді. Сол үшін, ұшы сүйірлеу, бірақ теріні тесетіндей үшкір емес аспаппен, алақан мен табандағы бауыр аймағын батыра түрткілеп, қатты ауыратын нүктелерді анықтап алады да, сол жерге ине салады. Бұл айла емшіге аз ине қолданып, қажетті нүктеге дәл түсуге мүмкіндік береді».

Екі маманның әдістерінің айырмашылығын іс-жүзінде сезіп көру үшін уақытша симулянт болуға тура келді. Көрнекілік үшін мен «бет бұлшық етінің семуі» деген жалған диагнозды таңдадым. Бұл жағдайда корпоральдық ине әдісіне сәйкес, ине тікелей бетімнің бұлшық еттеріне салынады. Ал Су-Джок тәсіліне сәйкес бетімнің аймағы бас бармағым мен бақайымның басынан табылады.
Оcылай екен...: Алтын ине

Алтын ине салу әдісі: немен, қалай?


Қытай инесін қолмен, кейде қос қолдап, сағат тілі бойымен бұрап (бір қолмен бағыттап, бір қолмен бұрап) енгізеді. Суыратын кезде, керісінше, сағат тіліне қарсы бұрап суырады. «Кей жағдайда, — дейді Иманғали көке, — инемен пістелеу әдісі де қолданылады. Онда бұрамайсың. Тек, ауыру нүктесіне бірнеше рет жылдам-жылдам тығып-суырып, тығып-суырып аласың».
Алайда, Имақаң ондай әдісті нәтижесіздігі үшін ұнатпайды екен.

Су-Джок емшісі инені бағыттауыш аспаппен, тік бағытта енгізеді (шприц тәріздес). Суыратын кезде қолмен суырады.
Оcылай екен...: Алтын ине
Оcылай екен...: Алтын ине

Алтын ине салғанда ауыртады ма?

Оcылай екен...: Алтын ине
Ауырсыну әсері әркімге әртүрлі сезіледі.
Дегенмен, Су-Джок инеcі қолыңызға кіргенде неғұрлым қатты ауырса, соғұрлым емші нүктеңізге дәл түскені. Иненің кіргені мүлде сезілмесе, ине нүктеге түспеген боп есептеледі. Су-Джок емшісі Айман Нақыпова нүктеме дәл түсті ме, әлде мамам болған соң еркеледім бе, — кейде «Ибай-ибай» деген жарқын-жарқын дауысым шығып қап жатты. Дауыс шығармағанның өзінде, ауырсынудан маңдайдан мұздай тер бұрқ ете қалатын кездер болды.
Егер масаның шаққанын «1», ал саусағыңа байқамай балға соғып алуды орташа «5» деп алсақ, нүктесіне дәл түскен иненің ауырсынуын «4»- ке бағалауға болады. Су-Джокта ине көзді ашып жұмғанша теріңізге «кірт» ете қалады.

Корпоральдық ине Су-Джок сияқты қатты ауыртпады. Бірақ, енгізу ұзақтығына қарай, кейде жағымсыз, жайсыздық тудырады. Диагностика және ем барысы салынған иненің ауыртқан-ауыртпағанына байланысты емес. Бұрап тығу кезіндегі сыздауды, жоғарыдағы шкалам бойынша 2 балға бағаладым. КИШ сеансында инені бұрап кіргізгенше, көзіңізді бірнеше рет ашып-жұмасыз. «Тіз-з-ір-р-рк» етіп, тызылдатып, сыздатып баяу кіріп жатады.
Оcылай екен...: Алтын ине

Алтын инелерді неден жасайды? Олардың көлемі мен теріге ену тереңдіктері қандай?

Оcылай екен...: Алтын ине
Су-Джок инелерінің ұзындығы стандартты 2 см. Ине теріге орта есеппен 2 мм-ге ғана бойлайды. Тот баспайтын болаттан жасалады.

КИШ инелері әр науқас түрлеріне әр түрлі: кішісі 3-4 см, үлкені 12-13 см-ге дейін барады. Маған салғаны — шамамен 8-9 см. Денеге кем дегенде 3-5мм-ге, кейде 1см не оданда терең кіреді. Ұзақ кіруі де содан. Оларды ежелде қырыққұлақтан жасаған, кейін тастан, одан соң алтыннан (Капитан Көрінеу көздің пікірінше, «алтын ине» атауы осы кезде қалыптасқан), сондай-ақ оны күмістен де жасаған. Бұ заманда инелердің басым бөлігі тот баспайтын болаттан жасалады.
Оcылай екен...: Алтын ине

Салған алтын инені қанша уақыт ұстайды?

Оcылай екен...: Алтын ине
Су-Джок — салынған инелерді 20-40 минут арасында ұстайды. Орта есеппен 20 ине салады. Бірақ, кейде 50-60 ине салынуы мүмкін.

КИШ — салынған инелерді аурудың сипатына қарай жеңіліне 5-12 минут (мыс. жүйке талшықтарына жан бітіру), 20 минут — орташасына және ең ұзағы 1 сағат (мысалы: 12-13 см сояудай ұзындарын салғанда) бойы шаншылған күйі ұстайды. Орта есеппен 11-12 ине салады.
Оcылай екен...: Алтын ине

Алтын инеге тыйымдар, шектеулер бар ма?

Оcылай екен...: Алтын ине
Расында да, алтын ине қолдануға болатын жағдайлардан бұрын, оны қолдануға болмайтын жағдайларды сөз еткен жөн болар. Айталық, Су-Джок әдісі бойынша ес-түссіз жатқан адамға, әбден әлсіреген организмге ине салуға болмайды. Бұл тыйымдар тізіміне алақаны мен табанын терісі ине салуға жер қалдырмайтындай зақымданған науқастар да кіреді.

Корпоральдық тәсіл, өз кезегінде, ісіктің барлық түрлеріне (онкология), себебі анықталмаған дене қызуына және өте арық адамдарға (байғұстың ине шаншар жері де болмайтын шығар :)) қатаң шектеу қояды. Сондай-ақ, ине қабылдап жүрген адам, ем уақытында алкогольды сусындардан бас тартқаны және ыстық моншаға, буға кірмегені абзал.
Оcылай екен...: Алтын ине

Алтын ине салу курсының ұзақтығы

Су-Джокта — 7-12 күн, корпоральдық ине шаншуда — 10 күн.
Екеуіне де кейбір ауруларды емдеуге кейде бір сеанстың өзі жеткілікті болып жатады. Науқастар жиі алғашқы сеанстан соң оң өзгерісті сезе бастайды. Ал созылмалы, бойыңды меңдеп, өтіп кеткен сырқаттарға немесе остеохондроз сияқты ұзақ емделетін ауруларға қай түрімен емделсеңіз де, бірнеше курс қажет.
Оcылай екен...: Алтын ине
Оcылай екен...: Алтын инеҚолданылған әдебиет
Қосалқы ресурстар: smile-academy.ru/, www.acupuncturexperts.com/ Оcылай екен...: Алтын ине

Аталған тәсілдерден бөлек жапон акупунктурасы және аурикулотерапия (бүкіл ағзаның нүктелері құлақ қалқанында) ж.т.б. түрлері бар. Иманғали атаның айтуынша, олар аса танымал емес. Иә, ауру түрі көп болған соң, оларды емдеу тәсілдерінің де көп болуы заңды. Ал ем таңдаудың негізгі критерийі — жазылып шыққан адамдар саны. Алайда, бейдәстүрлі емшілер бәріне ортақ тіркеу мен статистикалық есеп жүргізбейді, сондықтан «мына жүйе ана жүйеден артық» деп дөп басып айтуға ғылыми негіз беретін нақты клиникалық деректер жеткіліксіз. Өйткені, дәстүрлі медицина шығыс медицинасының жетістіктерін әлі де «плацебо» әсерімен түсіндіруге тырысады. Қай тәсілді таңдау, әрине, еркі өзіңізде, тек оның тиімділігі түптеп келгенде маманның біліктілігіне байланысты екенін ескеру керек. Әйтпесе, мына видеоүзіндідегі жағдайға ұрынуыңыз мүмкін. :) (UPD.09.08.2014)
Бөлісу:

44 пікір

patick
Өте құнды материал. Танымдық газеттер, уішівөліңдер
asaubota
постманьяк епті

бүгінгі қуаныштарың құтты болсын!
Marco
Осы сенің постарыңа шләпі киіп келіп оқуды қойдым.
sammita
«тағы немен таң қалдырар» деп күтіп жүр ем, мықты
Мамам нүктеме дәл түсті ме
осы жері түсініксіздеу: маған? маман?
Gastarbaiter
Мамам ғой
Су-Джок Акупунктурамен 20 жыл айналысқан анам, — Айман Нақыпова
MamaAya
))) мен «т»қылмаған төбе қалмаған екен ғой өзі...
Грудной остеохондроз дегенді былтыр емдеткем. Сонда арқамның омыртқа тұсын сипап ұстап көрген врачым құлағымның тұсына және білегіме ине қойған. Қызығы, оны 5 күн бойы сол қойған орнына лейкопластырьмен кішкене аса байқалмайтындай етіп қыстырып қояды екен, біраз күннен кейін қайта ауыстырды. 3-4 рет солай.Ол бір ауырып та тұрмайды, тек үстін басқанда батыңқырайды. Алғанында қарасам иненің ұшы үшкір емес, тупойлау екен, ұзын да емес, кнопканың өте кішкентай түрі сияқты ма? Ол Иненің әсері мееее, мүмкін қомсымша алынған қаншама емдер мен массаждардың әсері ме әзірге қайтып арқам ауырмай қалды. (басқа нәрсе жазып кеттім бе қайдам?!)
Ал, ана Апай өткен блогтан таныс, Ыстық көрінді)))
Соңғы түзету:
ademi_alem
Қарапайым тілмен жақсы жеткізген екенсіз. Ине салғаннан кейін өз бойыңызда өзгеріс сездіңіз бе?
Соңғы түзету:
Gastarbaiter
Бәлкім, бетімнің бұлшық еттері шынымен семіп кеткен болса, дейінгі және кейінгі жағдайыма қарап, динамикасына баға бере алар ма едім.
ken
Мен бұрын көзімді Тұрсынбек Қабатов секілді қоймай қаға беретінмін. Қаспен бірге кейде құлағым да қимылдап кететін. Осындай ине шаншуды он күн қабылдадым. Бесінші күні-ақ әлгі әдет жоқ болып кетті.
Емші Қытайдан келген оралман болатын.
Gastarbaiter
Оқырмандар, жылы лебіздеріңізге рахмет, төмендегі сұраққа уақыт тауып жауап бересіз бе? Жазбаға берген кері байланыстарыңыз болсын.

1) Аурудың бір түріне екі тәсілдің қалай жауап беретінін салыстыру үшін эмпирикалық /тәжірибе жасау арқылы/ тәсіл қолдануымнан «батырлық» көргендерің бар ма?

2) Өз суретімді қолдануым орынсыз деп ойламайсыз ба? Бәлкім, ерікті бір науқасты көндіруім керек пе еді?

3) Әр жазбада әлденеге ынталандыру, мотивация болғанын қалайсыз ба?

Мен өзім «Тамаққа тапсырыс беру» бір бөлек, «денсаулығыңды біреуге тапсыру» екі бөлек деген ойдамын. Адам емшіге ерігіп келмейді, оның үстіне, «алтын» инемен емдеу десе бітті, оны бөгдеплатентадан келген құдіретті щипа деп ойлайтындар көп. Оларға, бұл салада да біліксіз мамандардың барын ескертудің өмірлік маңызы болуы мүмкін бе, әлде ол алған пикселін ақтамайтын ескерту ме?
Соңғы түзету:
ademi_alem
1. Жеке өз басым батылдыққа баладым. Инеден қарадай қорқатын болғандықтан, мұндай әрекетке тәуекел ете білу үлкен батылдықты қажет етеді мен үшін. Қол, аяқ, әсіресе құлақ тұсына қадалған инелерді көргенде денем тітіркеніп, бетім мен иегім бөртіп кетті.
2. Бұл сұраққа жауап беру үшін өзіме «Асқар ағаның орнында мен болсам қалай етер едім?» деген сұрақ қойдым. Егер өмірге қауіп төндірмесе мұндай тәжірибені өз басыңнан өткізу өте дұрыс шешім сияқты. Себебі алған әсерді оқырманға өзің сезіну арқылы жеткізу жеңілірек қой, біреуге жасатып оның алған әсерін сезініп жазу екі жұмыс сияқты. ))))
3. Әрине
Оларға, бұл салада да біліксіз мамандардың барын ескертудің өмірлік маңызы болуы мүмкін бе,
Кез келген салада білікті де, біліксіз де мамандар бар, сол себепті білікті маман екендігіне көз жеткізбейінше жөнсіз тәуекел ете беруге болмайды, әсіресе денсаулыққа қатысты болса.
Gastarbaiter
Қазір әйгілі ем тәсілдерінің атын жамылып, денсаулыққа қауіпті процедуралар жасайтын алаяқтар бар.
Тәсілдің таңғажайыптығына «сынған» науқас, лас ине қолданатын салақ емші кесірірен, залалы қанға шауып, науқас сепсистен сеспей қатуы да ғажап емес. Сондықтан, тәсілдің мінсіздігі, маманның мықтылығын білдірмейтінін еске салып отыру түптің түбінде өзін ақтайтын сияқты.
Соңғы түзету:
bizbike
Лас ине? Пайдаланған инеледрді лақтырмайды ма не? Әр процедураға стерильный инелер салынбайды ма қаптамадан жаңа алынған?
Gastarbaiter
Профилер солай жасайды. Жасауға тиіс. Бірақ онысына немқұрайлы мәмбеттердің болуы ғажап емес.
ken
Менікінде былай болды. Оншақты стерильный инені көз алдымда ашты. Қолданып болған соң спиртке салып, қақпағын бекітті де өзіме берді. Үйге алып кетіп, күніге өзіммен бірге алып келіп жүрдім. Он күндік сеансым біткен соң инелер менде қалды. Лақтырып тастадым ғой деймін.
sammita
аллергия деген бәледен құтылуға, тым болмаса жеңілдетуге иненің әсері қалай болар екен? көп жағдайда дәрі ішуге противопоказания болып жатады (бала емізетіндер, жүкті әйелдер, жас балалар т.б.).
Инемен емдеуге қарсы көрсетілімі болмаса барар едім, тап қазір. Мың ине салса да)))
Сезонная аллергияға тап болдым, 2 жыл болды((((( Қазір тым көбейіп кетіпті, аллерголог маман табу қиын, тапсаң апталап кезек күтесің… толық айығу жолы жоқ, уақытша жеңілдететін дәрісі ғана…
MamaAya
оны тек циклмен анализ тапсырып схемамен дозасын көбейтіп укол алып жүріп уақытша емдейсің екен. Менде де бар проблема((( Инемен емделетінін естімеппін, шынында да сұрастырып көретін екен. Мен көрмеген ем Сүлікпен емделу ғана ғой деймін, ол туралы да біреу тәжибе жасап жіберсе ия?)
sammita
анализ қар түскеннен кейін тапсырылады екен, сол укол алу да маған болмайтын жағдайдамын ғой)
MamaAya
ааа емізулісің ғой демек, онда тек күтесің… Жәман нәрсе өте.
qonyrbai
Абзацтарды бөліп тұрған нәрсе сурет па?
Ispek92
Мортал Комбат ойнап па едің?)))
qonyrbai
Иә, html арқылы салынған сызық па деп қалдым.
Gastarbaiter
Иә.
qonyrbai
☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯☯
asaubota
ауыру шкаласын әдемі жеткізіпсің. соны оқып, сезініп көрдім де нуинақ дедім инеге
MamaAya
Біреулердің бір жерлері тар тар айрылып жыртылып күліп жатқаны-ай))) сатанекең жүрген жер сол ғой енді)
MamaAya

сатыпалды сатанеке
ken
Мынау Исполнитель желаний емес пе?
PatriotKZ
мынауың щайтан емес порно кинодағы біреу сияқты ғой
Daniar-Alan
әйтеуір кейде «Ибай-ибай» деген жарқын-жарқын дауысым шығып жатты.
zholantai
талай туысқанымды емдеген «алтын инеге» алғысым зор

айтпақшы, медицинада тек мықты мамандар ғана қалдырылып, қалғандары кетірілу керек,
KILYZAMAN
Керемет мәлімет. Ұғынықтылығына келсек, баға жетпейді. Рахмет Асеке! Сұрақ: инсульт алған адамдарға пайдасы болар ма екен иненің?
AknietTanirbergenkyzy
Басынан аяғына дейін оқып шықтым. Негізі мен де алтын ине аламын ба деп жүр едім, сіздің жазбаңыздан біраз мәлімет алдым, рахмет. Тамаша ізденгеніңіз көрініп-ақ тұр!!!))
Ispek92
Басынан аяғына дейін оқып шықтым.

Ортасынан бастап оқыды ма деп қалдыҚ