Эльвира Ерғалина. Қайыршылық кәсіп пе?


Блогер Эльвира Ерғалина жасырын камерасымен тағы да видео түсіріп келді. Бұл жолы көше жағалай алақан жайып отырған қайыршыларға барыпты. Әшейінде тізіліп отыратын сұраншақтар дәл сол күні жоқ боп қалыпты. Тек қазақ кемпірі ғана отырған көрінеді. Ол кемпірді әңгімеге тартып көрген. Көрген де, аяныш сезімінен арылған. Ой, біз неге бәрін айтып беріп жатырмыз, одан да өзіңіз көрсеңізші видеодан

Қайыршылық кәсіп пе?
Бөлісу:

15 пікір

MERmukhanov
Шешіліп сөйлеген кісіге тап болыпсың…
sammita
Эльвира кешірші, видеоны көре алмадым. бірақ тақырыпқа орай: мүгедек қайыршылар біреудің қолында жүрген шынымен байқұстар. Сатып алған, күшпен ұстап отырған. Арбасымен сүйреп әкеліп тастайды, кешке дейін тапжылмай отырады амалсыз...қақаған қыс пен аптап жазда.
bizbike
kaztubeтің тежегіші бар ма? неге ұзақ жүктеледі, Құдай-ау? Шымкенттенмін демейді, чимкенскиймін дейді ә?
MamaAya
хахаха,, Совет өкіметінің көзі ғой))))
MickThatsMyNick
Апаны да түсінуге болады, қанша дегенмен жасы келген, жалғыз қалған. Бірақ еркін қайыршылардың көбісі тоңбастай киініп алып, құр отырғаннан күніне 1000 теңгедей табатын болса, басқа біреу сол мың теңгені жұмыста маңдай терімен табады. Апамызға халыққа пайдасы тиетін кәсіпке көшу керек сияқты. Бірақ басқа жағынан ойлап қарасаң, қайыршылардың да пайдасы бар, өйткені оларға қарап, жағдайы сенен де нашар адамдардың бар екенін есіңе түсіресің. Ал оларды көрген сентименталисттерге тіптен кайф, жақсылап тұрып білдіртпей жылап алады.
ПыСы: Жобаң жақсы екен, Эльвира.)
Gastarbaiter
Қайыршылардың үлкен психологиялық пайдасы бар. Мысалы, біреуге артық сөйлеп қойып, қуыстанып келе жатқан адам, міндеттітүрде алдынан қайыршы шықса, тиын бере қояды. Жолға шығып бара жатса. Ауыр сын (жеңіл сынның алдында да) тиын лақтырады. Қасында қыз болса жігіттер тиын лақтырады. Қасында жігіт болса, қыздар тиын лақтырады, немесе лақтырайық дейді. Очм, адамдардың өз-өзімен гармониясы үшін, өзіне өзі жағуы үшін қайрышылардың үлкен рөлі бар.
sammita
әдет болып кеткен, азарт.
Zhan
мен бұрын Эльвира сияқты «адам қалайша ата-анасына осылай қайыршылық жасатып қояды» деп ойлайтынмын. Бірақ, ана апа бармаймын, отырмаймын, қартайғанда қайыр сұрап деп қарсыласса болады ғой. Әлде балалары қорқытып қайыршы жасай ма? Әлде ана апамыз шынымен қайыршылықпен «ауырып» қалған ба?
KONILDI
Кедей-бай, жақсы-жаман, ауру-денсаулық, қиналу-қуану… Жалпы кез-келген антоноимдік жағдайлар 0-ге тең. Яғни солай болуы керек.
satibaldi
Қай жерде отырады мына мүсәпір? Зарблады алғанда тиын-тебен тастап кетейін.
MeihuaZheng
ҮйІм, жайым, пенсиям бар дейд…
Надо же.