Блогиада #4: Алматы марафоны 2014
Алматының қайырымдылық марафоны туралы осыған дейін жазған болатынмын. Биыл соған блогер ретінде қатысудың реті келді.
Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған Алматы Марафон биыл 20 сәуірде өтті. Халықаралық дәрежеге ие болған қоғамдық-спорттық шараға әлемнің 25 елінен 7 мыңнан астам адам қатысты.
Марафон ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан басталды. Мен таңғы 7-ден кете сол жерге келгенімде біраз адам жиналып қалған екен және…
… жан-жақтан келушілер ағыны да аз болған жоқ
Марафонның 5 дистанциясы бойынша кез-келген ерікті қатыса алады. Тек қатысушының жасы 10-нан жоғары болуы керек.
Жарысқа дейін Алматы әкімі — Ахметжан Есімов шығып, бәріне сәттілік тіледі. Қала басшысы биыл да өзгелермен бірге марафон жолына шығады.
Содан кейін World Class Almaty жаттықтырушылары марафон алдында орындалуы тиіс ширату қимылдарын жасауға шақырды, түрлі ақыл-кеңестер берді.
Сағат 8-ге жақындағанда марафоншылар сөре сызығына жиналды.
Алдымен 3 км қашықтыққа жарысатын 10-14 жас аралығындағы жеткіншектер бастады. Бірақ кейбір ересектерге қандай дистанцияны бағындыратыны аса маңызды болмаған секілді
Одан кейін 10 км, 21 км, 42 км 195 м, экиден (марафон эстафетасы) қашықтықтары бойынша желаяқтар жарыс жолына шықты.
Мен Орталық стадионға көлікпен жеткенде, Абай даңғылының бойынан алғашқылардың да қарасы көрінді.
Марафоншылардың негізгі легі
Мәре — Орталық стадионның ішінде!
Экиденге қатысқан «Lipton» ұжымының қолдаушылар тобы
Ешкім де медальсіз қалмайды. Ең бастысы Алматы Марафон сайты арқылы тіркеліп, тиісті жарнаны төлесеңіз болды.
А. Есімов мырза 10 км қашықтықты 1 сағат 11 минутта жүгіріп өтті.
Орын маңызды емес, мәреге жетудің өзі үлкен қуаныш!
42 км қашықтықтың әйелдер арасындағы жеңімпазы — Гүлжанат Ержанқызы Жанатбек (Уақыты: 02:49:52)
Марапаттау рәсімі
Алматы Марафоны — бұқаралық спортты насихаттаумен қатар, оның қайырымдылық мақсаты да бар. Биыл қатысушылар төлеген жарнадан жиналған қаржы онкологиялық дертке шалдыққан 2 баланың операциясына жұмсалады.
Мен түсірген басқа фотосуреттерді көремін десеңіз: flickr.com сайтында
Ерлер арасында жеңімпаз кім болғаны со күйі жұмбақ боп қалды…
Атмосфера үшін рахмет! (Әйгерім, таяқ жисің...)
Менің фотоаппаратыма осындай кейіпте сақталыпсың))) Марафоннан естелік)
Мен де жағаласып мақтанып қалайын)))) Біздің Шымкенттің марафоншылары))