Зікіршілерден қоғам неге қорқады?
Бүгінгі қазақ қоғамын жалған намысшыл, аттан, айғайдың тобыры мен ұлттық санадан ада ұрпақ жайлаған. 100% емес, әрине. Бірақ көп бөлігін. Және өңшең дәлдүріштердің дәурені жүріп тұрған алмағайып заман. Қайтейік енді, қазақ, қазақ дегенде көкірегі қарс айырылып, аза бойы қаза болып, қазақтың санасын қазақыландыру үшін аянбай жүрген шынайы, нағыз ұлтшылдар тар қапасқа қамалып немесе қудаланып кетті емес пе? Осы үшін қатты қамығамын. Көңілім құлазып, ішімді бір ыза кернейді. Өйткені, бүгінгі қоғам тажал, аранын ашса, шайнап-шайнап қылғытып жібереді.
Қалай айтсаңыз да, қазақ үшін ұлттық салт пен ұлттық болмыстан артық ештеңе жоқ. Өйткені, қазақтың қазақтығын оның сыртқы және ішкі болмысынан көресіз. «Зікіршілер» деп ат қойылып, айдар тағылған осы елдің азаматтары анық дұрыс жолда һәм шалыс басқан жоқ. Егер уахабтық дәурен бітетін күн болса, қазақтың көгіне өрмелеп шығып күн болатын сол «зікірші» деп аталынған бір топ қазақтар. Өйткені, олардың жүрегінде ұлттық рухтың жалыны бар. Олар қазақтың кешегісі мен бүігінін жақсы білетін, көзі ашық, көкірегі ояу, парасатты адамдары. Қазақ үшін ең дұрыс жол бар болса, сол зікіршілердің жолы дер ем. «Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған, қайран біздің қара нардай қасиетті жігіттер...» деген жолдарды сол ұлтшыл қауымға бағыттап айтамын. Олар тірі болсын, олар аман болса, ұлтын ағартуға, санасын оятуға кезі келгенде атсалысады.
Бұл постты оқыған адамдар неге бұлай деп отырғаныма ашуланбас бұрын зікір туралы оқып-біліп алуларын сұраймын.
мына сілтемедегі деректі фильмді қарасаңыздар көп нәрсе түсінікті болады