"LIKE" үшін өмір...

Блог - kozildirik: LIKE үшін өмір...

...Қорс-қорс. Сылп-сылп. Пернетақтаға жете берген суды шырқ еткізіп тартқанға болмаса сөмкеде жатқан сулы сүрткішпен тазалауға уақыт жоқ. Ия, сырт көзге қарағанда ол адаммен сөйлессе бетін толықтай жабатын телефонға құр үңіліп отырған сияқты. «Не жоғалттың, көз майыңды тауысып!» дейтін әже жоқ. Ықықы, әже жоқ деп қоямын, өзі оның әже жасына жетіп қалған. Бірақ, әлі қорс-қорс, сылп-сылп. Бос отырған жоқ ол, «лайк» күтіп отыр…
… Бәрі жәй әшейін басталған. Интернет жоқ заманда. Мектепте бір жігіт бір көзін сүзіп өткені бір лайк болатын. Тіл қатса камент қалдырды. Дискотекада билесе — «оффлайн кездесу». Амал не, бәсекелестер көп еді. Басылған, ол заманда қысылған, лайк адасып басқа қыздарға кетіп қалатын әдеті бар. Каментті де қасыңдағы қыздар флудтап кететін. Оффлайн кездесудің соңы — игнор, қара тізім…
… Сосын интернетті үйренді. Блог жаза бастады. Бір плүстеу-бір лайк. Пікір ұзындығы қалыңдықтың көйлегінің етегіндей созылған сайын жан кіреді. Оффлайн… әдетте қолданушылар арасындағы күші мен белсенділігі жоғарылармен ғана жүретін. Бәсекелестер… олардың мәселесі оңай, енді өзің флдутай аласың. Әйтпесе минустап таста. Ықықықы…
...Әлеуметтік желі шыққаннан бері тіптен қиындады. Қорс-қорс, сылп-сылп басталды. Селфи. Мейстрим. фотосет. Инста. Фейсбук. Және де лайк, лайк, лайк, тағы да лайк. Барлығының «көмейіне құм құйылғанша» пернетақтаға жете берген суды шырқ еткізіп тартқанға болмаса сөмкеде жатқан сулы сүрткішпен тазалауға уақыт жоқ…
… Негізі бар ғой, сол қыз алтыншы сыныпта қатысқан «Мектеп аруы» сайысында завучтың қызынан озып бірінші орын алғанда ғой, осы комплекс қалыптаспайтын еді. Ал қазір меңгерушінің сақау қызына ару атағын алып берген төрт мұғалімнің қателігін дәлелдей аласың ба?! Дәлелдей алмасаң барып инстаңды қарап кел, күтіп отырған лайктарың көбейіп қалған шығар…
Бөлісу:

5 пікір

Gastarbaiter
Инстаграмда жоқтығымның кесірінен екінші жақта жазылған қорытындыны қабылдай алмай отырмын.
MickThatsMyNick
Көзілдірік, жазбаның негізгі беттегі тіркеме суретін өзгертшиш.)
AzamatToyshybek
Өмірдің ащы шындығы ия?