Әлемдік мундиаль

Блог - kaztube: Әлемдік мундиаль
Әлем чемпионаты басталып, ел-елдің бәрі әрбір ойынды қызу талқылап жатқан сәтте Kaztube.kz бейнепорталы да трендтен тыс қалмауды жөн деп шешті. «Спорт» газетінің журналисті Бек Төлеуовтың авторлығымен жаңа жоба көрермендерге жол тартпақшы.
«Әлемдік мундиаль» деген атпен шығатын бағдарламаның мақсаты – Бразилияда өтіп жатқан 2014 жылғы әлем біріншілігін талдау, сараптау болмақ. Аптасына үш рет шығып отыратын бұл бағдарламаға қоғамға белгілі, елге еңбегі сіңген тұлғалар қонақ болып, әлем чемпионаты туралы өз ойларымен бөлісіп, әрбір өткен ойындарды талқылайтын болады. Алғашқы қонақтардың тізімі де белгілі, олар: Дәурен Берікқажы, ақын, бірнеше жыр-жинақтарының авторы; Ерік Чинчалинов, Л.Н.Гумиелев атындағы ЕҰУ-нің Студенттер лигасының менеджері, Қазақстанда алғаш рет футболдан студенттер лигасын ұйымдастырған. Алдағы уақытта тағы да басқа қонақтар шақырылады.
Kaztube.kz бүгін-ертең көрсеткелі отырған жаңа жоба халыққа өте пайдалы әрі қызықты болары сөзсіз. Біздің порталды қарай жүріңіз!
Бөлісу:

1 пікір