#Мұрт - CSS3 мүмкідіктерін пайдалана отырып, мұрт жасаймыз :{

Жұмыста отырып, біршама видеоларды сайтқа салып, соның жүктеліп болғанын күтіп, дәптеріме бірдеңелер шимайлап отырып, көзімді ашып қалсам, мынандай бірдеңе сызып тастаппын.
Блог - Abylai: #Мұрт - CSS3 мүмкідіктерін пайдалана отырып, мұрт жасаймыз :{
Өөөө, мынау рас па? Шығаруға болады ма екен мынаны? Шимайыма сенбей, фотошопта тағы бір сызып көрдім.
Блог - Abylai: #Мұрт - CSS3 мүмкідіктерін пайдалана отырып, мұрт жасаймыз :{
Жасауға әбден болатын сияқты, видеоларым әлі жүктеліп жатыр екен, осы арада тез тез нотпатымды ашжверіп html мен css-те жасап тастадым. Шықты!

Түсінбегендерге, біздің алгоритміміз шамамен былай болмақ:
Блог - Abylai: #Мұрт - CSS3 мүмкідіктерін пайдалана отырып, мұрт жасаймыз :{

Енді код:
HTML-де бізге БЕС тег қажет. Ия, бір мұрт үшін БЕС тег көптеу әрине, бірақ уақымды алып, псевдоэлементтердің түбіне түскім келген жоқ, сондықтан, БЕС тег қолданамыз.

Ары қарата кеттік, алдымен #murt_box элементін ортаға орналастырып адламыз, бұл біздің мұрт орналасқан контейнет болады.
#murt_box {
position: relative;
width: 100px;
margin: 100px auto;

Енді мұрттың бір жағын шығарып аламыз, #murt_left-тен бастайық.
#murt_left {
width: 52px;
height: 52px;
background-color: #000;
position: absolute;
top: 100px;
border-radius: 50%;

«Осы элементтің алдына» деген псевдоэлемент қолданамыз
#murt_left:before{
content: '';
position: absolute;
background-color: #000;
width: 210px;
height: 210px;
border-radius: 50%;
right: -38px;
bottom: -11px;
z-index: -1;

«Осы элементтен кейін» деген тағы псевдоэлемент қолданамыз
#murt_left:after{
width: 220px;
height: 220px;
background-color: #fff;
content: '';
position: absolute;
top: -212px;
left: -67px;
z-index: -1;
-webkit-transform: rotate(-48deg);
-moz-transform: rotate(-48deg);
-o-transform: rotate(-48deg);
transform: rotate(-48deg);

#murt_left_1 тегі біздің мұрттың керек емес жерлерін жасырып тұруға арналған.
#murt_left_1{
position: absolute;
background-color: #fff;
width: 153px;
height: 153px;
border-radius: 50%;
left: -129px;
bottom: -137px;

ВУОЛЯЯЯ!!!
Блог - Abylai: #Мұрт - CSS3 мүмкідіктерін пайдалана отырып, мұрт жасаймыз :{

Дәол осындай ретпен, келесі #murt_right, #murt_right_1 элементтеріне де жазып шығамыз.
#murt_right {
width: 52px;
height: 52px;
background-color: #000;
position: absolute;
top: 100px;
left: 70px;
border-radius: 50%;

#murt_right:before{
content: '';
position: absolute;
background-color: #000;
width: 210px;
height: 210px;
border-radius: 50%;
left: -38px;
bottom: -11px;
z-index: -1;

#murt_right:after{
width: 220px;
height: 220px;
background-color: #fff;
content: '';
position: absolute;
top: -212px;
right: -67px;
z-index: -1;
-webkit-transform: rotate(48deg);
-moz-transform: rotate(48deg);
-o-transform: rotate(48deg);
transform: rotate(48deg);

#murt_right_1{
position: absolute;
background-color: #fff;
width: 153px;
height: 153px;
border-radius: 50%;
right: -151px;
bottom: -137px;

Нәтижесі мынадай болып шықты, анимациядағыдан өзгешелеу әрине, бірақ өзім ұқсаттым.
Блог - Abylai: #Мұрт - CSS3 мүмкідіктерін пайдалана отырып, мұрт жасаймыз :{

Бұл посттан біз нені үйрендік? )))
border-radius — элеменнің радиусын өзгертуге арналған.
transform: rotate() — элементті трансформациялау, бұру
:before — псевдоэлемент, «элементтің алдында» дегенді білдіреді. (content свойствосымен қатар қолданылады)
:after — псевдоэлемент, «элементтен кейін» дегенді білдіреді. (content свойствосымен қатар қолданылады)

Демосы мына жерде. http://hosting.users.kz/mysal/murt.html
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
бірдеңе жасар алдында үнемі қағазға жазып аласың ба алдымен?