Жарнама патшалары

Телевидениеде істегесін видео, кино, жарнама деген нәрселерге әрдайым құлағым түрік. Қай-қайсысының да өзгеге ұқсамайтын, ерекше талғаммен жасалғандарын қайта-қайта қарап, тамсанамын да жүремін. Бірақ, бүгінгі әңгіме жай ғана жарнама емес, нағыз өнер турасында болмақ.

BMW деген көлік туралы білесіз ғой. Менде 1993 жылы шығарылған BMW-320 болған. Еркелетіп Бамблби деп атайтын едік. (Лирикалық шегініс. Мен көліктерімнің бәріне ат қоямын. Алғашқы машинам 1990 жылғы Мазда Британ патшайымының өзі сияқты кәрі, бірақ тың болғандықтан, «Куин Элизабет» атанды. Одан кейінгісі — жаңағы «Бамблби», Мицубиси Паджеро — «Оптимус Прайм», Тойтота Камри’30: «Багира»). Машинам ұнайтын. Бірақ, немістің осы брендіне ғашық болуымның сыры тек жүріс-тұрысында емес, жарнамасында жатқан шығар деп ойлаймын. Басқа емес 2000 жылдардың басында арнайы Интернет үшін түсірілген фильмдер желісі туралы айтып отырмын.

О, егер бұл фильмдерді көрмеген болсаңыз, сіз жарнама жайлы түк білмейсіз. Өйткені бұл мини шедеврлер тек автомобиль жарнамасында емес, жалпы жарнама бизнесінде болмаған және осы күнге дейін әлі қайталанбаған соны жаңалық болған еді.

Анг Ли, Гай Риччи, Алехандро Гонсалес Иньяритту, Вонг Кар Вай, Джон Ву, Джо Карнахан, Тони Скотт, Джон Франкенхаймерлердің есімі таныс шығар сізге. Аталған режиссерлер BMW үшін сегіз минуттық қысқаметражды фильмдер түсірді. Және әр туындыда автордың өзіне тән қайталанбас қолтаңбасы сезіліп тұрады. Актерлер құрамына қарап, тіпті естен тануға болады. Клайв Оуэн, Мадонна, Джеймс Браун, Гари Олдмэн, Мэрилин Мэнсон, Дэнни Трехо, Микки Рурк, Адриана Лима, Форест Уитакер. Иә-иә, бұл фильмдерге жарнама ретінде қарау тіпті де мүмкін емес.









Теңдессіз кампанияның тарихы 2001 жылы басталды. Идея авторы: Fallon агенттігі. BMW корпорациясы да өкінген жоқ. Өйткені, екінші маусымның соңына қарай көліктердің сатылу көрсеткіші 73 пайызға өсті, ал тест-драйвтар тіпті 400 пайызға артты.

BMW -дан соң мұндай масштабты жарнамалық кампания жасаған автоконцерндер есімде жоқ. Дегенмен, тек Интернетке арналған роликтермен, желідегі тұтынушыны қызықтырмаққа тырысқан әрекеттерді көріп жүрмін. Айырықша атап өтуге тұрарлығы Volvo-ның жарнамалары. Қартаймайтын Жан Клод Ван-Даммның трюгін ұмыта қоймаған шығарсыз.


Бірақ бұл Volvo Trucks компаниясы бастаған жарнамалық циклінің ең соңғы бөлімі (әзірге). Ван Даммның шпагатына дейін де, көліктердің оңай басқарылатынын дәледеу үшін бірнеше ролик түсірілді. Ақыр аяғы Volvo-ны тышқан да оп-оңай айдай алатын болып шықты.




Автоконцерндердің Интернетке қарай бұрылғаны да тегін емес. Қазір көлік алғысы келген адам, бірден түрлі сайттардағы пікірлерді оқып, көліктің техникалық мінездемесімен онлайн таныса алады. Кейбір деректер бойынша, бүгінде автомобиль шығарушылар жарнамаға жыл сайын 40 млрд. АҚШ долларын бөледі екен. Салыстыру үшін айтсақ, Қазақстанның 2014 жылға жоспарланған бюджеті 35 млн. АҚШ доллары.

Байқағанымыздай, анау қырық млрд.-тан асап қалу оңай шаруа емес. Креативтің көкесін көрсету керек. Ойланыңыз, мүмкін, сіз де бір күні гигант компанияның бюджетіне ауыз саларсыз.

Тағы-тағылап отырғандар болса, төмендегі ролик тұздыққа.
Бөлісу:

7 пікір

Marco
видеоларды ютюбтан қарасаңыз, барлық бөлімдерін көресіз
MamaAya
Мына реклама да өзінше мықты
Your text to link...
Marco
Бір реттік жарнамаларды айтсақ есте қалатындары көп. Хюндай да соңғы кезде күшті жарнамалар жасап жүр. Тек, оларда ортақ идея жоқ. Және олар интернетке емес тв-ға арналған.
zholantai
жұмысқа келіп, жұмыстың компынан қарап отырм, жылдамдық нашар, видеоның бүкіл кайын құртты,
осындай стратегиялықұ жарнама компаниялар ұнайд, стратегиялық деген сөз дұрыс қолданылмаған шығар бәлкім, осындай ортақ идеясы бар, циклдік жарнамалар деп айтайынш,
БМВның 8 короткометражкіден тұратын жарнама кампаниясы туралы алғаш естіп отырм, рахмет
Marco
Тони Скоттың фильмінің соңғы нүктесі, енді гениальный стеб қой)))
MickThatsMyNick
КИА Соулдың мына жарнамасы мықты енді.))
Marco
Киномандар ретінде patick пен qisyq -тың пікірлері қызық болып тұр