Сенна туралы
Картинг «карт» деп аталатын болидтың шағын және қарапайым түрімен арнайы картодромда жарысуды айтамыз. Алматының сыртында, қай жерінде екенін нақты білмеймін, картингтен ұялмайтыңдай дәрежеде сайыстар өткізуге болатын картодром бар деп естідім, бірақ көрген емеспін.
Ал оны көруге мүмкіндігі жоқтарға картингпен «Метро» ойын-сауық кешенінде немесе Қиял-ғажайып бағында танысуға болады. Бағасы 1200 теңгеден жоғары. Алайда жеңілдіктер кезеңіне тап болсаңыз 400-600 теңге аралығында 4 минуттық тамаша әсер алуға болады.
«Формула 1-ге» деген қызығушылығым осы картингтен кейін басталды. Жас кезімде әкемнің осы спортты теледидардан қарап отырғанында «Не деген мағынасыз әрі қызықсыз дүниені көріп отыр» деп ойлайтынмын.
Бір күні АйЭмДиБидің сайтын шарлап отырып, деректі фильмдердің үздігінде «Senna» деген атауға көзім түсті. Биографияға негізделгені анық, рейтингісі өте жоғары, алайда естімеген есім… Қысқаша синопсисы Формула 1 жүргізушісі жайлы екенінен хабар бергесін, қарағым келмей кеткені рас. Алайда, қызығушылық жеңді де…
Осылайша Айртон Сеннаның тұлғасы мен спорттық карьерасының фанатына айналдым.
Айртон Сенна 33 жасында өмірден өтті. Жүрегі таза, бар өмірін, өзін түгелімен Формула 1-ге арнаған, оны шын сүйген «Сыйқыршы» (әріптестері мен фанаттары берген атауы)
Жарыс «Гонка» фильмі де осы тақырыпқа байланысты жақсы түсірілген, австриялық Ники Лауда мен британдық Джеймс Хант туралы. Біріншісі 3 мәрте чемпион болады, соңғысы тек 1 мәрте. ПыСы: Трасса салу керек бізге.)
ПыС: Жауап ретінде жазуды әдетке айналдыр.)
Жә, намысқойлығын қарасаңшы мұның, тығылып оқығанын мойындамай
«бұл да барып тұрған идеясыз шығарма» деп Ж. ТілековыҢ біраз басынған екен, Әбіш үндемей қоя салады деп әхәхәхә