БЕШ

Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов және ақтаулық рэп-орындаушы Үлкен Жайынның (Big Som) бірлескен «Беш» жұмысы тыңдармандар арасында үлкен резонанс туғызды. Осы уақытқа дейін бұл ән айналасында біраз пікірлер де айтылған болатын. Дегенмен, менің постым бұл жұмыстың ұлттық құндылықтарға деген сәйкестігі жөнінде емес, жұмыстың сапалық деңгейі туралы болмақ.

Бірден айта кетейін, «Беш» әнін тыңдар алдында, ютубта Стиви Уандердің өлеңдерін тыңдап отырған едім. Сондықтан болар, клипті көру барысында көңіл-күй «тамсану» режимінен «есеңгіреу» режиміне ауысты. Басқаша айтқанда,
моншадан шыға берісте, абайсызда сүрініп, балшыққа құлап қалған сияқты болдым.

Блог - zhumabek_sarabek: БЕШ

Бір қуаныш, бір қайғы
Дегенмен, «Беш»-тен Нұрлан Абдуллиннің әлі тірі екенін біліп, қуанып та қалдым.

Ән туралы
«Беш» әні Тимати мен L’One-ның «GQ» өлеңіне пародия екені бүгінде бәріне белгілі. Мүмкін сондықтан болар өлең сөздері де, клиптегі негізгі кадрлар да ресейлік нұсқамен салыстырғанда үлкен өзгеріске ұшырамаған. Айтпақшы, пародия жасау авторы алматылық шоумен Александр Шумский екен.

Бұл ретте ең басты сұрақ «Мұндай жұмысты не үшін шығарды?» (орысша айтқанда «нафига»). Мүмкін бұл жобаға қатысушылар қазақтардың сүйікті тағамы туралы ән халық арасында «бригол болады» деген интуициялық сезімге негізделген болар. Шынымен, соңғы уақытта көптеген әншілер арасында ұлттық темаға жүгіну кең таралған құбылыс. Бірақ, бұл жолғы спекуляция сәтсіздікке ұшырады. Мұның себептері көп-ақ. Ең бастысы, тыңдармандардың "әзілді" түсінбеуі десек болады.

Айта кететін жайт, пародия болғандықтан, «Беш» әнін еріксіз түрде ресейлік нұсқамен салыстыра бастайсың. Осылайша, қайырмадағы Роза Рымбаеваның дауысы — өте сәтсіз таңдау екенін айтуға болады. Рымбаева «партиясын» ресейлік прототипте жас әнші орындайды (Надежда Бабкина емес).
Клиптің видеосы мен аудиосы сәйкес келмейтіндігін еске салып қажеті жоқ шығар.

Би туралы
Клиптегі ең қызықты сәттер Рымбаеваның хаотикалық конвульсияларымен, яғни биімен байланысты. Роза Қуанышқызының керемет «па»-лары 2:36 минуттан басталады. Негізі біздің эстрадада жақсы билейтін адамдар өте аз. Бүгінгі күнге дейін маған белгілі тек Досымжан Таңатаровтың би мектебі: орныңда тұрып алып, билеген кейіп таныту және кез-келген әнге келетін "әмбебап" қимылдар жасау. Сондықтан, бұл таң қаларлық жайт емес.

Ал, Оқапов мырза өз кезегінде тәуір билейтіндігін көрсетті. Тіпті, өлең сөздерінде Әли Оқапов пен Майкл Джексон арасында жасырын параллельдер жүргізіледі. Бірақ, Майкл Джексон — ең алдымен керемет вокалист, дарынды композитор және өте еңбекқор афроамерикандық екенін ұмытпау керек. Кейін ғана барып ол талантты биші. Осы себепті мұндай теңеулер орынсыз.

жалғасы бар
Бөлісу:

16 пікір

patick
Пародияның пародия екенін растайтын ештеңе көре алмадым. Маған алғашқыда плагиат болып көрінді. Сосын өздері «пародия ғой» деп жариялағаннан кейін ұқтым
asaubota
клиптің көзін құртып жатыр, ағашкаларға ұнамаған болу керек. мейрамалды негатив ештеңе істеуге болмайды қазір

AKY
Быриголы өтпей қалды
AKY
Клиптегі ең қызықты сәттер Рымбаеваның хаотикалық конвульсияларымен, яғни биімен байланысты. Роза Қуанышқызының керемет «па»-лары 2:36 минуттан басталады. Негізі біздің эстрадада жақсы билейтін адамдар өте аз.
Осы ғой осы
Жоқ, нафига билеп, если не можешь?
Соңғы түзету:
Aya
жо енді билей алмайтын Роза ғана емес қой. Көрәлмайтасыңдар сендер
ken
Клипті осында орналастырмағаның үшін минустадым.
asaubota
клипті таба алмайтын шығарсың уже
zholantai
Роза расымен де билей алмайд екен
Нұрлан Абдуллин мықты, даусымен айырыптацтад
Соңғы түзету:
Aya
тілін шығарып тұрған сурет күшті екен. Мынжақтан көрінбей тұр бірақ))
zholantai
ол преью сурет ғо
ken
суретте көзілдірікті адам не істеп жатыр?
bazuka
кэш және беш сөздері ұқсас екен. Былай Роза тәтей болмағанда тымжақсы дүние жасай қоятын еді, өздерінен болды.
Blogshy
Досымжан Таңатаровтың би мектебі ))) Керемет!
Utik
Өтпей қалды, шынында да…