Мәлім жанның беймәлім қырлары

Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары
Бұл жолы көпке таныс «блогер Маралбек», "әнші Маралбек", «журналист Маралбек» клавиатураға ілінбейді.

Маралбек – бала


1984 жылы 17 наурызда Ақтөбе облысы, Ырғыз селосында дүниеге келген Маралбек туылғаннан-ақ өте жуас, тыныш бала болды. Үйдің бесіншісі, яғни кенжесі болса да, еркеліктің жетегінде кетпей, өте сабырлы бала болғаны – таң қалдырарлық-ақ құбылыс.

Өзі қатарлы балаларды, у-шуды іздемейтін, үнемі өзімен-өзі ойнап отыра беретін. «Тойған қозыдай» деген тіркес бала Маралбек үшін айтылғандай. Үнемі бір бөлмеге кіріп алады дағы, жастықты ат қып мініп, ары-бері «шапқылайды» келіп, «шапқылайды» келіп. Сондағысы батыр боп, жауды жайратып ойнайды.

Әлде ізін жуып-шайып жүре ме, әлде шынымен де тым тәртіпті ме, әйтеуір үйіндегілер «Маралбек пәленшемен төбелесіпті, сыртта бірдеңе бүлдіріпті» дегенді есіткен емес.

Туғандары еркелетіп әрқалай атайтын: әкесі Махарашвили десе, әпкесі Максимилиян деп шақыратын. «Мако, Маконай, Макстар» Маралбектің «туған есіміндей» боп кетті.
Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары

Әкесі Сапар, 70 жаста
Мен Маралбектің артынан мектепке барып, ата-аналар жиналысына қатысу үшін арыз-шағымдар алған емеспін. Кішкентайынан-ақ өлең шығара ма, оқи ма, шығармалардағы образдарды ойнай ма, әйтеуір шығармашылық әдеттері болды. Айқайлап бірдеңені айтып келе жатқанда мамасы шошып кететін.Ұлым әке алдындағы үмітін ақтады деп мақтанышпен айта аламын.




Маралбек – бауыр


Ата-анасы үнемі жұмыста, Маралбекті бауырлары өсірді десе де болады. Жалғыз ағасы мен екі әпкесі оқуға кетіп, көбіне үшінші әпкесі Гүлнәзираның қарауында қалатын. 6-ақ жас үлкен әпкесін кішкентай санап, тыңдамай кету, айтқанын істемей қою деген болған емес.

Бірақ, ол үй шаруасына көмектесуін сұраса, оқып отырған кітабын тастай алмай, «қазір, оқып болайынға» басатын. Кітапқұмар болғаны сонша, әпкесі «кітабын өртеп жіберем,» деп қорқытпайынша қозғалмайтын. Қалай болғанда да айтылған тапсырмалар орындалмай қалған кез болмапты.

Бауырмал. Туғандарына қолынан келгенше көмектескісі кеп тұрады. Бауырлары да Маралбек әр жетістікке жеткен сайын қуанып, тілеуін тілеп отырады.

Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары
Әпкесі Гүлнәзира, 36 жаста
Маралбекке әпке болып, «үйт-бүйт» деп көп айтқан емеспін. Бірақ, журналистика мамандығын таңдауда менің де үлесім болды-ау. Қазіргі жетістіктері үшін қатты қуанамын, риза боламын, сүйсінемін. Маралбек – жан-жақты, сауатты, ақылды, сабырлы, қамқоршы, бір сөзбен айтқанда, асыл азамат. Менің інім – менің мақтанышым.




Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары



Маралбек – күйеу

Маралбек өмірлік жары Самалды өзі қатысып жүрген дебаттан тапты. Екі жылдан аса уақытқа созылған достық 2005 жылы заңды некені тіркеумен аяқталды.

Бірге өмір сүріп келе жатқан 9 жылдан астам уақыттың ішінде Маралбек қайда барса да Самалды жанынан тастаған емес. Ол не Маралбектің, не Самалдың қызғаншақтығынан емес, екеуі барлық қызықты бірге көргісі келеді.

Анда-санда ыдыс-аяқтың болар-болмас сыңғыры естіліп жатса, Самалдың ашуы тез тарқайды. Ал, Маралбекті оңайлықпен ашуландыру мүмкін емес, ашулана қалса — «жібуі» тым қиын.

Самалдан ерінің бойындағы қандай үш қасиетін ерекше бағалайтынын сұраса: -«ымыраға келе алатындығы», «жеті өлшеп, бір кесетіндігі», «қолына алған істі ынта-жігерімен атқаратындығы»,- деп жауап береді.

Маралбектің қызметі сол – үнемі қыз-келіншектердің ортасында. Оқуда да дәл солай болған, мамандығының талабы. Сол тұсқа келгенде Самалдың кейде қызғанып қалатыны бар. Бірақ, онысын еріне көрсетпеуге тырысады. Маралбек те дәл солай, қызғанып тұрса да, еш сездіртпейді.

Жер үйде тұрмағандықтан, еркектің ісі көп қажет болмайтындықтан ауланың шаруасына қалай екенін дөп басып айту қиындау. Бірақ, Самал көмек сұраса, үйдегі тірліктің бәрін істей береді.

Келіншегін интернетте «Жампозым» деп атағанмен, өмірде олай айтқан-айтпағаны Самалдың есінде жоқ.

Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары
Жары Самал, 30 жаста

Ол мені «қошақан» деп еркелетеді, мен оны «бота, ботақан» деп шақырамын.
Бірде Маралбекті қатты ашуландырып алдым. Ол далаға шығып кетті. Ешкімге зиян келмесін деген шығар. Сыртта біраз жүрді де, үйге кірді. Сосын сабырға келіп, қайта сөйлестік. Әрине, бәрі түсіністікпен аяқталды. Содан кейін Марконың ашуына тимеу керек екенін түсіндім.
Үйде пультті Жігер ұстайды


Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары



Маралбек – әке

Маралбек 2008 жылы әке атанды. Шақалақтың ауырмай-сырқамай, аман-есен адам қатарына қосылып кеткенін тілеп, қатты алаңдады. Қазір де анда-санда аурухана жағалай қалса, «Жігердің табанына кірген тікен маңдайыма қадалсын» деп шырылдап, уайымдап кетеді.

Ұлына кішкентай бала емес, үлкен адам ретінде қарап, дұрыс тәрбие беруді көздейтін Маралбек «бұдан да жақсы әке болуым мүмкін еді» деген ойда. Қызмет, басқа да шаруалар әке мен баланың көбірек бірге болуына кедергісін келтіретіні жаман-ақ. Интернеттен қалай жасалатынын қарап алып, Жігерге қамшы өруді үйреткені бар. Сосын оған қызығып кетіп, өзі де үйреніп алды.

Перзентінің үлкен, ақылды адам боп өскенін қалайды әке жүрегі.

Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары
Ұлы Жігер, 6 жаста
Әкем — жақсы адам. Бұрын «көп телевизор қарама» деп ұрсатын, енді маған ұрыспайд, тек қана жынданады, болды. Садикті бітірдім, енді мектепке барамын. Папам отпускы алды, бірге жүрміз. Маған қамшы жасауды үйретіп еді, ұмытып қалдым. Бір рет домбыра тартуды үйретті. Мамамды да, папамды да, екеуін де жақсы көрем, сонықтан екеуінің де баласымын. Папам қолын және мойнын ауыртып алды, жарасы кетсін деп тілеймін.


Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары

Маралбек – сыныптас-дос

Маралбек Ырғыз аудандық Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде білім алды. Өте алғыр, озат оқушы болды. Староста болғанының өзі сыныптағы салмағы қандай болғанынан хабар береді.

Салмақты, анау-мынауға ашулана бермейтін Маралбек бір күні сыныптастарына: — «Сендер мені тыңдамайсыңдар,» — деп, бұлқан-талқан ашуланғанда бәрі таң қалған. Спорттан волейболды жақсы ойнайтын, қатты жүгіретін. Химия мен математика пәнінен олимпиадаларға жиі қатысып, мектептің абыройын көтеру жауапкершілігін сезінетін. Түрлі жарыстардан орын алып келіп жататын.

Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары
Сыныптасы – Жомарт, 30 жаста
Айтқан нәрсесін орындамайынша тынбайтын Маралбектің уәдеге беріктігін мықты бағалаймын. Қызық мінезі бар, ренжісе – қырсығып, сөйлемей қояды. Сосын ол ашылып, өкпесі тарағанша себебін біле алмай дал боламыз. Фантазиясы жақсы, ерекше бірдеңе істегенді жақсы көріп тұратын. Домбырамен ән айтып, вешірлердің гүлі болатын, тамада болғанға бейімдеу еді. Биіктерден көріне берсін!




Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары

Маралбек – ақын


Маралбектің жақындарынан басқа ешкім біле бермейтін тағы бір қыры бар. Ол – ақындығы.
Оқушы кезінде өлең жазатын. Тіпті мұғалімі ара-тұра шығарманы өлеңдетіп жазып келуге тапсырма да беретін. Алайда, қазір Маралбек:- "ақын емеспін, тіпті поэзияны біреу сілтемесе — өздігімнен оқымаймын," -деп, мойындайтын емес.
Ғашықтықпен жазған 2 өлеңін Самал әлі сақтап жүр.
Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары



Маралбек — қожайын

Маралбек үй жануарларын асырауға аса құмар болған емес. Жер үйде тұрған соң ит асырау — міндет, ауласында үнемі біреуі жүретін. Тіпті бір мезетте 2-3 итті бақты Маралбек. Бақты деген аты ғана, тамағын түгендеп, қой кезекке ертіп кеткеннен басқа дым да істемейтін.

Иттен басқа асырауға тырысқан жануарлары қыршынынан қиыла берді. Бірінші сыныпта Вася деген мысықты асырап көрмек болып еді, көпке жетпей өліп қалды.

Спортпен шұғылданып жүрген Маралбек далада кетіп бара жатқан қоянды қуып жетіп, үйіне алып келеді. Оны бағуға бел буғанын қайтейік, 4-5 күннен кейін ол да сілейіп қалды.
Көшеден тауып алған ауру құсты да «адам қыла алмады».

Қазір асырап жатқан жануары аман болсын енді. Елден ерекшеленген журналист болуға ұмтылып, қояннан көріпкел жасағысы келді. Екі мақсатына да қол жетті: рейтинг те көбейді, қоян да көріпкел боп шықты. Әлем чемпионатына болжам жасайтын қоян Еуразия телеарнасында түнейтіні болмаса, күтімі Маралбектің мойнында. Бір-біріне бауыр басып та үлгерді.
Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары
Қояны — Көріпкел, 1 жаста
Қожайыным өте жақсы. Уақтылы тамақтандырады, уақтылы астымды тазалап отырады. Тіпті, менен жұлдыз жасап, көріпкелдік қырымды ашты. Бір жаманы — ылғи Маралбектің жұмысына түнеймін. Жұмыс емес, үй жануары болғым келеді.




Блог - aikarakoz: Мәлім жанның беймәлім қырлары

P.S.

Маралбектің ел білмейтін қырлары туралы балгер не дейді?

Ұялы телефондағы суреті арқылы біраз ақпарат алуға да болады екен. Беймәлім қырларын қайдам, мәлім қырлары дәл келіп жатты


(Ақпараттардың дереккөзі: әкесі, әпкесі, әйелі, баласы, сыныптасы және өзі)
Бөлісу:

25 пікір

aikarakoz
Марко, мінекейіңіз
Соңғы түзету:
asaubota
отбасылық портреті жақсы ашылған
ofnur
Маралбек — қамқор аға. Мен КВН ойнап жүрген кезде, жол көрсетіп, адам болуыма септігі тиген жандардың бірі. Талай ойындардан кейін ақылың айтып, қателіктерді түзеп отыратын. Бір сағаттық әңгімесі есейтіп, ес жинатып жіберді. Жұмысқа тұруыма себепкер болды. Танысы арқылы емес, жәй әңгімесі арқылы. Ой түйіп, жұмысқа (24 мың айлығы болса да) тұрдым. Қазір міне баспалдақпен өсіп, білдей бір меморганның қызметкерімін. Шүкір! Астанаға келемін дегенде, қуанып қалды. Менің ағаммен түйедей құрдас. Туған ағаммен ақылдаспайтын дүниелерді Марко быратпен ақылдасатыңмың. Рахмет, Маралбек аға!
MERmukhanov
 жаужүрек мың бала мынау десең ше
MickThatsMyNick
Marco -мен офиц. таныс болмасам да, екі рет амандасып үлгердім  Білетінім бұрынғы және қазіргі жұмысымдағы бірқатар әріптестерімнің досы.
MamaAya
))) Баласы қандай екенін жақсы жеткізген ғой, үлкендер Жақсысын асыруы мүмкін еді.
Бұрын «көп телевизор қарама» деп ұрсатын, енді маған ұрыспайд, тек қана жынданады, болды.
 
Жақсы кісі екен!)
bazuka
Рикада жасап жүргеннен сырттай білемін.
Балгер соңында неге күлді?
aikarakoz
Өйткені, ол — балгер емес
aikarakoz
Суреттермен толықтырдым
saken
көжектің көріпкел екенін білдік. Көжектің тілін түсінетін адамды кім дейміз
AKY
Маралбек әлбетте заманауи қазақ ерінің озық үлгісі. Примерный семьянин болып көрінетін онсыз да, мына жазбадан кейін пікірім беки түсті.
Zhan
Сеніңше журналистер арасында ең сырбаз жігіт кім десе, ойланбастан Марконы айтар едім.
bizbike
швилиды қосып еркелету ырғыздықтардың салты ма деп қалдым )))))))))) Күшті!
Соңғы түзету:
sammita
Айқаракөз өз стилінде, мықты.
оһһ, Марко
Соңғы түзету:
zholantai
балгерің енді өрт,
Көріпкел тіпті өлтірді
zholantai
Көріпкелді неге үйде ұстамайды?
Aldeken
Ох, Маркевич...))))))))))))))))))))
Marco
Маралбек – ақын
   Қатты айтыпты-ей
AKY
Ол қырыңызды білмептік)
sammita
өңшең ақындар
AKY
Не жырқыл, а?))))
ErNur
Хуле@ Бұл Марко ғой
ErNur
Айтпақшы, старосты болған екен мен сияқты, волейбол ойнағанды көбі жақсы көреді Ақтөбе аудандарында. Тіпті, бильярдты жақсы ойнайды, өткенде бір ұтып алды ғой