Сүтті қалай таңдайсыз?
Супермаркетке бара қалсам, ең көп кідіретін орным – сүт өнімдерінің қатары. Қаз-қатар тізілген сүттің қайсысын таңдарымды білмей, дал боламын: біреуінің қорабы әдемі, біреуінің жарнамасы жақсы, біреуінің шығарылған мерзімі бүгін ғана. Оған қоса, «стерильденген, пастерленген, ультрапастерленген» деген сияқты түрлері тағы бар. Бірақ, ол жазуға аса мән бермейтінімді, тіпті неліктен жазылып тұрғанын түсінбейтінімді жасырып қайтем .
Алдымен, қалтам көтеретін бағаға көз саламын. Сосын сүттің майлылығына, соңында мерзіміне назар аударым, кассаға қарай аяңдаймын .
«Сүт, сиырдың сүті неге ондай түрлерге бөлінеді, ол сүттер қандай әдіспен даярланады» деген сұрақпен Астана қаласынан 70 шақырым шалғайда жатқан «Родина» агрофирмасына қарай жол тарттық.
«Родина» сүт зауытының эксперті Дмитрий Чайка мырза сұрақтарымыздың бәріне мұқият жауап берді. Дмитрий алдымен «Родина» сүт зауытынан шығатын сүттің сапасы қалай тексерілетінін көрсетті.
Зауытта арнайы аппаратпен сауылған сүтті жоғары температурамен, ыстықпен өңдеуге жібермей тұрып, лабораториялық тексеруден өткізіп алады.
Ол үшін 100 грамм сүтті арнайы аппаратқа қойса болғаны.
Бірнеше секундтан соң кішкентай ғана мониторына мынадай ақпараттар шығады.
«Кейде аппаратқа сенбей, ескі әдіс бойынша да тексеріп аламыз. Сүттің нормаға сай екеніне әбден көзіміз жету керек,»- дейді лаборант Людмила Марталер.
Өзім де тексеріп көрдім, тексеруден кейінгі нәтиже сүт қорабында көрсетілген сандармен дәл келеді .
Лабораториядан «рұқсат алып» шыққан сүт мына үш танкердің ішінде пастерленеді. Сүт құйылған бойда қажетті майлылық пайызы орнатылады екен. 3,2% майлылық керек болса, одан асып кеткен майды басқа ыдысқа бөліп отырады.
Осылай сүт қорапқа құйылып, дүкендерге қарай жол тартады.
«Родина» сүті құйылған полиэтилен пакеттің мықтылығы сонша, үстіне шығып көргенімізде де мыңқ етпеді. «Ақтан обал ғой» деген ойымды «Көр, көр, шығып көр,» деген эксперттің сөзі шайып жіберді.
Бұл зауытта тек пастерленген сүт шығарылатындықтан жоғары температурамен өңдеудің әр түрін фотомен көрсете алмаймыз. Есесіне, эксперттен есіткен мәліметтердің өзі дүкенге барғанда біраз көмек береді.
Сүтті жоғары температурада өңдеу оның сапасына тікелей әсер етеді. Өңдеудің негізгі үш түрі кеңінен қолданылады: пастерлеу, стерильдеу, ультрапастерлеу. Бұлардың бәрі нені білдіреді?
Стерильдеу кезінде сүт 100 градуста өңделеді. Мұндай ыстықта зиян бактериялардың бәрі өледі, сәйкесінше, пайдалы бактериялар да жоғалады. Сондықтан сіз стерильденген «пайдалы» сусынды тек шөліңізді басу үшін ғана ішпесеңіз, құрамынан қандай да бір витамин табамын деп ойламаңыз. Стерильденген сүтті жарты жылдан да көп уақыт сақтауға болады. Сондықтан, жарамдылық мерзімі ұзақ сүтке көп жоламаған жөн.
Ал, егер пастерленген сүт ішсеңіз, онда әйтеуір бір пайдасы болары сөзсіз. Пастерлеу кезінде сүт 75-80 градуста өңделеді де, пайдалы бактериялар сақталып қалады. Әрине, кері әсері бар бактериялар да қалады. Пастерленген сүт 10-14 күн сақталады.
Қазіргі уақытта жоғары температурамен өдеудің ең сапалы түрі ультрапастерлеу болып табылады. Бірнеше секундқа ғана созылатын термоөңдеу кезінде сүт 125-138 градусқа дейін қайнатылады. Бұл процесте зиян бактерияның бәрі жойылады да, пайдалылары қалады.
Сүт таңдауда назар аударыңыз! Құрғақ сүт порошогынан жасалған сүттің қорабында "қайта қалпына келтірілген" (восстановленное —
Сүттің қорабына мұқият қараңыз Тетрапакеттегі сүтті таңдамас бұрын ақырын қысып көріңіз. Ауа шығып тұрса, ол сүтті алған жеріңізге қоя салыңыз. Ең сенімді қорап — шыны ыдыс.
Сақтау мерзіміне назар аударыңыз. сақтау мерзімі ұзарған сайын сүттің шыдамдылығын арттыру үшін түрлі тәсілдер қолданылады: крахмаль, ас содасы, түрлі антибиотиктер қосылуы мүмкін. Сондықтар бір не жарты жыл сақтауға болатын сүтті алмаған дұрыс.
Бәрінен де тиімдісі — базарда сатылатын "қолдың сүті" дерсіз. Ол сүттен келер қауіп те аз емес. Сүтті құйып беретін баклажканы қайдан алатынын, оны қалай тазалайтынын білмейсіз, қоқыстың арасынан жинап келуі де мүмкін. Ол ыдысқа бұрын сүт не айран құйылған болса, қақпағында, қуыс-қуысында қалдықтары жуылмай қалып кететінін өзіңіз де аңғарып отырсыз. Сондықтан сүтті сенімді жерден өз ыдысыңызбен алыңыз.
Таңдаған сүтіңіз құнарлы, ағзаңызға пайдалы болсын!
Кей суреттер интернеттен алынды.
Төлебидің балмұздағынан басқа)) Ностальгиииияя
Рекомендеймін. Бағасы да арзан анағұрлым. Президенттің өзі осы екі облыстың сүт фермасын мақтайды, үнемі барып тұрады. Ауылын айтсаңшы, керемет.
осы ғой техникалық қауіпсіздік.
Вангаланам: «Сұрақ белгісін қойсаң, бір жерің түсіп қала ма?» © Даркназгүл, өз сайтында. \\