Қаржылық сауаттылықты арттыру жобасын ұсынып, грант ұтып алыңыз!

Kaspi bank пен ХЭСА қоры «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аясында жалпы бюджеті 180 000 000 теңге болатын гранттар конкурсын жариялады.

Конкурстың басты мақсаты – қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыратын жобаларды қолдау.

Конкурсқа жеке, заңды тұлғалар да қатыса алады. Жобалар қысқа мерзімді (үш айға дейін) және орташа мерзімді (алты айға дейін) аралықта ҚР аумағында жүзеге асырылуы керек.

Конкурсқа ұсынылатын жобалар Депозиттер және ақша қаражатын сақтау; Несиелер және несие тарихы; Отбасы бюджетін жоспарлау және басқару;Қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары; Банктік шарттар, банктермен өзара қарым-қатынас орнату және басқа да тақырыптар аясында қазақстандықтардың қаржылық білімінің артуына, ақпарат алуына әсер ете алуы тиіс.

Қазақ тіліндегі және өңірлерде жүзеге асатын жобалар басымдылыққа ие. Өтініш беруші 500 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі көлемде грант ала-алады. Өтінімдер – 2014 ж. 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Конкурстың толық шарты мен өтінімді көшіріп алыңыз.
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
1-2 задумка бар. ұсынамын міндетті түрде
zholantai
телеарнада қаржылық бағыттағы бағдарлама шығаруды жоба ретінде қабылдайды ма екен?
Erbol
Қабылданады. Тележоба болса тіпті жақсы. Бірақ, бюджет жете ма? Мысалы: 10 млн.теңге 6 айлық бағдарламаға жете ма? Кейбір телеарналарда 1,5 минуттың 1-2 млн. теңге аралығында екенін ескерсек…
zholantai
тележоба қабылданатын болса, онда ойланып, қаңқасын жасап көрейінч
сосын финансдиректормен ақылдасамын
zholantai
ал газеттен қаржылық сауаттылықты арттыру аясында бір рубрика ашып, соны да жүргізіп отырса, қалай болар екен? баспасөз арқылы орындалатын жобаның қабылдану мүмкіншілігі қалай?
Erbol
Газеттен айдар ашып, жүргізіп отыру онша қиын емес қой. Оның үстіне білуімше, қатысқысы келген газеттің барлығы айдар ашу туралы жоба ұсынбақшы. Он жоба газеттен айдар ашу туралы болса, грант алуға мүмкіншілік аздау. Креативті ұсыныс керек сияқты.