Ешкінің сүті...

Блог - kozildirik: Ешкінің сүті...
«Емшек сүтін бермесем де ешкі сүтін берген балам...» Халық аузынан

1993 жыл. Тәуелсіздік алған эйфориясы басылып, енді жұрт үкіметтен қалған «тегін дүниені» бөлісуне, тойыс жекешелендіруге енді көз сала бастаған уақыт. Құнсызданған ағаш рубльді Отанымыздың кешегі жүрегі, бүгінгі бауырынан вагонмен тасып шаршаған Ел ағалары өз валютасы туралы ойлана бастады. Ойланып, толғанып дүниеге де әкелді. Атын Теңге деп қойды. Әдемілеп Әл-Фарабидің суретін салып, жақсылап қазақша жазды. «Сенің атың Бір теңге» деп…
Осылай тұра берер, жүре берер ме еді. Ешкінің сүті болмаса. Еділдің бойынан еңіреп келіп етегіне тығылғаны бар, тың көтеремін деп трактор мініп келгені бар, бір топ орыс диаспорасы базына айта келді. «Уа, қазақ ағайын! — деді ортасынан суырыла шыққан шешені — Рас, біз ашығып келгенде аузымызға ақ тамызып аман алып қалдыңдар! Емшек сүтін бермесеңдер де ешкі сүтін берген туғандарың болдық. Енді біздің де ана сүтімен келген орыс тілінде жазып қойыңдар. Сый қылсаң сыпыра қыл деген. Әйтпесе дүкеншіге желініп жүрміз»
Бекер обалы не керек, ойландық. Бірақ көп емес. Уақыт та таяз еді. Ешкісүтін бөліскен ауылдас ағайынның арғы жақтағы ана сүтін бөліскен туыстары доқ көрсетпей тұрғанда «Один тенге» деп қоса салдық. Тіпті олардан ұят болмасын деп қазақшасында қате жібердік…
Бұдан соң ешкінің сүтін бұлдаушылар көбейді. Днепрден келген украиндар да біздің әңгүр ешкінің шәлісін ғана жамылмай, сүтімен де сусаған екен. Оны да қостық. Орта Азияда туғандар мен өнгендердің барлығы ешкі сүтін пайдаланады деген желеумен теңгенің бетінде жиырма шақты тіл тағы түсті. Шариғатқа ешкінің сүті қайшы келмейді, түбі бір туыспыз, аузымызға тосқан сүттен ана тілдің дәмі шығады деген сөзден аттап кете алмай бірнеше тілге де орын табылды…
2050 жыл. Теңгенің құны жоқ болса да көлемі үлкен. 120 дан астам тілде жазылған ақпараты бар. Арасынан сығалаған Әл-Фараби "Әй, ұрпақтарым-ай, ешкінің сүтін бергенше етектеріңді қымтау керек еді" деп тұрғандай…
Бөлісу:

2 пікір

sammita
тікелей эфирге шығарайын, басқа қолымнан не келеді))
Kelinshek
базар жоқ, айтып-айтып салыпсыз.