Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Армысыңдар, достар!

Мен сіздерді бүгінде ұмыт болған, қазақтың ежелгі сүт сақтау тәсілі әрі ерекше тағам түрі, сүмесүттің қазіргі үй жағдайында жасау ерекшеліктерін тамашалауға, осынау аңыздың жаңғыруына куә болуға шақырамын!
Алдымен, деректер не дейді, соны қарайық:
Жаңа сойылған теріні жүні мен артық етінен айырып, қойдың қою сүті құйылған қазанға салады да баппен қайнатады. Қайнаған сәтте тері сүтті бойына сіңіріп жұта бастайды. Сүт азайған сайын қазанға еселеп сүт құйып отырады. Тері неғұрлым піскен сайын сүтті молынан сіңіре береді де қалыңдығы бармақтай болып ісіне түседі. Тері әбден «тойғаннан” кейін сүтті әрі қарай сіңірмейді. Бұл сүмесүт дайын болды деген сөз.Осыдан кейін оны алып суытады. Енді бұрынғыдай тері емес, қалың әрі өн бойы сүтке толған жұмсақ желін тәріздес тағам дайын болады. Мұны енді сығылмайтындай етіп, дәмі шықпайтын ыдыстарға салып, күн түспейтін салқын жерде сақтайды. Сүмесүтті бір жапырақ тіліп, ұзақ жолдарда баланың аузына салып қояды. Сәби болса, ана сүтін емгендей балбырап жата береді.

Аңызға сәйкес, сүмесүтті дайындау үшін көшпенді қазақ жаңа сойылған, ақ қойдың терісін пайдаланған. Сондықтан, алғашқы қадамым да қой терісін табу болды.


Қой терісін табу

Әрине, мен эксперимент үшін ешқандай жануардың жапа шеккенін қаламадым, бірақ жолыма орай, танысымның үйінде жаңа сойылған ақ марқаның дайын терісі бар болып шықты. Танысым бір ауыз сөзімді жерге тастамай, кеңдік танытып, теріні аулама әкеліп тастады.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Теріні дайындау

Теріні дайындаудың бұрынырақта қалай болғанын білмеймін. Өз басым ең көп машақатты осы пунктте көрдім.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы
Алдымен жүнін ас содасы араласқан суға салып, жібітіп, сосын қайшымен қырқтым. Түбіттерін қолыммен жұлдым, әйтеуір тырнақ алды туындым қолтық эпиляциясына көбірек ұқсап кеткен кезде, терісінің теріс бетін пышақпен қырып, артық май, мен етті сыдырдым.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Қойдың сүті

Қойдың сүті енді әр дүкенде сатылмайтынын білгенмін. Әйтсе де, аудандық базардан таба алмаймын деп ойламаппын.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы
Алайда, базардағы апайлардың айтуынша, құрт-ірімшік сататын бір апайдың саулықтары қоздап жатқан көрінеді. Өкініштісі — ол апайдың өзі сол күні жоқ болды.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы


Ауылға саяхат
Жер дөңгелек екен-ау, ертеңіне сұрастыра келе, базардағы қойлары егізден тауып жатқан апайымыздың біздің жақын танысымыз екені анықталды. Тұратын ауылы да алыс емес — он бес минуттық жер. Барсам, қорасында тек қозылар мен лақтар ғана ойқастап жүр екен. Саулықтары жайылымнан келгенше, сүйкімділерді ермек қылдым
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Жарты сағаттан соң, қошақандардың ата-анасы да бой көрсетті.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Қой иесі „қой түгілі сиырымды саууға ерінемін“ деген соң, білек сыбанып, өзім кірісіп кеттім. Тек саулықтар бөтен адамды байқап, иімей қойды. Қозылардың аузынан жырып алған сүттен опа таппайтынымды түсініп, мен де тыйылдым.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Ақыры қойдың терісін сиырдың сүтіне қайнатуға мәжбүр болдым. Нәтижесінде аңыздағы сиырдың желініне мүлде ұқсамайтын сағыз тәріздес зат шықты. Аздап тәттілеу, ірімшік сияқты, ең бастысы жеуге жарамды.

Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы


Қорытынды: сүмесүттің неге ұмыт болғанын түсінген сияқтымын.

Назар аударып оқығандарыңызға рахмет!
Бөлісу:

27 пікір

Janasil
Қызық екен. Алғаш естуім.
MamaAya
Қорытындысына қаттым…
Marco
Мықты, құрдас! Шләпі кимейтініме өкініп отырмын, әйтпесе шешер едім. Тек, неге суреттер андай? Дұрыс көре алмай отырмын.
Gastarbaiter
Жанасыл сұрап еді.
Оған кемінде үш себеп бар. Үшіншісі, әр қыртысын микродәлдікпен, мегатұнықтықпен көрсететін технологиялар заманында оқырманның қиялына аз да болса, орын қалдыру.
Алғашқы екі себебін де сол себептен айтпаймын
Соңғы түзету:
Marco
Алғаш рет естіп тұрмын бұл туралы. Енді ойланып отырмын да, терінің орнына не пайдалануға болады екен? Кімде қандай идея бар?
Gastarbaiter
Ештеңе, өз басым, магаздан сгущенка сатып алып, піскен қойдың құлағын батырып жеген дұрыс па деген ойға келдім, ақыр соңында. Эффекті бірдей.
Жалпы қазекемнің ұмыт болған көптеген тағамдары гурмандық еркелігінің емес, тапшылық пен мәжбүрлігінің нәтижесінде пайда болған деген пайымым нығая түсті.
Marco
сгущенка сатып алып, піскен қойдың құлағын батырып жеген дұрыс па деген ойға келдім
VKM
Сүт сақтаудың қиын жолы… Гаста осы постымен алдыға шыққан сияқты
AKA
Супер!  Міне, мықты фотореп!
sammita
еңбекқорсың, ерекше пост
Anar70
Рахмет, Gastarbaiter сенің арқаңда сүмесүттің не екенін білдік!)
Marco
Жаңа kozildirik айтты. Мұны осы күйінде жей бермейді екен. Бір тілімін кесіп алып, ыстық суға салса қайтадан кәдімгі сүтке айналатын көрінеді. Демек, сүттің негізгі қасиеттерін жоғалтпай, ұзақ мерзім сақтау әдісі болғаны ғой.
Gastarbaiter
kozildirik дұрыс айтады. Көнеден қалған әңгімелерге сәйкес бұл көшпенділердің сүт сақтау әдісі болған. Бірақ оны осы күйінде жемейді деген дерек жоқ. Есесіне оны баланың аузына салып қояды, бала емшек сорғандай еме береді, ал жауынгерлер кепкен сүмесүтті сағыз сияқты шайнайды.
Жалпы оны мақаламның "ә" деп басталған жерінде айтқан болатынмын.
Мен сіздерді бүгінде ұмыт болған, қазақтың ежелгі сүт сақтау тәсілі әрі ерекше тағам түрі, сүмесүттің қазіргі үй жағдайында жасау ерекшеліктерін
Бұл аңызды мен баяғыда естігенмін. Соны өз басымнан өткізгім келді. Аңыз әңгімені сынап көргім келді.
Сол заманның мүмккіндіктерін ескеретін болсақ, тәп-әселен мен газ қолданған жерде олар жер қазып ошақ жасаағаны анық, мен сода қолданған жерде, олар айран, қатық қолданғаны анық.
Сосын үйіту теріні пісіріп тастайды. Химиялық тұрғыда пісіп қалу терінің дәлірегі коллагеннің екінші және үшінші реттік құрылымы бұзылғандықтан (биология не органикалых химия, шатаспасам 10 сынып программасы) оның иілгіштігі сүтке салмай тұрып наққа кетуіне байланысты, үйітуді теріні пісіріп алмай қалай жасайтыны да маған беймәлім болды.
Үйітудің нәтижесіз екендігіне іс ж.үзінде тәжірибелік жолмен көзім жеткен соң, соданы қолданып, эпиляция жасадым.
Бұл жағдайдың барлығы, қазақтардың аузында жүрген рецепттің толық еместігін, артында әлі бір кітапқа жүк болатындай технологиялардың бар екендігін немесе мұның бәрі популист патриоттардың азғын қиялы деген ойға келуге болады. Өз басыма, бірінші нұсқа тылсымдығымен ұнайды.
Marco
Мұны біз де талқылап тастадық. Үйітуге болмайды деген тұжырымға келдім. Очм, сенің эпиляция жасаудан басқа амалың болмағанына келістік. Бірақ, дайындалу тәсілінің өзі аздап жиіркеніштілеу екен деп тарастық. )))
Gastarbaiter
Нағыз қызығушылық болса, видеосын күтші, Марко. Айтқызбасқа шара қалдырмадың, мына пост менің жасаған амалдарымның оннан бір бөлігін ғана баяндайды. Бірақ, басты суреттелген этаптардан хабар береді.
Соңғы түзету:
Marco
Маньяк па бірдеңесің ғо сен негізі
Gastarbaiter
глюк
Соңғы түзету:
ken
Терінің алақандай бөлігін қырқып алып, соны ғана сүмесүт қылмадың ба? Бүкіл теріні тазалап азаптанғанша.))
Аты қызық екен.
Соңғы түзету:
Gastarbaiter
Онсыз да сөйттім ғой, 30Х30 см қырқып алдым, терінің әдемі жерінен.
aikarakoz
Сгущенкаға піскен құлақ батырып жеу — вуəқ!
Gastarbaiter

Жемей тұрып қалай жиеркенесің? © Қытай мәтелі)
rakisheva
Wow! Керемет Гаста  Бұл жайында бұрын соңды естімеген екенмін… Алдында қоя салсам ба деп отыр едің. Ісіңді соңына дейін аяқтағаныңа қуаныштымын. Білмейтінімізді біліп, тіпті қалай жасалатынын да біліп алдық! Thanks
Abilakim
Бас имеске шара жоқ! Қамшы салдырмайды ғой!
Korkem
Ғажап! Нағыз ғажап пост! Сізбен бәсекелес болу да бір бақыт қой))
Zhan
Ех, Гаста, Гаста, осы үшін сені бәрі жақсы көреді, мен де)))) Мақала супер)