Естен кетпес естелік
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. © Мұқағали
Биыл бірінші рет туған жерімнен алыстааа туған күнімді қарсы алдым. Туған күн маған сондай бір үлкен мереке болмаса да, адамдардан құттықтау алып, жылы-жылы сөзде есту кімге жақпасын Сонымен қатар бұл күні саған арнайы таңдалған сыйлықтар ұсынылады. Ол да күштііі ғой
23-ші туған күнім жылдағыдай кәдімгідей басталды. Бірақ биыл туған күнімде ең бірінші болып, түңгі сағат 12:00-де бетімнен анашым мен әкешім, сіңілім мен інім емес, мен өмірімде кездестірген ең позитивті екі адам тілектерін айтып, бетімнен сүйді. Оны мен алдағы жылым позитивке толы болады деп жорыдым.
Ертеніне күн кәдімгідей өтті. Ерекшелігі күні бойы жұмыста телефоным шырылдап құттықтаулар алдым және сүйкімдііі әріптестеріммен торт жегендігіміз болды
16 мамыр жұма болғандықтан, бұл күні жұмыстан кеееш шықтым. Себебі барлық блогиадалықтарға аян шығар
Алдында бәріміз Керуенге Асхат ағай келіп сонымен кездесуге барамыз деп келіскен болатынбыз. Бірақ мен Дарикоға кездесуге келе алмайтындығымды айтқанда, ол жұмыстан шығып келе бер, кездесуден кейін Керуенде отырамыз деген. ОК деген соң Керуенге барамын деп отырған болатынмын. Бір уақытта кешке жұмыста үш күн ұйықтамағандығын айтып Абылай жүр. Қайтпайсың ба енді десем жұмысым бітпеді дейді. Бірақ өзі қайта-қайта далаға шығып кете береді. Сөйтсем жұмысымызға Азамат Тілепов келген екен
Дала қараңғыыы...
Азамат жоқ болып кеткен.
Абылай аяқ астынан невтему әңгіме айтып кетті… Дым түсінбей қалдым...
Сөйтсееееем… surpriіііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііse...
Жандарымааау! Менің құттықтау үшін далада Астананың «наглый» масаларына таланып бір жарым сағатқа жуық уақыт тұрыпты ғой. Кім білген боталарымның бұлай істерін. Білгенде 7-де жұмыс біте салысымен далаға атып шығар едім ғой
Шарики-шарики
Толығырақ бәсекелесім Абзал Сариетің репортажынан көріңіздер
Үйге келгеннен кейін іші ақша, алтынға толы сандығымды қайта аштым:
Мафия жазған ып-ыстық хаттарды оқыдым:
Маған тілеген тілектерің Алланың құлағына шалынып, қабыл болуын тілеймін
Тосын сый дегенді естіген едім, бірақ ол дәл осындай болады деп ойламаппын. Мені таңқалдырып, туған күнімнің күштііі өтіне себепші болғандардың барлығына үлкееен рахмет! Сендер сиақты достарым болғанына шексіз ризамын боталар!
Туған күніңмен, Айнұр! Әрдайым нұр шашып, қуаныш сыйлап жүре бер!