Әлеуметтік желі және криминал

Өмірдің ажырамас бөлігіне айналған әлеуметтік желілерден келетін қауіп көп-ақ. Уақытты бос өлтіру секілді айқын өлшемі жоқ аргументтерді былай қойғанда, қаржыңызға, денсаулығыңызға, тіпті өміріңізге зиянды жайттарды да кезіктіруге болады. Бірақ, әлеуметтік желі қылмыстың алдын-алу немесе ізін суытпай ашудың құралы болуы да мүмкін.

Әлеуметтік желідегі қылмыс
Блог - Marco: Әлеуметтік желі және криминал
2013 жыл 8 қазан. Ақтөбеде жантүршігерлік қылмыс тіркелді. 14 жасар қыздың сөмкеге салынған жалаңаш мәйіті табылды. Тергеу көрсеткендей, жасөспірім зорлықпен өлтірілген. Бұл оқиға, осы тектес қылмыстарға еті үйрене бастаған қоғамның назарынан тағы да тыс қалар ма еді, кім білген, бірақ, жалғасы жұрттың жағасын ұстатты. Қылмыскерлер жасөспіріммен әлеуметтік желіде танысып, жалданған пәтерге алдап шақырып алған. Бұл кейін тергеушілер құрбанның «агентін» тексере бастағанда әшкере болды.

Әлеуметтік желілер болмағанда мұндай қылмыс болмас та еді. Енді өкінуге кеш. Арам пиғылды адамдар үшін бұл бір таптырмас құрал болып тұр. Кісі өлтіргіштер көп емес шығар, бірақ бес-он тиыныңызды жымқырып қалуға дайын тұратын алаяқтардан айына бір хат келіп тұратынына өзіңіз де куә болып жүрсіз.

Әлеуметтік желі — криминалистика құралы
Блог - Marco: Әлеуметтік желі және криминал
Қылмыспен күрес үшін полиграф, ДНК тесті мен дактилоскопия қаншалықты қажет болса, әлеуметтік желі де сондай маңызды. Себебі, мұнда құпия жоқ. Оны көре білмейтіндер ғана бар. Ал, көзі үйренген «қасқырлар» бірнеше минуттың ішінде парақша қожайынының психологиялық бейнесін жасап, барлық қажетті мәліметті жинап ала алады.

Америкада лекция оқып, қырып ақша тауып жүрген бір детектив бар, аты – Стивен Рамбам (естіген де шығарсыз, сурет жоғарыда). Сол кісінің айтқандарын «андай» конторда істейтін бір досым оқуға берген. Үзінді келтірейін.

«Сіз аты-жөніңізді жазасыз, туған жылыңыз, туған жеріңіз, телефоныңыз бен оқыға орныңыз, жұмысыңыз, жыныстық ориентацияңыз, достарыңыз кім, түнде не істедіңіз, өткен аптада ше, бәрін-бәрін жазып, өзгелердің білуі қажет емес ақпаратты торға жариялайсыз… Сіз топассыз ба? Қай жеріңізбен ойланып жүрсіз өзі?»

Рамбам мырзаның айтуынша, әлдекім туралы досье жасағысы келген адам үшін әлгі жерін диваннан көтерудің де қажеті жоқ. Мәселен, твиттердің барлық материалдары АҚШ Ұлттық Конгресінің архивінде сақталады. Гугл да ештеңені ұмытпайды. Тіпті, олар ештеңені ұмытпауы үшін «жоғары жақтан» үлес алады деген де әңгіме бар. Құзырлы орган ресми хат жазса бар «құпияны» жайып салады.

Әлеуметтік желі және қазақ полициясы
Блог - Marco: Әлеуметтік желі және криминал
Әлеуметтік желілер және жалпы Интернетті сүзіп отыратын арнайы қызметкерлер Қазақстан полициясында да бар. Оларды «К» бөлімі деп атайды. Құпия қызмет болғандықтан, жұмыстары жарнамаланбайды. Әдіс-тәсілдері де беймәлім. Дегенмен, «достарымнан» бірлі-жарым «сырларын» білдім.

Күдіктіні тексеру барысында оның өзі жариялаған посттары емес пікірлері басты назарға алынады. Өйткені, пост өлшеп-пішіп барып жазылса, пікірде эмоция ықпалы басым болады.

Полицейлер үшін әлеуметтік желісі жоқ адам автоматты түрде күдіктілер қатарына кіреді. Өйткені, нағыз қылмыскер артынан із қалдырмауға тырысады деген қағида бар. Сәйкесінше, әлеуметтік желіден парақша ашпаған адамның өзгеден жасыратыны болуы мүмкін.

Демек, бір парақшаңның болғаны да жақсы. Ал, егер тұрақты тұтынушысы болсаңыз, тіпті құба-құп. Жазыңыз. Бөлісіңіз. Күндердің күнінде қылмыс жасап қойып жүрсеңіз, тергеушілерге оңай болсын.
Бөлісу:

33 пікір

patick
Ауылдағы көршінің мектеп жасындағы қызы жоғалып кетіпті. Сөйтсе, агентпен танысқан жігітпен кездесу үшін қалаға кетіп қалыпты. Тіпті тұрмыс құрамын деп байбалам салған көрінеді.
bizbike
қорқынышты екен шынымен де
zholantai
ауылдағы талай сұрбойдақ братан майл.агент пен whatsappтың жәрдемімен қыз тауып, үйленіп, үй болды.
zholantai
әлеуметтік желінің криминалдық әрекеттерге алып баруы жөнінде менің айналамда әзірге ештеңе бола қоймады;
Marco
Басың жас қой, уайымдама
Yerzhanbek
Сізге жаналықтар бар;
zholantai
кейде осы әлеуметтік желіні жезөкшеге ұқсатамын, тек презервативпен ғана келу керек, онсыз болмайды,
zholantai
кейде ешбір әлеуметтік желіде тіркелмеген, интернетте аты-жөні жоқ, гууглдан ол туралы бірдеңе табу мүмкін емес адамдарға қызығамын, неге екенін
Gastarbaiter
Өзіңді кінәлі сезінесің.
asaubota
жоғарыда айтылғандай тіркелмеген адамдар күдікті. менің байқағаным әлжеліде отырмайтындар: қарызы барлар, ҰҚҚда істейтіндер, интернетке қызықпайтындар, жалпы похуистер және косячниктер
zholantai
әбден мүмкін,
әркімнің жазғанын оқып, қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысқан әрекеттер тойдырғанда әлеуметтік желіден ашығу да керемет азап, байқап көріңдер,
ken
Полицейлер үшін әлеуметтік желісі жоқ адам автоматты түрде күдіктілер қатарына кіреді. Өйткені, нағыз қылмыскер артынан із қалдырмауға тырысады деген қағида бар. Сәйкесінше, әлеуметтік желіден парақша ашпаған адамның өзгеден жасыратыны болуы мүмкін
Үйінде интернеті жоқ, ал жұмысында ӘЖ-ге доступы шектелген деген нұсқа ше?
bazuka
менің түсінгенім пікір жазып бірақ ӘЖде тіркелмегендерді меңзеген сияқты.
ken
пікір жазу үшін тіркелу керек қой))
bazuka
мен жалпы жаңалық сайттарында пікір жазатындарды ойлап отырғам))
bazuka
«Сақтансаң сақтаймын» принципін ұстау керек әлеуметтік желі қолданушыларына, әсіресе жасөспірімдерге. ақтөбедегі оқиға өте өкінішті болды ((
ПыСы. Ақтөбеде өлтіріп, сөмкеге салып кету мода ау дим.
AKY
Ақтөбе жылдан-жылға біртүрлі бов барад (((
asaubota
былтырлары Диапазон газеті эксперимент жасады ғой. кішкентай қыз болып тіркеліп, педофилдерді кездесуге шақырды. көп адам жиналыпты
Marco
Осындаймен арнайы айналысатын топтар да болады ғой. Солар талай адамды ұстап жүр. Бірақ, жария қылғаны болмаса шара қолдана алмайды ғой. Жалпы, Aldeken жұртты осылай алдап шақырудың өзі қаншалықты заңды?
Aldeken
Заңда тікелей тиым жоқ, сондықтан өз тәуекелдерімен барғандар. дегенмен, жалпы қолданыста «mistery shopping» (жасырын сатып алу) деген тәсіл бар бұлардыкі соған келетін секілді.
ken
Ұсталып қалған адамның келісімінсіз оның түрін ғаламторда жария етуі қаншалықты заңды? Негізі сол ұсталғандар әлгі ұстағандардың өздерін сонысы үшін сотқа беріп, жауапқа тарта алады емес пе?
Aldeken
ол бар әрине. Дегенмен, ғаламторға негатив тақырыпты аты мәшһүр болғандар оны ойлай бермейді. ең бастысы олар сол шуды тезірек басып тастау болады ғой. сосын, адамның келісімінсіз ғаламторға аты мен суретін жариялаудың жауапкершілігі заңнамада жеткілікті реттелмегендігін де мойындау керек.
aikarakoz
Алдында бір мафияны Инстаграм "ұстап беріп" еді ғой
asaubota
Атыраудамыз деп жар салып фото бөліскен әншінің үйін тонап кетіпті
MamaAya
Қызық екен.)))
Бізде өз фотомыз қойылған ешқандай әлеуметтік желі жоқ екен, даже өз атымыз да қойылмапты. Тек джимайл ғана. Онда да контактта 2 еді, 3 болды))) Қалған жанама атпен ашқандарым сәтсіз аяқталып жатады. Лайк та жинамастан, досқа да қарқ болмастан.  Қойылған суреттер үшін ренжітіп алғанмын,, в ответ мені де ренжіткен ))))
Телефонда тек туыс, таныс, бауырларымыз ғана болса да, ватсапта аваға өз фотомызды қоюға рұқсат жоқ...))) Вроде, ешқандай қарызымыз да, қылмысымыз да, дұшпанымыз да жоқ!)))
bizbike
қызыл кітапқа енгізу керек екен сені
MamaAya
 жан-жануарлар мен өсімдіктер қатарына ма?
Айтпақшы, енді менде ватсап та жоқ!))) Керекинфо-жалғыз ермегім боп қалды ғой)))
Соңғы түзету:
ken
үйлеріңді салып біттіңдер ме? жалпы қанша кетті?
MamaAya
біттік те хабарландыру беріп қойдық, сатамыз)))
Жақында сіздер жаққа барып қаламыз деген планмен отырмыз. Құдай қаласа!)
bizbike
жоқ, әлеуметтік желіде тіркелмеген адамдардың қызыл кітапбына )))))))))
MamaAya
)))) Просто мүмкіндік шектеулі ғой, а так)))
Yerzhanbek
Достар маған Қазақстан полициясында да бар «К» бөлімі керек болып тур, кім біледі маған хабарлассаңыздар! тел 87086864100
Yerzhanbek
«К» бөлімі Ресейде интернет қылмыскерлерімен бұрыннан күресіп келеді. Қазақстан полициясында бар екенін енді біліп отырмын.