Блогиада #6: Спорт сусындары

Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындарыКәсіпқой спортшылар мен жаттығу залына тұрақты барып тұратындарға арналған сусындар: протеин коктейлдері, гейнерлер, аминқышқылдары, жаттығу кезіндегі кешен, энергетикалық сусындар болып бөлінеді. Бұндай сусындар ұнтақ түрінде болады және өңдірісі сәбилерге арналған қоспалар шығару технологиясына ұқсас.

Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындарыСпорт сусындарын Венгриядан Қазақстанға әкелумен айналысып жүрген, «Scitec Nutrition» дүкенінің директоры, бодибилдинг бойынша еліміздің спорт шебері Евгений Акименко осы қоспалар туралы, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы баяндап берді:

Протеин коктейлдері
Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындары — Протеин коктейлдері жаттығудан кейін ағзадағы ақуыз (белок) алмасуын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Адам тәні үнемі катаболизм жағдайында болады. Осы үрдіске қарсы тұру үшін, ағзада анаболизм әрекеттері жүруі үшін осындай сусындар ойлап табылған. Оның құрамында жоғары сапалы ақуыз бар және денсаулыққа ешқандай зияны жоқ. Коктейлді кез-келген уақытта — жаттығу алдында, жаттығуден кейін немесе күні бойы ішуге болады.

Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындарыДайындау әдісі өте оңай. Ыдыста болатын қасықпен ұнтақты стақанға саласыз да, үстіне су немесе сүт қосып араластырасыз. Фотосуретте: Жаттығудан кейін ішетін протеин коктейлі.

Гейнерлер
Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындары — Гейнерлерді де протеин коктейліне жатқызуға болады. Протеин негізінен ақуыздардан құралып, қант пен көмірсулар аз кездессе, ал гейнерде керісінше: оның құрамында қант пен күрделі көмірсулар көбірек. Гейнерлер бұлшықетті өсіру үшін қажет.

Аминқышқылдар кешені
Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындары — Аминқышқылдар — бөлшектелген ақуыздар. Сондықтан олар ағзаға тез сіңіп, қанға жылдам тарайды. Бұндай сусын жаттығу кезінде немесе жаттығудан кейін бұлшықет құрылымын тезірек қалпына келтіру үшін қолданылады.

Энергетикалық сусындар
Блог - patick: Блогиада #6: Спорт сусындары — Энергетикалық сусындар жаттығу алдындағы, жаттығу кезіндегі және май жойғыштар болып бөлінеді. Жаттығуға келгенде кейді өзіңді әлсіз сезінетін кездер болады. Сондайда құрамында дәрумендері мен емдік шөптер қосылған сусын ішу ұсынылады. Жаттығу алдындағы сусындар адамның энергетикалық әлеуетін арттырады. Жаттығу кезіндегі сусындар қан құрамындағы қант деңгейінің түсіп кетпеуі үшін керек. Шынығу кезінде калория жойылатыны белгілі. Май жойғыш (немесе энергия жойғыш) энергетиктер бұл үрдістің үдемелі болуына септігін тигізеді.

Жалпы спорт сусындарының бірнеше постқа жетерлік әңгімесі бар. Егер оқырмандар қажет деп тапса, әрі қарай осы тақырыпты өрбітіп, сусынның әрбір түріне жеке тоқтала аламын. Ол үшін сұраныстың бар екенін пікір арқылы қалдырсаңыз болғаны.
Бөлісу:

17 пікір

Abilakim
Мен бұндай сусындар тақырыбын Гастадан күтіп едім. Әйткенмен де өзіңнің пайдаланған осы тектес сусындарың бар ма?
patick
Бүгін алғаш ішіп көрдім.
AKY
Бір тартжверер едім
didar88
спорт сусыны сүт ССС
Gastarbaiter
Он плюс қояр едім. Протеин ол анау айтққандай сиқырлы да емес, зиянды да емес. Кәдімгі қосымша азық екенін әрбір адам білуі керек деп ойлаймын.
aizhan
пайдалы жазба) кеше ғана тренерім осы жайлы айтып, 3-4 парақ ақпарат берген оқуға, дәл сен айтқандай бәрі)
MickThatsMyNick
11 мыңға ON EGG дегенді сатып алып, соңына дейін қолданбай сатып жібергенім бар.)
zholantai
фотосуреттерге ырза болдым,
aikarakoz
Мысалы дим да, спортпен дым айналыспайтын, дым қимылдамайтын адам осы сусындарды ішсе, не болад?
patick
Қаныңның құрамына қажетті микроэлементтер беріп отырады.
Erkekyz
Мені де осы сұрақ қызықтырып тұр. Анау гейнерлерден басқасын ішуге болатын сияқты)))).
Erkekyz
Бағалары қымбат па?)
patick
Тренердің айтуынша, бағалар диапазоны әр түрлі: 1 кг ұнтақ — 9-20 мың теңге аралығында.
sammita
БАД сусындар, осындай сырты жылтырақ ыдыстағы сусындар мен үшін қорқынышты))) редбуллдааааа
MickThatsMyNick
 Оралдағы Медведь деген залда: