Переезд в Россию: от А до Я

Өскеменнің ақпараттық порталдарының бірі Yk-news.kz деген сайт. Бір сілтемелермен кірген едім, мақалалардың ішінен осы блогымның атында тұрған сөйлемді көрдім: Переезд в Россию: от А до Я.
Іздене бастадым… Бұл сайттың «Анықтама бюросы» деген жобасы аясында басталған мақалалар (анықтамалық ақпараттар) сериясы екен. Әзірше жазылған 3 материалдары бар. Көптеген сұрақтарды қамтиды: мақсат-міндеттері, тұрғын-үй мәселесі, жұмыспен қамту, қайда тапсырыс беруге болады, уақыты мен шешім ұабылдау мерзімі, жалақы мен зейнетақы қалай болмақ, құжаттар тізімі, т.б.
Ішінен іріктеп, көңіл бөлуге болатын сұрақтарды Сіздерге ұсынып отырмын.
Ресейге көшуге құқылы тек орыстар емес.
Авторлардың айтуы жазуы бойынша ұлт маңызды емес, — ең бастысы, көшуге ниеттенген азамат орыс мәдениетінің құндылықтарын бойындасақтап, тілін білу және жұмысқа қабілетті болу керек.
Барлығы шұғыл.
Ресей жеріне келгеннен 3-6 ай ішінде ресейлік азаматтық алуға болады. Бағдарламаға қатысу туралы қағаз (жауап) 60 күн ішінде беріледі.
Тұрғын-үй мәселесі.
Бағдарламаға қатысушы азаматқа тұрғын-үй мемлекеттен (РФ) берілуі екіталай, елде онсыз да бұл мәселе өз тұрғындарына да шешілмей жатқан сыңайлы. Әйткенмен, бағдарлама авторлары жергілікті жұмыс берушілердің көбі үй бөліп беруі мүмкін деп уәде етеді.
Көшуге ұсынатын аудандар тізімі.
Үкімет арнайы көшуге ұсынатын аудандар тізімін жасақтаған. Олар: Республика Бурятия, Забайкал, Примор, Хабаровск және Камчатск крайлары, Амур, Иркутск, Магадан, Сахалинск облыстары, және де Еврей автономиялық облысы. Бұл тізім де жай жасалмаған сыңайлы…
Блог - NaimanKa: Переезд в Россию: от А до Я
Опчм, бұндай мақаланың жазылуына мен қуана қарадым. Оны мақала астына «казах» деген азаматтың жазып кеткен пікірімен айта аламын: «Хорошая статейка. Удачи всем! Жолдарың болсын!» — дейді ол.
Бөлісу:

6 пікір

NaimanKa
Ал енді осы мақаланы таратайық, қажет еткендердің жолдары болсын! — дегім келеді. Ал сіз не дейсіз?
Abay
Орыстар азайсын)
NaimanKa
Украинаның ана жағдайы мен Ресейдің саясатын көрген саналы азаматтардың көбі солай ойлайды-ау...
bake
Көріп, біліп жүргенім: олар қу, Ресейіне көшіп ҚР азаматтығынан қоштасқанға асықпайды. Біздікілерде оларды жібергенге асықпайды. Бәрі ақша мәселесінде. Олар кетісімен орындарын толтыратын жоқ. Мысалы, Университетті алайық. Студенттердің тең жартысы көк көз халықтың балалары оқиды, қазір кетіп қалсын дейік, олардың төлеген ақшасын кімдер төлейді? Арттарынан «көке» деп жүгіретіндерінің себебінің бірі осы. Қазақ саны аз… оның үстіне блогымда жазған Айзектің романындағы жағдай «көпестер» ісі жүріп тұрған заман.
ken
қысқасы тек орыстарды ғана емес, мәңгүрттенгендерді де шақырып жатыр екен. тізімдегі өңірлердің халқы азайып жатыр. ол жақтарда қытайдың заңды/заңсыз мигранттары көбеюде. сондықтан осындай шешімге келген болса керек. плюс, әдетте мәңгүрттер өздерінің орыс болмай туылып қалған "қателіктерін түзету үшін"/орыстар алдында ұпай жинау үшін, ұлтаралық келіспеушілік болып жатқан кезде өз ұлтының емес орыс ұлтының мүддесін жақтауда алдына жан салмайтыны тағы бар. сондықтан бұлар Ресей үшін құнды азаматтар болмақ.
bake
кеше түннің ортасында ФБ-да тақырып қозғапты. Ақ орда иесі кім болады дегендей, Сонда байқағаным мәңгүрттер -мәңгүрттерін тақта көрмекші.