Ақ теңізден жеткен сылдырмақ немесе басылмаған сағыныш
Түркістанда тудым. Жеті жасқа толғанда Арысқа көшіп кеттік. Түркістандағы бала күндерімнен есімде қалғаны: сол бір ағаштан жасалған сылдырмақ еді. Нағашы ағам жасап берген.
Ағаш кесінділерінен құралған сылдырмақтың пішіні ұнайтын-ды. Түркістаннан Арысқа көшіп жүрген уақытта жоғалып кетті. Қайда қалғанын…
Бала күндерді есіме алсам осы бір шаркунок көз алдыма келеді.
Балалыққа деген сарқылмас сағыныштың қимасына айналған шаркунокты есейген шағымда жасап көрмек болдым.
Алдымен нағашы ағамнан шаркунокты жасау жолын сұрадым. Ағам оны бір кітаптан көріп істегенін, бүгінде өлшемдерін ұмытып қалғанын айтты.
Кітаптан алғанын білген соң, инетте бар болар деп гууглдің жанын шығардым.
"Ә" дегенде жасалу сызбанұсқасы көлбеңдеп шыға келді.
Не керек екені белгілі. Ағаш, тағы да ағаш, ағаш болғанда да қарағаш.
Ордабасы алаңы маңындағы «Старый город» атанып кеткен құрылыс материалдарын сататын базарға кештетіп жетіп бардым.
Сауда орындарының дені жабылып қалған. Арасында біреуі ашық болып, сол жерден ағаш сатып алдым. Бір данасының бағасы 100 теңге. Ұзындығы 2 метр. Ойланбастан екеуін қолыма ұстадым.
Енді керегі ара. Ара болғанда да қылара. Ірі және ұсақ тісті мен іздеген ара бар екен. Бағасы 150 теңге. Содан кейін тағы не керегін білмей тұрып, ә бір қажетке жарап қалар деп атын да білмейтін осынау жинақты сатып алдым. Шынын айтқанда, кейіннен еш қажетке жарамады. Текке кеткен 500 теңге.
Базардан шығып бара жатып, мынабір дүкен атауына қызықтым.
Мен базарға бара жатқан кезде нөсер жаңбыр жауған еді. Базарға жеткенше тоқтап, ауа шіркін бір тазарып қалды.
Таза ауаны рахаттана жұтып, Ордабасы алаңына бардым. Үш бидің басы қосылып, кездескен мекен дейді бұ жерді.
Үлкен байрағымыз желбіреп тұр. Бұл 29 мамыр күні болатын.
Майда-шүйдемді құшақтап үйге жеттім. Есікке мынадай хабарландыру газетін қыстырып кетіпті. Ұнамайды осындай тірлік.
Сонымен не керектің бәрі бар. Интернеттен жасалу жолы көрсетілген суреттерді жүктеп алғанмын.
Шаркуноктың құрылымы төрт бөлшектен тұрады. 16 қысқа кесінді, 4 ұзын кесінді, қалпағы мен тұтқасы. Айтпақшы, дыбыс беру үшін ұсақ тас, күріш, горох және тағы да басқа ағаш жақтауына соғылғанда дыбыс шығаратын нәрсенің бәрін пайдалануға болады.
Алдымен қысқа кесінділерді жасап алмақ болдым. Өлшедім. Ұзындығы 4,1 см. ені 1,5 см.
Бөлдім.
Үйде ешкім жоқ, суретке түсіретін. Ал, селфи
Арамен бөліп тастадым. Ұзын шамасы 24-25 дана болды-ау деймін.
Әр бөлшекті қақ ортасынан ұзына бойы екіге бөлу керек. Ені 1,5 см болғандықтан 7-7,5 ммден сызық түсті. Сызық бойымен екіге ажыратылды.
Ендігісі ішін ойып, екі шетін ұшбұрышты қиық жасау.
Алғашқысы сәтсіз аяқталды. Қалған төртеуі пішімге келді, әйтеуір.
Ертеңі кешкісін келіп, жұмысты жалғастырдым. Қысқа кесінділер жасалып бітті. 17 қысқа кесінді. Керегі 16 дана.
Ендігі шаруа: ұзын кесінділерді жасау. Оңай іс. Тек өлшемін ұлғайтса болғаны. Ұзындығы — 7,5 см, ені — 1,5 см.
Бұл да қақ ортасынан бөлінді. Өлшенді, кесілді. 4 дана үлкен кесінді әзір болды.
Жауапты сәт: тұтқаны жасау. Бұл маңызды. Барлық кесінділер соған бекітіледі.
Тұтқаны жасауға 29 мамыр күні сатып алған ағаштар жарамайды екен. Өлшемі қысқа. Жұмыстан шығып, үйге қайтар жолда көше бойындағы құрылыс жүргізіп жатқандардан ағаш қиықтарын сұрап алған едім. Үйге алып келдім
Ал, сонымен, әурелену басталды. Қатты ағаштар. Икемге келуі қиын.
«Не де болса» деп, мен де қайтпадым, әйтеуір қолда бар құралдармен бірдеңе жасаған болдым.
Үлкен ара керек екен. Қайдан болсын.
Қақпағын жасамастан бұрын, алдымен қиюластырып болдым. Жарамады. Неден қате кеткенімді қайдам, бір-біріне килікпей қойды. Осылайша менің шаркунок жасамақ болған әрекетім сәтсіз аяқталды.
Уақыт тығыздығы және менің қолымның икемсіздігі себеп болды ма, жоспар орындалмады.
Қолда бары: пышақ, не балта және отын-ағаш. Табиғаттың құшағында күнелткен халық арасынан шыққан шеберлердің қолына түскен ағаш біткен — әп-әдемі туындыларға айналып шыға келетін-ді. Олар көп ретте тұрмыстық заттар мен балалар ойыншықтарын жасағанды құп көрген екен.
Солардың ішіндегі ерекшесі: құрастырмалы ағаш- сылдырмақтар. Жақсы шаркунок жасау үшін қолдың ептілігі ғана емес, сонымен қатар батылдық пен зеректік те қажет. Өйткені, шашылған шаркунокты жинап шығу оңай шаруа емес. 20 данадан артық бөлшектің басын құрап, шаркунокқа айналдыру үшін миды қозғалту керек. Алдында шашылған кесінділерді құрай алмай, дал болып,. тайқып шығатындар кездеседі-мыс. Мінекей, осылайша қарапайым ғана шаркунок күрделі басқатырғышқа айналып шыға келеді.
Шаркуноктың құрылымы есік-терезесі жоқ көп ұяшық-бөлмиелері бар көпқабатты үйді еске түсіреді. Шаркунокты қайыңның қабығынан, не қарағаштан жасайды. Қарағаштан кесінділері, ал тұтқасы мен қақпағы қайың ағашынан кесіледі. Қалпағына құстың, не жылқының шағын ғана ағаш мүсінін орнатқан. Құс мүсінді шаркунокты қыз баласына, ат мүсіндіні ұлға ұстатқан.
Солтүстік халқында, Құс — күн мен жарықтың, ал Жылқы — жел мен дауылдың символы болған.
Шаркунокқа үн бітіру үшін әр ұяшыққа горох, күріш, бытыра, не ұсақ теңіз тастарын салады. Горох салынса жұмсақ дыбыс, бытыра, не тас салынса сыңғырлаған, не қатаң дыбыс шығатын болған.
Шаркунокты қолға ұстап тұрып: сілкіп-сілкіп жіберсе, күрке іші теңіз толқындарының соқтығысқан үніне, жапырақтардың сыбдырына, шегірткелердің шырылына толып кетеді екен. Ұзақ жылдар қарағайдың бойына жиналған солтүстік табиғатының бар үні шаркуноктың сылдыры арқылы тысқа шыққан.
Шаркунокты әуел баста тек бала ойыншығы ғана емес, жын-шайтанды қуатын музыкалық аспап ретінде де пайдаланған болуы мүмкін.
Шаркунок — 24 кесіндіден құралады. Кесінділер тұтқа мен қалпаққа бекітіледі. Шаркунокты жасағанда кесінділердің өлшемі мен пішінін сақтау аса маңызды. Бұл екеуі дұрыс болмаса, онда бір-біріне килікпей қалады.
Құрастырғанда әр ұяшыққа бытыра, не горох, не ұсақ тастар салып отыруды ұмытпау қажет.
Ағаш кесінділерінен құралған сылдырмақтың пішіні ұнайтын-ды. Түркістаннан Арысқа көшіп жүрген уақытта жоғалып кетті. Қайда қалғанын…
Бала күндерді есіме алсам осы бір шаркунок көз алдыма келеді.
Балалыққа деген сарқылмас сағыныштың қимасына айналған шаркунокты есейген шағымда жасап көрмек болдым.
Алдымен нағашы ағамнан шаркунокты жасау жолын сұрадым. Ағам оны бір кітаптан көріп істегенін, бүгінде өлшемдерін ұмытып қалғанын айтты.
Кітаптан алғанын білген соң, инетте бар болар деп гууглдің жанын шығардым.
"Ә" дегенде жасалу сызбанұсқасы көлбеңдеп шыға келді.
Не керек екені белгілі. Ағаш, тағы да ағаш, ағаш болғанда да қарағаш.
Ордабасы алаңы маңындағы «Старый город» атанып кеткен құрылыс материалдарын сататын базарға кештетіп жетіп бардым.
Сауда орындарының дені жабылып қалған. Арасында біреуі ашық болып, сол жерден ағаш сатып алдым. Бір данасының бағасы 100 теңге. Ұзындығы 2 метр. Ойланбастан екеуін қолыма ұстадым.
Енді керегі ара. Ара болғанда да қылара. Ірі және ұсақ тісті мен іздеген ара бар екен. Бағасы 150 теңге. Содан кейін тағы не керегін білмей тұрып, ә бір қажетке жарап қалар деп атын да білмейтін осынау жинақты сатып алдым. Шынын айтқанда, кейіннен еш қажетке жарамады. Текке кеткен 500 теңге.
Базардан шығып бара жатып, мынабір дүкен атауына қызықтым.
Мен базарға бара жатқан кезде нөсер жаңбыр жауған еді. Базарға жеткенше тоқтап, ауа шіркін бір тазарып қалды.
Таза ауаны рахаттана жұтып, Ордабасы алаңына бардым. Үш бидің басы қосылып, кездескен мекен дейді бұ жерді.
Үлкен байрағымыз желбіреп тұр. Бұл 29 мамыр күні болатын.
Майда-шүйдемді құшақтап үйге жеттім. Есікке мынадай хабарландыру газетін қыстырып кетіпті. Ұнамайды осындай тірлік.
Сонымен не керектің бәрі бар. Интернеттен жасалу жолы көрсетілген суреттерді жүктеп алғанмын.
Шаркуноктың құрылымы төрт бөлшектен тұрады. 16 қысқа кесінді, 4 ұзын кесінді, қалпағы мен тұтқасы. Айтпақшы, дыбыс беру үшін ұсақ тас, күріш, горох және тағы да басқа ағаш жақтауына соғылғанда дыбыс шығаратын нәрсенің бәрін пайдалануға болады.
Алдымен қысқа кесінділерді жасап алмақ болдым. Өлшедім. Ұзындығы 4,1 см. ені 1,5 см.
Бөлдім.
Үйде ешкім жоқ, суретке түсіретін. Ал, селфи
Арамен бөліп тастадым. Ұзын шамасы 24-25 дана болды-ау деймін.
Әр бөлшекті қақ ортасынан ұзына бойы екіге бөлу керек. Ені 1,5 см болғандықтан 7-7,5 ммден сызық түсті. Сызық бойымен екіге ажыратылды.
Ендігісі ішін ойып, екі шетін ұшбұрышты қиық жасау.
Алғашқысы сәтсіз аяқталды. Қалған төртеуі пішімге келді, әйтеуір.
Шаршадым. Ұйықтап қалыппын. Ертең жұмыс.
Ертеңі кешкісін келіп, жұмысты жалғастырдым. Қысқа кесінділер жасалып бітті. 17 қысқа кесінді. Керегі 16 дана.
Ендігі шаруа: ұзын кесінділерді жасау. Оңай іс. Тек өлшемін ұлғайтса болғаны. Ұзындығы — 7,5 см, ені — 1,5 см.
Бұл да қақ ортасынан бөлінді. Өлшенді, кесілді. 4 дана үлкен кесінді әзір болды.
Жауапты сәт: тұтқаны жасау. Бұл маңызды. Барлық кесінділер соған бекітіледі.
Тұтқаны жасауға 29 мамыр күні сатып алған ағаштар жарамайды екен. Өлшемі қысқа. Жұмыстан шығып, үйге қайтар жолда көше бойындағы құрылыс жүргізіп жатқандардан ағаш қиықтарын сұрап алған едім. Үйге алып келдім
Ал, сонымен, әурелену басталды. Қатты ағаштар. Икемге келуі қиын.
«Не де болса» деп, мен де қайтпадым, әйтеуір қолда бар құралдармен бірдеңе жасаған болдым.
Үлкен ара керек екен. Қайдан болсын.
Қақпағын жасамастан бұрын, алдымен қиюластырып болдым. Жарамады. Неден қате кеткенімді қайдам, бір-біріне килікпей қойды. Осылайша менің шаркунок жасамақ болған әрекетім сәтсіз аяқталды.
Уақыт тығыздығы және менің қолымның икемсіздігі себеп болды ма, жоспар орындалмады.
Шаркунок деген не?
Бұл өзі Ақ теңіз жағалауындағы балықшылардый ойлап тапқан дүниесі. Ауа райы жақсы күндері балықшылар теңізге шығып кетсе, жайсыз ауа райында үйлерінде отырған. Суық күнде тысқа шығу мүмкін болмаған соң, жануар майынан маздаған шамның айнала қоршай отырып, қолөнермен уақыт өлтірген.Қолда бары: пышақ, не балта және отын-ағаш. Табиғаттың құшағында күнелткен халық арасынан шыққан шеберлердің қолына түскен ағаш біткен — әп-әдемі туындыларға айналып шыға келетін-ді. Олар көп ретте тұрмыстық заттар мен балалар ойыншықтарын жасағанды құп көрген екен.
Солардың ішіндегі ерекшесі: құрастырмалы ағаш- сылдырмақтар. Жақсы шаркунок жасау үшін қолдың ептілігі ғана емес, сонымен қатар батылдық пен зеректік те қажет. Өйткені, шашылған шаркунокты жинап шығу оңай шаруа емес. 20 данадан артық бөлшектің басын құрап, шаркунокқа айналдыру үшін миды қозғалту керек. Алдында шашылған кесінділерді құрай алмай, дал болып,. тайқып шығатындар кездеседі-мыс. Мінекей, осылайша қарапайым ғана шаркунок күрделі басқатырғышқа айналып шыға келеді.
Шаркуноктың құрылымы есік-терезесі жоқ көп ұяшық-бөлмиелері бар көпқабатты үйді еске түсіреді. Шаркунокты қайыңның қабығынан, не қарағаштан жасайды. Қарағаштан кесінділері, ал тұтқасы мен қақпағы қайың ағашынан кесіледі. Қалпағына құстың, не жылқының шағын ғана ағаш мүсінін орнатқан. Құс мүсінді шаркунокты қыз баласына, ат мүсіндіні ұлға ұстатқан.
Солтүстік халқында, Құс — күн мен жарықтың, ал Жылқы — жел мен дауылдың символы болған.
Шаркунокқа үн бітіру үшін әр ұяшыққа горох, күріш, бытыра, не ұсақ теңіз тастарын салады. Горох салынса жұмсақ дыбыс, бытыра, не тас салынса сыңғырлаған, не қатаң дыбыс шығатын болған.
Шаркунокты қолға ұстап тұрып: сілкіп-сілкіп жіберсе, күрке іші теңіз толқындарының соқтығысқан үніне, жапырақтардың сыбдырына, шегірткелердің шырылына толып кетеді екен. Ұзақ жылдар қарағайдың бойына жиналған солтүстік табиғатының бар үні шаркуноктың сылдыры арқылы тысқа шыққан.
Шаркунокты әуел баста тек бала ойыншығы ғана емес, жын-шайтанды қуатын музыкалық аспап ретінде де пайдаланған болуы мүмкін.
Шаркунок — 24 кесіндіден құралады. Кесінділер тұтқа мен қалпаққа бекітіледі. Шаркунокты жасағанда кесінділердің өлшемі мен пішінін сақтау аса маңызды. Бұл екеуі дұрыс болмаса, онда бір-біріне килікпей қалады.
Құрастырғанда әр ұяшыққа бытыра, не горох, не ұсақ тастар салып отыруды ұмытпау қажет.
P.S. Жаңа фотопарат/соткаң құтты болсын! Керемет түсіреді екен. ЖынД-жынД кадрлар көрдім
ой, фотик менікі емес, жұмыстікі ғо, админмен әңгімеміз дұрыс ед, екі күн үйге беріп жіберд, айтпақш Canon EOS 1100 D))
менде араның ұстауышы болмад, тек тісі ғана
Сүмесүтті жасағанда бір рет ит жеп кетіп, екіншісінде күйдіріп алып, үшіншісінде барып теріні нормально өңдеп алғанмын.
расын айтсам, тігіп кететін ағаш іздедім, айналадан
сосын базарға барғанда бір ағаш сатушы пензесс болд, не ағаш десем, ағаштың түрі болушы ма еді дейд, иә болад дедім, түрі айнып кетті, сосын ол жерден кетіп қалдым, кешкі уақыт болатын, барлық сауда орындары жабылып жатыр екен, қайта айналып сол сатушыға келдім, мына ағашты аламын десем, сатпайм, жабылып жатырмыз деп, әлдеқандай болад, артқақайырылғантолқындышашынұрайынссс, басынан тепкім кетті, 40 жастардағы мұжық ғо,