Сол көктемде...

Көктемнің жайма шуақ күндерінің бірінде менің құлағыма алтын сырға салынды. Не үшін екенін білесіз бе?
Әрине, біреу мені меншіктеп қойды. Бұрыңғысынша, емін-еркін зымырай алмай, аяққа тұсау салынып, абайлап сөйлеп, ақырын басатын болдым. Құрбыларым «байы бар қыз» деп бөліп тастайтынды шығарды. Көктем мезгілінде кейбір адамдардың желпініп, желігетіні бар ғойй. Менің құрбыларым көктемнің құтты күні қыдыратын, бірақ маған айтуды не ұмытып, не айтқысы келмей немесе айтқанмен келмейді деген шешімді өздері шығарып қойып өздерімен өздері кететін. Мен жұмыстан шаршааап үйге келсем, қыздар жоқ болып шығады. Олардың қыдырып кеткенін білгенде ішім күйіп кететін. Тұз жалап та көргем, бәрібір ішім күйіп-жанады. Менің студенттік өмірімдегі ең мұңды көктем осы болды ғой… Соншалықты трагедия емес, әрине. Бірақ маған обидна еді да е…
Бөлісу:

13 пікір

AknietTanirbergenkyzy
Амансыз ба?! Керекинфо әлеміне қош келдіңіз!!! Сізді мұңға бөлеген көктем де келмеске кетті… Өмір деген үлкен кітаптың сіз үшін жаңа парақтары енді ғана ашылуда, сондықтан жазар құнды дүниеңіз көп болсын!!! Сәттілік!!! Асыға күтеміз!!!
Kelinshek
Рахмет, Ақниет)
MamaAya
қай жақтансың? сырға салған соң сразу әкетпеуші емес пе еді?
asaubota
сендік сен емес екеніне
MamaAya
))) мен әлі уверенна емеспін ше??? Мүмкін, мен???
ken
меніңше, оңтүстіктен
MamaAya
бізде сырға салып алып кетуді кейінге қалдырыпты дегенді естімепті менің құлақтарым…
ken
сырға салып, бір жылдан кейін алып кеткен жағдайды білемін.
просто «Бірақ маған обидна еді да е…» дегені сондай ой салды да е…
MamaAya
))) Басқа жақ олай сөйлемеуші еді?))) Онда бұл келіншектің мен боп шығу мүмкіндігі жоғары екен!)
Kelinshek
Айып етпеңіздер, менің кім екенім, қай жақтан екенім құпия бола берсін! Ең қызығы, осы ғой)))
Ал, түсінбей жатқандарға айтайын, сырға салған соң 5 айдан соң ұзатылдым. Мүмкіндігіміз солай болды.
Adiletshu
Қай жақтікі екенін білмеймін, бірақ Шымкентке келін болып түскен
MamaAya
біз жақта аталар келінінің маңдайын сүймеуші ед, арасында дистанция жақсы сақталушы ед?!
007
Біздің жақта сырға салғаннан кейін қашан әкетседе бәрібір