Блогиада #13. Әлемдік кино жасауға болатын қазақтың 5 шығармасы
Кейбіріміз күмән келтірерміз, ал кейбіріміз тіпті сенбеспіз. Алайда қазақ әдебиетіндегі кейбір көркем шығармалардың негізінде керемет фильмдер жасауға болар еді. Әйтеуір мектеп жасында әдебиетке үйір болған менің түйсігім солай дейді. Сонымен, қазақ әдебиетінің кейбір өкілдерін экранға шығарсақ, қалай болар еді?
Біздің кинода көп жағдайда махаббат, тарихи бағыттағы шығармалар қойылып жүр. Менің ойымша, басқа да жанрларда фильм түсіру үшін біздің әдебиетте материал жеткілікті.
Иллюстрация / алынған жері: dubanimation.com
Шығарма: Әбу Сәрсенбаев, «Толқында туғандар».
Синопсис: Қызыл революция қарсаңындағы қазақ балықшыларының өмірі, Каспий жағалауындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі. Болып жатқан өзгерістер мен оқиғалар 6-7 жасар баланың атынан баяндалып, беріледі.
Несімен ерекше: Қазақ әдебиетінде революцияға арналған шығармаларда әдетте малшылардың өмірі көп баяндалады. Бұл шығарма әдебиетімізде жаңа бетбұрыс жасады: теңізден балық аулап-өңдейтін балықшылар, жағадағы қым-қуыт тірлік, жүзбелі зауыттар, итбалық аулау кәсібі — осылардың барлығы қазақ халқына қатысты көз алдымызға мүлдем басқа картиналар алып келеді. Тіпті Еуропаны аздап еске түсіргендей болады.
Бұл шығарманың ауқымды кино жасауға әлеуеті толық жетеді. Минимум — Қазақстан киносында төңкеріс жасауға болады, максимум — шетелдік көрермендер жатсынбайтындай бұқаралық өнім шығаруға болады.
Егер мен режиссер-сценарист болсам, шығарманы барлық кейіпкерлерімен қоса түгелдей экранға шығармас едім. Маған басты кейіпкер — баланың хикаясы қызығырақ. Сондықтан баланың итбалық аулауға кеткен әкесін іздеп теңізге аттанатын тұсынан бастап, небір қызықты да қорқынышты оқиғаларды бастан өткізгеніне, теңіз толқындарынан аман қалып, жағаға оралуына дейінгі аралықты кесіп алып, соған акцент қояр едім.
Жанры (жобамен): қызық оқиғалы драма (приключение).
Ұқсас фильмдер: Дәлме-дәл дей алмаймын, бірақ кейбір көріністері «Пидің өмірі» (2012), «Кон-Тики» (2012) секілді шедеврлерді еске түсірер еді.
Иллюстрация. Суретші: Александр Дегтев / алынған жері: worldart.uol.ua
Шығарма: Мұхтар Мағауин, «Шақан Шері».
Синопсис: Повесте басты кейіпкердің әйелі мен баласы жолбарыстың құрбанына айналады. Өшіккен шаруа қолына қару алып, бүкіл жолбарыс атаулының көзін құртпайынша тоқтамауға бел байлайды.
Несімен ерекше: Сюжеті экшн-драмаға сұранып-ақ тұр. Оның үстіне кейіпкердің ішкі ойын, қайғысы мен толғанысын шебер жеткізе білсе — кішігірім шедевр жасауға болады. Бұл жерде жолбарыстарды көрсету үшін «Motion capture» технологиясы (адам қимылын пайдаланып жануарларды анимациялау) таптырмас тәсіл болар еді.
Кезінде «Бірінші сәуір — алдау күніне» арнап осы туралы фейк жаңалық етіп жазғанымызды Киностан оқырмандары әлі ұмытпаған шығар. Көпшілік соны шын қабылдап, кейбір басылымдар көшіріп басқаны бар. Қанша әзілдесек те, мен «Шақан Шеріні» киноға бейімдеуге болатынын ешқашан естен шығарған емеспін.
Жанры (жобамен): эшкн-драма, қызық оқиғалы.
Ұқсас фильмдер: Атмосферасы Лиам Нисон ойнаған «Сұр» (2011), Даррелл Рудттың «Жемтік» (2007), Майкл Дуглас пен Вэл Килмер ойнаған «Елес және Қараңғылық» (1996) фильмдеріне ұқсас болар еді.
Иллюстрация / алынған жері: bioware.ru
Шығарма: Медеу Сәрсекеев, «Жетінші толқын».
Синопсис: Повесте оқиға Қайсар есімді журналисттің атынан баяндалады. Ол Ұлы Отан соғысы кезіндегі Шынтас деген қазақ өнертапқышы туралы біліп, сол туралы кітап жазбақ болады. Ізденіп жүріп, оның ауылын табады. Кейін анықтағандай, Шынтас соғыс кезінде жауынгер жолдастарымен жаудың тұзағына түседі. Сол кезде ғалым электр энергиясын талқын түрінде қабылдайтын құрылғы ойлап тауып, соның көмегімен жартасты балқытып, тесіп шығады.
Несімен ерекше: Бұл повесті мен мектеп жасында оқығанмын. Сондықтан көп деталдары ұмыт болды. Бірақ күшті әсер еткені әлі есімде. Шығарманың әдеби эффектісін сезіну үшін міндетті түрде оқу керек, оны сіздерге әсерлі етіп баяндауға тіл байлығым жетпейді.
Жанры (жобамен): фантастика, экшн.
Ұқсас фильмдер: Бұл жобаны суперқаһармандық кино санатына да қосып жіберуге болады. Ал сюжеті ұқсас фильмдерден Даррен Аронофскидің «Пи» (1997), Марвелдің «Капитан Америка: Бірінші кек алушы» (2011) секілді жобаларды атауға болады.
Иллюстрация: Еркін Рақышевтің «Тұрар Рысқұлов» деректі фильмінен кадр
Шығарма: Шерхан Мұртаза, "Қызыл жебе".
Синопсис: Белгілі саяси тұлға Тұрар Рысқұловтың өмір жолын баяндайды. Бала кезінде әкесімен бірге түрмеде отырған кезінен бастап, Түркістан автономиясын басқарғанға дейінгі өмірі хронологиялық ретпен айтылады. Қазақстанға теміржолды алып келген, бірқатар одақтас республикалардың дамуына еңбегі сіңген, ашаршылық жылдары Сталинге шындықты жазып, елін аман алып қалу үшін жанын салған тұлға жайында.
Несімен ерекше: Бізде саяси тұлғаларға (Елбасы туралы трилогияны айтпағанда) арналған өмірбаяндық картиналар жоқ. Ал Тұрар Рысқұловтың күрделі өмірі мен саяси жолы кино желісіне сұранып тұрғандай. Бала кезінен қиындық көріп өскен, қылмыскер малшының баласы ат қора тазалаушыдан ел басқарушыға дейінгі жолды жүріп өтеді. Менің ойымша, Тұрар Рысқұлов — қазақтың Абрахам Линкольны.
Жанры (жобамен): өмірбаяндық, саяси драма
Ұқсас фильмдер: Мен Тұрар Рысқұлов туралы фильм түсіруді ойласам көз алдыме бірден Стивен Спилбергтің «Линкольны» (2012) келе қалады.
Иллюстрация / алынған жері: stylefavor.com
Шығарма: Батырлар жыры.
Синопсис: «Алпамыс», "Қобыланды", «Ер Тарғын», "Қамбар батыр", т.б. Бұларды біз бала кезден білеміз. Эпостардың бәріне ортақ кейбір қасиеттері бар: қаһарманның жаратылысы ерекше, өте әділ, жауынгер болып келеді. Сюжетте батыр елін жаудан, немесе құдіретті күш иесінен қорғап, ұрланған қалыңдығын құтқарады. Қаһарманның әлсіз тұстары болмайды және астындағы арғымағы жеке спин-оффқа татырлық ақылды болады.
Несімен ерекше: Бұлар халықтың арманындағы жиынтық образдар ғой, сонысымен де батырлар жыры өте идеал. Отбасы болып көретін фэнтези боевиктер үшін таптырмас материалдар. Грек аңыздарын сәтті экрандап жүрген Голливудтың үлгісін бәріміз білеміз. Неге өзіміздің аңыздардан фильм жасамасқа?
Жанры (жобамен): фэнтези, экшн
Ұқсас фильмдер: Сэм Уортингтон ойнаған «Титандардың шайқасы» (2010), «Титандардың қаһары» (2012), «Троя» (2004), «300 спарталық» (2007), т.б.
Бонус
Кино туралы әңгіме қозғала қалған екен, жоғарыда айтылған шығармаларға бонус ретінде өз ойымда жүрген бір идеямен бөлісе кеткім келеді. Мүмкін біреудің керегіне жарап қалар.
Қазір жануарлар әлемі туралы мультфильмдер өте өтімді өнімдер саналады. Авторлар жабайы хайуандардың өмірін күлкілі, қызық оқиғалы формада бере отырып, олардың қазіргі мүшкіл хәлдеріне де жұртшылықтың назарын аудартады. Сондықтан, анимациялық туындыларды экологиялық мәселелерді жеткізудің ең ұтымды амалы деп те қарастыруға болады. «Рио», «Мадагаскар», «Мұз дәуірі», «Көңілді аяқтар» — соның мысалы.
Қазақстанда популяциясы құрыған Балқаш жолбарыстары жайында («Шақан Шеріні» айтпағанда) көркем туынды бар ма, жоқ па — мен нақты білмейді екенмін. Менің анимациялық ауқымды жоба жасауға мүмкіндігім болса — осы жолбарыстардың аянышты тағдырына толықметражды анимациялық фильм арнар едім. Концепциясын адамдар келгенге дейінгі олардың бақытты өмірін суреттей отырып, екі аяқтылар келіп, төңіректегілердің бәрін қырып-жоя бастаған кездегі ахуалды бір жолбарыс-кейіпкердің көзімен беруге болады. Толық сценарийін әлі ойластырған жоқпын, бірақ ақырғы эпизодын «хэппи-энд» стилінде көрсетер едім: Іле өзенінің бойында, адам аяғы жете бермейтін жерде, қалың бытқыл арасынан жолбарыстың көзі жарқ етеді (Титр).
Меніңше, «Арыстан патша» (1994) секілді халықаралық деңгейдегі жоба жасауға әбден болады.
Кім біледі, мүмкін батыл, амбицияға толы режиссерлердің бірі осы идеяларды оқып, біреуін іске асыруға шындап кірісіп кетер. Егер ондай азамат табылса — мен тек сәттілік пен ақ жол ғана тілеймін.

Бұны біздің кино жасаушыларымыз барынша «Кошмары на улице вязов » серияларының финалына ұқсатпай бере алса, игі еді.
Голливудше блокбастер түсіруге тек актердың ойыны мен шытырман сценарий аздық қылады, олардың техникалық мүмкіндіктері мен мамандар базасы біздің түсімізге де кірмегендей деңгейде ғой.
Бірақ, рас оны игнорға қоя алмайсың. Бүкіл әлемге мода диктовать ететін солар.
«Толқында туғандар» және «Шахан Шері»!
Осы екі шығарманы экранизацияласа кинотеатрға билет сатып алып, көретін едім,
Қазақ режиссерлері бұл жөнінде не ойлайды? Қазақтың қай әдеби шығармасына кино түсіргісі келеді екен?
Олардың пікірі болса, қатып кетер еді.
Сосын осы Дидар Амантайдың қазақ әдеби шығармаларына кино түсіру туралы ойы қызықтырады мені? Не дегенмен қазіргі лауазымды міндетінің де осы тақырыппен байланысы бар ғой.
«Толқында туғандар» шығармасын оқымаған екенмін, қызықтырды, тауып алу керек.
Ойлап отырм: Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесті екеуін араластырып, айрықша сценарий жазып шығуға болады ма дейм
Қалай ойлайсың?
Айтматов повестіндегі тылсым атмосфераны әжетке жарату керек,
сен баланы басты кейіпкер етіп алу керек деп отырсың ғо,
демек, сол баланы теңізге шығарып салып, күтіп алатын бір деталь қажет болады
ал, ол детальдың адам түрінен болмауы драманы қоздыра түседі
ну, «Толқында туғандарды» әлі оқымаған соң, өзімше картина жасап алып отырған түрім ғо,
оқығаннан кейін, гибридтеуге келмейтініне көзім жетсе тіпті қуанамын
онда күтетін біреу анық керек болады,
қосайықЧ бірдеңе,
— Ондай сұрақ қоймаңдар нақ!
бірнеше нәрсені жүйелеп орналастыру бойынша мастер-класс
— «жанкожа батыр».жыры. 1893ж. халық батыры жанқожа нұрмұхамедұлының өмірі.
— әлжаппар әбішев, «найзағай».1969ж. халық композиторы мәди бапиұлының өмірі мен шығармашылық жолы.
екеуі екі көркем туындыға арқау бола алатын тақырыптар