Инстааналар – жаңа заман аналары

Кластас, группалас қыздарымның 90 пайызының әлеуметтік желілердегі аватарларында балаларының фотолары тұрады. Достаса қалсаң күнде лентаң неше түрлі бөпелерге толып тұрғаны. «Мм» дейм де қоям. Не дейін, өзім де ауылға келсем кішкентай балапандармен фотоға түсіп, инстаграмға салуға құмармын. Қапелімде фотоға түсетін бала табылмаса бүйте салам  :
ОҒМ жазбалары: Инстааналар – жаңа заман аналары

Соған қарағанда ана болу мәртебесі нәзік жандылар үшін әлі де басты орында болса керек

«Мамский» инстаграм шетелде тіптен танымал дүние, мысалы ешқандай шоу-бизнес не басқаға қатысы болмаса да @taza, @bleubird, @confettis сынды инстааналар бәлен мыңдап фоллоуер жинап, олардың ықыласына бөленіп жатыр.
«Сүйкімді балалардың фотосы — сүйкімді баласы бар адам үшін тіпті өтпейді. Әрі қазір дүниеде сүйкімді балалардың фотолары шамадан тыс көп» деген еді осындағы бір ағамыз. Сөзінің жаны бар.

Дегенмен инстааналарды назардан тыс қалдыруға болмайды дейді өз ойым. Өйткені олардың аккаунттары тек қана «қарашы, қандай тәтті» стиліндегі «нәшкі» фотолар емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, пайдалы ақыл-кеңес алу/беру алаңы. Кәдімгі аналарға арналған форум, блогтардан кейінгі тамаша пікір алмасу орны осы инстаграм секілді. Себебі телефоннан кіруге де ыңғайлы-ақ, ал қолданушылар аясы тіпті кең. Осы орайда қазақстандық танымал инстааналар бестігін жасадым:

@sarkinskiy
Сара есімді тәтті қыздың анасы күн сайын қызын фотоға түсіріп инстаграмға салудан жалықпайды. Ғазиза қызын жан-жақты дамытып өсіру үшін қайда барып, немен айналысып жүретіндерін әңгімелейді. Әр фотомен бірге міндетті түрде пайдалы ақпарат жүреді. Фоллоуер санынының аздығына қарамастан, фотолар астында талқылау жүріп жатады. Ана болмасам да бұл аккаунт менің сүйіктілерімнің бірі. Себебі Сариконың фотолары сондай позитивке толы!
ОҒМ жазбалары: Инстааналар – жаңа заман аналары

@aina_doskyzy
Үш баланың анасы Айна балаларын тәрбиелеу барысынан өз парақшасынан фото-репортаж жасап отырады. Бір ғана балаларын тіс дәрігеріне апарған фотосының астында оқырмандардан кеп түскен тіс туралы пайдалы кәменттерге тұнып тұр екен. Танымалдау инстааналардың ішіндегі арасында қазақша жазып қоятын да осы Айна болып тұр.
Сонымен қатар ол жас аналарға арналған pandaland.kz порталында блог жүргізеді.
ОҒМ жазбалары: Инстааналар – жаңа заман аналары

@anikona_
Ульяна есімді кішкентай бөбектің анасы Анна қызының өміріндегі кез-келген алғашқы құбылысты (мысалы, шаштаразға бару) фотоға түсіріп алудан шаршаған емес. Сонымен қатар балапаны жұқпалы аурумен ауырып қалғанда дәрігердің қандай ем жазып бергеніне дейін ерінбей жазып, саны мыңға жетіп қалған фоллуерлерін сақтандырып қоюды ұмытпайды. Ал оқырмандар болса өз кезегінде баланың тез сауығып кетуін тілеп әлек. Бұл да жөн шығар — жақсы сөз жарым ырыс деген.
ОҒМ жазбалары: Инстааналар – жаңа заман аналары

@maricherie
Марина инстаана болғанымен өз ерекшелігі бар – ол ешқашан баласының фотосын инстаграм не басқа әлеуметтік желіге салған емес. «Бұл — жолдасымның қалауы» дейді, мүмкін көз тиюден қорқатын шығар. Есесіне балапанын қалай тамақтандырып, оған қалай күтім жасайтыны туралы фотопост легін үзген емес. Сонымен қатар Марина да pandaland.kz порталында блог жүргізеді екен.
ОҒМ жазбалары: Инстааналар – жаңа заман аналары

@sofimanasyan
Бұл енді кішігірім жұлдыздың аккаунты десе де болады. 13 мыңға жуық фоллоуері бар Софи Манасянды қазақстандықтардың көбі біледі. Бұл жерде Софидің талантын да айта кетпеске болмайды – алты жасар сүйкімді қыз небір халықаралық би байқауларының жеңімпазы. Сонымен қатар ән де айтады, сурет те салады, телевизиялық шоуларға да түсіп жүр. Софидің мамасының инстаграмдағы белсенділігі оның танымал бола түсуіне үлесін қосып жатыр. Ольга қызы түсетін, қатысатын кез-келген бағдарлама туралы еске салып, уақытын жазып отырудан жалыққан емес. Софиканың жетістіктері мен марапаттары екібастан ел назарында. Тағы бір ерекшелігі – Софидің үлкен адамға бергісіз киім стилінде жатыр.
Ал «қызым тура осындай болса екен» деп армандайтын аналардың Ольгаға қоятын сұрақтары таусылған емес. Софидің неше жастан бастап билеп, қандай даму орталықтарына баратыны – бәрі-бәрі оқырман үшін қызық.

ОҒМ жазбалары: Инстааналар – жаңа заман аналары



ОҒМ жазбалары: Инстааналар – жаңа заман аналары
Иә, әр анаға өз баласы сүйкімді, өз баласы ақылды, өз баласы зерек. Тізе берсең мұндай аккаунттар көп-ақ, оның үстіне күннен-күнге тамыр жайып көбейіп келе жатыр. Көз тию дегеннен де қорықпайтын болған ба қазір  Өзгелерді «комплекске» тығам-ау деп те ойламайтын сияқты

Дегенмен қандай да тәжірибе алмасу алаңы ретінде пайдасы тиіп жатқаны анық. Өкініштісі, танымалдау дегендердің дені орысша жазады екен.

Сондықтан тездетіп ана болып, қазақша жазатын инстааналар санын көбейтейік, Қазнет арулары!
Бөлісу:

6 пікір

bizbike
бұл аналар балалары қай жасқа жеткенше репортаж жасап жүреді екен?
asaubota
баланың суретін көп сала бермеңдер ей
Erkekyz
Мен тек Софи Манасянға ғана фоллоуермін.
Blogshy
Дәл! мен де ана болғаннан кейін фотоға түсуді ұмыта бастадым. Компьютер, планшет, телефон атаулы қызымның фотосына толы. Өзім арасында тек қызымның фонында жылт етіп қалам.
Zhan
Мама болмай тұрған кезде сотка болсын, рабочий комп болсын, өзімнің суретім тұратын. Қазір, автоматический үшінші орынға түсіп кеттім. Соткам да, компым да қызым мен баламның суретіне тола. Ара-арасында солармен бірге түссем түстім, түспесем ол да жоқ.
Өткенде мамам ноутбукта жиналып қалған балаларымның суретін көріп, «бірсыпыра шығарып альбом жасап қойсайшы, компыңнан өшіп қалуы мүмкін ғой» деп қояды. Содан жүз шақты сурет шығарып әкеп қойдым. Ертең балаларым өскен кезде көрсетем деп.