"Айналайын баладан, тауып алған даладан"

Әкемнің қызы болдым. Әкемнің қасына жататынмын, қарнына шығып алып, түспей қоятынмын  Тіпті, 4-5 сынып оқушысы болғанымда да арқалатып қоятынмын өзімді. «Аһ» дегенде аузымнан түсіп қалдың," дегеніне Құдайдай сенетінмін  Нағыз шындықты қашан білгенім есімде жоқ,өзімнен үлкен көрші қыздардан есіткен сияқтымын.

"Қазіргі балаларды ата-анасы қалай туады екен?" Жүргізген видеосауалнамам бойынша олар іштен шығатынын біледі. Өзіңіз көріңіз

Бөлісу:

24 пікір

MamaAya
 Ой, рахат-аййй! Мені терлетіп жүрген сұрақ қой бұл)))) Балалар біледі, сонда да біз өтірік айтуға болмайды, алдамау керек деген соң бізді тек шын айтады деп ойлап бізден сұрайды. Былтыр Атырауда Дамыту орталықтарында «Откуда я взялся» деген оқулыққа қатысты біраз дау болғанын естіген едім,,, қызықтап оқулықты интернеттен іздеп те оқып ұялып едім қанша ұялшақ болмасам да (в этом плане))) Бірақ мен де ерте-ақ ауыздан түспегенімді, шанадан түспегенімді біліп қойғам.))) Входты білсем де,,, выходты басқа жақ деп ойлаппын ұзақ уақыт.))))) Бірақ балдарыма ашық бірібір айта алмаймын, үлкенім уже сезеді баланы папа мен мама ешкім жоқта спальняда жасайтынын. Оны мен витаминдер кһп ішем ғой сонымен бірге ішімде пайда болып ол өсіп өсіп врачтар укол салып ұйықтатып қойып қайдан шығаратыны белгісіз шығарып береді дегенімде айтқан.)))) Сонымен әзірге өтірік энциклопедиямын.
MamaAya
а ауыздан шығатынын өтірік екенін нағашым ауылында сиыр туғанын көргенбіз))))) сол кезден білгем, выходты да сол үшін шатастырғам)))
Керемет, ізденіс, керемет маңызды мәселе қозғапсың, Эльвира!!!))) Таза біздерский вариант!)))
Соңғы түзету:
aikarakoz
Маған үнемі жып-жылы пікірлер жазып, демеу беріп жүресің  Рахмет, сұлуым
MERmukhanov
Алан бала жастан сексуальный гигант болдым деді мә, не деді?
aikarakoz
 мен ваще таң қалдым солай дегенде
asaubota
понт не пропьешь
Anar70
дааа, солай де))))))))))))))
satibaldi
Сен туа сала білген шығарсың, а нақ?
aikarakoz
баннан шығарың, е
Anar70
Соңғы түзету:
AKY
Енді көрдім. Күліп өлдім))) «Уфф, голова заболела» деген жігіт кадр енді
MickThatsMyNick
Роза Рымбаеваның осы өлеңін, клипін таба алмай жүрмін, балаларымен түскен… сілтемесі болса…
dark_nazgul
Мен біразға дейін апамның аузынан түскем деп ойлайтынмын, «түкіргенде аузымнан түскенсің» дейті… Біраздан кейін, апамның түкіргішін жуатын жасқа жеткенде, насыбай түкіргенде түскем бе деп… жаман өзімнен жиіркенетінмін…
Gastarbaiter
Біздің пақанның ішінде пышақталғаннан қалған жарақат пен хирургтың тігісі болатын, «кіндік тұсінан тіліп, сені шығарып алдық дегенге сенетінмін.
neoaskar
2:43. "Ішіне Алла тағала салып қояды" дұрыс жауабы қызға кәмпит берілсін.
MamaAya
Мына сұрақ туралы әлі де ойланып жүрмін, бірақ тағы балам сұрап қалса, өзімше баланың санасына қонымды етіп түсіндіремін деп текстті дайындап та қойдым. Әрі ол өзінің өсіп, толысып, ер жеткендегі дене бітіміндегі өзгерістерге комплексовать етпеуі үшін де,,,,, бір бірімізге кейбір органдармыз ұқсамайтын 2 түрлі қыздар, балалар болып жаратылғанымызды енді суреттеп бермесем де айтып беремін шығар. Ары қарай тонкосттарын өскенде әкесі үйретер.
Gastarbaiter
Ауылдың балалары жануарларды бақылап-ақ біледі емес пе?
aikarakoz
Қайдам. Екі иттің не үшін жабысатынын мүлде ұқпайтынмын. Оларды тас атып қуалап, қарқылдап жүргенде үйдегілер "қой,қойға", "үйге кірге" басад — сосын құбылыстың жұмбағы күшейе түсед
MERmukhanov
бәрі жүр :)

Мен үшінші-төртінші сыныптарда кітаптан оқып қойдым)))))