Сахнада - "ЕРНАР АЙДАР"
23 СӘУІР (2014 жыл)
Қазақ эстарадасының жас әншісі Ернар Айдар — Астана қаласы, Конгресс-Холл сарайында, өзінің үлкен сахнадағы алғаш «Жарығым-ай» атты ән кешін өткізді.
Таудай талап пен бармақтай бағының арқасында көпшіліктің көзайымына айналып үлгеріп, жағымды әндерімен ғаламтордың бұрыш-бұрышы мен ұялы телефонымыздың «ең көп тыңдалатын әндер» бөлімінен табылып жүрген ЕРНАР АЙДАРдың әуезді әндерін сахнадан көріп-тыңдамаққа, кештетіп, аттың басын Кенесары көшесінің бойындағы осы Сарайға бұрдық.
Сол күні ауа-райы керемет болып тұрды…
«Бұйырылған» екен, жолымыз бір түсіп, досымыздың таныс ағасының көлігімен Сарай жаққа жетіп қалдық...
Сонымен, кешкі сағат 18:52лер шамасы. Сарай алдындағы көше ығы-жығы…
Алып-сатар бауырлардың билеттеріне мойынды соза-соза, ақыр соңында, билет — Сарай кассасынан алынды.
Сырт киімдеріміз гардеробшы апайға тапсырылды. Сахна мәдениеті — киім ілгіштен басталады.
Техникалық ұйымдастырушар тас түйін дайын.Сахнаның безендірілуі де керемет үйлестіріліпті.
Көп күттірмей бүгінгі кештің «иесі», құлын жүрегі қуаныштан жарылардай боп, жарқырап, жалындап ЕРНАР АЙДАР ортаға шықты.
Жиналған халықтың қарасы көп еді. Жасы бар, кәрісі де бар.
Кеш жүргізушілері, атаулы кештің қонақтарын таныстырып, алғыс айтып жатқан сәті.
Еңсесін жігері тіктеген, қайраты арыстандай, жүрегі батыр Арман Қарынсау қонақта.
Киімін ауыстырып алған Ернар — репертуарындағы әндерді шетінен шырқай бастады...
Қолымда қызыл гүлім бар...
Жүректе аздап мұңым бар...
Өртеніп кетер түрім бар...
Сенен басқа кімім бар?...
Ерекең биден «жібереді» екен енді
Періште де болса, әннің ырғағымен тербеліп мына балақай да Ернармен қосылып билеп тұрды.
Бір қарашы, толған Айға
Саған бір ой сыйламай ма?...
Есіңде ме Жеңеше біздің Ағай?...
Ернардың үлкен сахнадағы қадамын қолдамаққа, қолтығынан демемекке өнердегі ағалары: НұрМұқасан дуеті, Досымжан Таңатаровтар келді.
Орындап жүрген біршама әндерінің сөзі мен сазын жазып жүрген әйгілі ақын Олжас Отар ағасы да кеш барысын бірге тамашалады.
Осымен концерт аяқталды.
Кештен алған мол әсерін қия алмай өнерпаз тыңдарман — ду қол шапалақтап ұзақ тұрды.
Алайда бұл кеш «біршама» жандар үшін әлі біте қоймаған еді...
Концерт аяқтала салысымен, Ернардың бір топ жанкүйері Сарайды айналып "қызметкерлер" кіретін артқы есікке асықты.
Араға жарты сағаттай салып Ернар да шықты ғой.
Қыздар жағы суретке түсісіп, сыйлықтарын беріп жатты.
Шуылдап, айқайлап, жанталасып жатқан біреу, әйтеуір..)
Алғысын айтып, «халқымен» қоштасқан Ернар — көлікке отырып жүріп кетті.
Міне, Сарыарқаның самалы тербеп, Ерке Есілдің лебі ескен даладағы кереметтей кеш осылай аяқталды…
Кеудеге «теңіз» эмоция сыйдырып алып, көтеріңкі көңіл-күймен, Біз де үйді-үйімізге қайттық!
12 пікір