Ақтауда "есірткіні" қалай өртеді?

Ескерту: Материалда азаматтарға күш қолдану белгілері бар суреттер қолданылған. Жүйкесі жұқа адамдарға оқуға кеңес берілмейді.

Маусымның 26-сы бүкіләлемдік есірткіге қарсы күрес күні болып белгіленгендіктен республиканың түкпір-түкпірінде нашақорлықққа, онымен күреске қатысты түрлі шаралар өткізілді. Соның бірі Ақтауда 14 шағын ауданда орналасқан «Астана» ойын-сауық орталығының алдында өтті. Егер қалыпты флэш моб, «УУУ» деген сияқты "өтірік" акция өтсе жазбас едім. Бірақ осы жолы ҮЕҰ мен Маңғыстау облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған оқу-жаттығу-көрінісі қызық әрі көпшіліктің назарын аударды. Каспийдің жағалауына жиналған халыққа арналған шоуға біз де барып қайттық.

Сол күні Твиттерде Ақтауда қала ортасында есірткі өртейді деген ақпаратты көзім шалып қалды. Одан қалса ІІД баспасөз қызметі «ЕСІРТКІ ӨРТЕЛЕДІ» деп баттитып тұрып хабарлама жіберіпті. Есірткінің көзін жою сәтін күнде көруге мүмкіндік бола бермейтіндіктен (олар күнде өртемейді де) барып қайтайын деп шештім. Бір жағынан шын есірткіні өртегенде иісіне адамдар уланып қалмай ма, қалай жүзеге асады, қауіпсіздік тұрғыдан қалай болады? деген секілді сауалдарға жауап табу керек болды.

Жиында алдымени ІІД қызметкерлерінің техникалары мен арнайы жасақтары біріге отырып, есірткі бизнесімен айналысатын қылмыскерлерді құрықтау операциясын, тәркіленген есірткінің көзін жою операциясын демонстрациялады.

Кешкі 19:00-де басталуы тиіс шараға 19:30-дарда бардым (кеш бастайтындарына ет үйренген)

1. Көліктен түскен бойда мынадай көрініске тап болдым. Қаз қатар тізіліп тұрған әскерилер «Астана» ойын-сауық орталығының алдындағы жолдың екі жағын қоршап алыпты. Сырт көзге қорқынышты көрінеді екен.

Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

2. Итімен жолды қоршап тұрған кинолог жігітті сөзге тартып, есірткілер туралы, жоқ дегенде иті туралы ақпарат ала қояйын десем, тәртіпке бағынатындығынан болуы керек «бастығымнан рұқсат сұраңыз» дегеннен басқа жақ ашпады. Жоқ дегенде итінің де атын айтпай қоды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

3. «Астананың» алдынан өмірі мұндай қоршау көрмеген қала тұрғындары аң таң болысып, солдаттарды, үйіліп жүрген полицейлердің қиымылын бақылап суретке түсіре бастады.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

4. Салауатты өмір сүру орталығын қалыптастыру қызметкерлерінің айтуынша, шараға 2000-ға жуық адам қатысты.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

5. Бір сөзбен айтқанда ҚР ІІД мен Қорғаныс министрлігінің біз көрмеген көлігі мен техникасын көретін күн болды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

6. Өздерімен өздері шабылып елдің бәрін көлік жүретін жолдан қуып жүрген полицейлерден басқа «Есірткіге қарсы» акциясын ұйымдастырған жастар шарларымен топырлап, классикалық шуларына басып, шарларын арқалап, көпшіліктің назарын аударды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

7. Жастардан бөлек «Арлан» арнайы жасағы операцияның басталуын күтіп тасада тұрды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

8. Акцияны желеу етіп қала тұрғындарының назарын өзіне аударған ұйымдастырушылар барлық тұрғындарды есірткі бизнесімен айналысатын қылмыстық топты қолға түсіру операциясын тамашалауға шақырды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

9. Жол бойын қоршап тұрған комуфляждағы солдаттар тұрғындардың межелі сызықтан өтпеуін қадағалап, кейбіреулерін артқа итеріп тұрды. Межелі сызықтан өтуге операторлар ғана рұқсат алды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

10. Операция басталды. Есірткіні елге әкелуші мен оны таратушылар көлігі бір- бірімен кездесуге келе жатыр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

11. Теңіз жағалауындағы көрерменнің бәрі дерлік жиналды. Бәрінде интрига. Енді не болады деп күтіп тұр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

12. Дистртбьютрлар есірткінің («марихуана» немесе «гашиш» шығар мөшекке салғанына қарағанда) кезекті партиясын алыпсатарларға әкелгелі жатыр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

13. Бірі ақша, екіншісі наша беріп, тауар алмасымы болып жатыр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

14. Жұрттың бәрі мойындарын созып тұрып қарап, жастар жағы қызықтап тұр. Осы кезде: «Внимание будьте осторожны» деген ескерту естілді.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

15. Қайдан шыққаны белгісіз мынадай «ТИГР» көлігі жолдың қақ ортасына атып шықты. Төбесінен бір солдат тұрып Калашниковпен қорқыту үшін пытырлата оқ жаудырды. Жиналғандардың таң қалғандығына шүбәміз жоқ.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

16. Жолдың арғы бетінен Хаммер тектес әскери көлік келіп дистрибьютрлар көлігінің жанына қисая тоқтай қалды да ішінен арнайы жасақ топырлап түсіп күдіктілерге жерге жату туралы бұйрық берді.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

17. Ана жерде жатып қылмыскердің ролін сомдаған жігіттер ІІД қызмет етеді екен. Шет жақта қылмыскердің рөлін сомдағандардың бірі менің танысым болып шықты.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

18. Арнайы жасақтың солдаттары «күдіктіні» жерге жатқызып, қолына кісен салып жатқан сәт.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

19. Есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері көліктерді тексеріп жатыр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

20. Есірткіні тәркілеу процесі.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

21. Балалар кино көргендей тамашалады.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

22. Кинологтардан тұратын жасақ оқиға орнына келіп жатыр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

23. 3-4 иті бар құрам тығылған нашаларды іздеу үстінде.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

24. Арландағылар қатаң. Қылмыскер рөлін сомдаған жігіттерді тексеріс біткенше жерден тұрғызбады. Жалпы қылмыскерлерді ұстау процесі 15 минутқа созылды. Оперативті түрде қимылдаған олар қылмыскеирді бір бөлек, есітркіні бір бөлек алып кетті.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

25. Білуімше, тәркіленген есірткіні сол мезетте көзін жоймайды. Ең алдымен хаттама толтырылып, сараптамаға жолданады. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін есірткіні жою күні белгіленіп, куәгерлер алдында көзі жойылады. Бірақ оқу-жаттығу болған соң ІІД қызметкерлері есітркіні сол мезетте жою процесін көрсетті.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

26. Белгіленген ереже бойынша есірткі немесе есірткі тектес заттардың көзін жою барысында мына тұлғ, алардың болуы міндеттеледі: прокурор көмекші, тергеуші, нарколог, криминалист.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

27. Бензин құйғаннан өрт тез тұтанып, айнала көк түтін болды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

28. Айта кету керек, ІІД қызметкерлерінің нені өртегені белгісіз болып қалды сол күйі. Жиналғандардан сұрағанымызда анық марихуана емес екендігін айтты. Сол жердегілер жоңышқа деді. Рас өтірігі белгісіз. Бірақ, шөптің жануынан пайда болған иіс қолқаны алып, басты ауыртты.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

29. Мамандар процесті тіркеп, бейнетаспаға түсіріп жатыр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

30. Тұрғындар да қалар емес. Қоршау сыртында тұрып, «есірткінің» жану пороецтерін ұялы телефондарына жазып алып жатты.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

31. Жиналғандарды өртке жақындатпау үшін солдаттар «коробка» жасап периметрді қоршады.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

32. Айнала көк түтін. Демалу қиындап кетті. Бірақ солдаттар орындарынан тапжылар емес.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

33. «Астана» ойын-сауық орталығының жанында оқу жаттығу көрінісін ұйымдастыру жақсы идея. Әрі бері өткеннің бәрі көз қиығын салып өтті.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

34. Fдам қатары біресе азайды, біресе көбейді.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

35. Көлік қозғалысы да қалпына келді.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

36. МО ІІД Есірткімен күрес бөлімінің бастығы Мерей Жүсіпов оқу-жаттығу туралы интервью беріп жатыр.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

37.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

38. Оқу- жаттығу аяқталған соң акцияның аясында «Біз есірткіге қарсымыз» деген футболкалар мен кепкалар таратылды. Қолдарына футболка тиген студенттер оны лезде киіп алды.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?

39. Оқу жаттығу аяқталған соң акцияға қатысқандарға «Біз есірткіге қарсымыз» деген футболкалар мен бас киімдер таратылды. сол акцияға қатысқандардың дені алғанымен, көшеде ойнап оқу жаттығуды көріп жүрген балалалрға жетпей қалды. Бәрі қиылып сұрап еді, бірақ қалмапты. Айналшақтап бізге берілген футболкаға көзі түскен соң бас киім екеуін сыйлай салдым. Мәз болып қалды. Келесі жолы студенттерге емес, балаларға көп назар аударылса екен деген тілекпен үйге қайттық.
Блог - Zevs: Ақтауда есірткіні қалай өртеді?
Бөлісу:

5 пікір

zholantai
көзбояу
Zevs
Көзбояу екені бесенеден белгілі болды. Ыпросто ұйымдастырушылар дабырайтып айтпаулары керек еді
qonyrbai
Ақтаудың қыздары әдемі екен. Бірақ құда болуға өте алыс қой.
Ispek92
Тым жасанды екен қойылымы, анандай үлкен ТИГР аспаннан түспеген шығар енді?!