I ♥ NY or Youtube?

Хммм… керекинфо паролін ұмытпаппын Daniar-Alan -ның «Керекинфоға жылына бір-ақ рет Блогқұрылтай кезде жазады екенсің» деген сөзін жерге тастамай, дәстүрді жалғастырайын.

Менің видео жасаумен ауыратынымды біреуі білсе, біреуі біліп қалған болар. «Екпін»-де жұмыс істеп жүргенде «видеоблог жасайық, видеоблог жасайық» деп тыпыршыдым, кейін өзім бір нәрселер құрастырып, фотодан видеолар жасадым. Ал негізі нағыз махаббатым — youtube. Ондағы сүйікті ютубберлерім. Бьюти блоггерлер, скетч блоггерлер, күн сайынғы өмірін көрсететін лайф влоггерлер… бір сөзбен айтқанда жанды ақпарат, эмоция, динамика — менің соңғы кездегі жаңа құштарлығым.

Сол себепті де Америкаға жол түскенде автоматты түрде өзіммен өзім қолыма жай ғана телефонның видеосын қосып түсіріп кеттім

Бір жағынан қызықты сапардағы оқиғалармен бөлісіп, жаңа елді бірге аралау көрермен-юзерлерге де қызықты. Оны осы күнге дейін келіп жатқан көптеген жағымды пікірлерден біліп отырмын

Сондықтан егер New York VLOG! саяхат сериямды әлі де көрмеген болсаңыздар, kerbezful youtube арнама қош келіңіздер де жазылыңыздар 

Алғашқы сериялар:







Бөлісу:

23 пікір

asaubota
Салам, Нью-Йорк деген қырғыз фильмі шығыпты. көрдің бе?
aizhan
ол негізі бұрында шыққан фильм) көбінен сол туралы естідім, жалпы сюжетін де білем, бірақ әлі көрмедім. Негізі сол фильмде басты кейіпкер сол мен барған Колумбия университетіне түседі
Ispek92
Қазір қайдасыз, елдесіз бе? Біздің елде өз камерасына қарап сөйлеп жүргендерде жын ұрғандай қарайтын шығар, ол жақта қалай екен?
Ал жалпы видеоблог керемет дүние екен, бәрі шынайы әрі табиғи(еш пафоссыз, жасандылықтан ада)
aizhan
қазір иә, елдемін) тек сол жақтан түсірілген көп видеолар бар әлі) иә, шыны керек, Алматыда олай жүре алмайтын шығармын. Нью-Йорк болған соң, менен де асқан фриктер көп, еркін жүре бересің камерамен)))

Рахмет!
patick
Видеоларыңа ілесіп отырдым. Ұнады. Тіпті кейде өзім сонда жүргендей сезіндім кейбір сәттерде
aizhan
Рахмеееет сізден жағымды пікір есту — жағымды ғой
asaubota
бейадекваттар көп деп едің бір рет. неге?
aizhan
ооо, Америка түгелімен бейадекваттар елі!!! жарайды бүкіл Америка емес шығар, бірақ мен болған әр қалада бір квадрат метрге сонша көп бейадвекват адамдарды бірінші рет көруім… өйткені елде толығымен демократия, мысалы, Калифорния штатында, Лос Анджелес, Сан Франциско қалаларында көшеде ұйықтауға рұқсат берілген. Содан бомждар қаптайды. Әп-әдемі ескерткіш көріп, жағажайда дем алып жүрсең, бүкіл картинаны өріп жүретін сол үйі жоқ адамдар құртады. Нью-Йорк енді ол жағынан тәуірлеу, и то Манхэттен ғана (бай аудан болып саналған соң), ал Манхэттеннен шетке қарай шықсаң тағы сол картина. Нью-Йоркта бәрі әрине ауданға байланысты, мысалы, біз тұрған еврейский квартал тыныш болды. Еврейлер өз діндерінің қазанында қайнап жүре береді, қауіпсіз. Ал мексикан ауданында немесе Манхэттендегі Гарлемде (қара нәсілдердің) кешкі 6-дан қалсаң қауіпті.

Екіншіден, әрине наркомандар көп. Мысалы, автобус, метрода кетіп бара жатсаң, явно шегіп алған адамдарды көресің, өздерімен өздері өлең айтады, билейді, вообщем ойда-жоқта қозып кетуі мүмкін. Жалпы Америка өз тұрғындары үшін — страна выживания. Әркім өзінің ертеңгі не жейтінін ғана ойлайды.

Әрине барлығы тек сондай деп ойлап қалмайсыз ғой, адекваттар біразға болса да, саны жағынан асып түседі деп ойлаймын. Кім-қандай жағдайда айтқаны есімде жоқ, бірақ бір американдықтың сөзі есімде қалды: «Америкада не тым бай болу керек, не тым кедей болу керек» деген, (кедей болсаң, толық үкіметтің қарауында боласың).

Сол.

Ал одан бөлек жай ғана фриктер, бейформалдар, кейде қоғамдық этикетті ұмытып кететін тым еркінсінетіндер бар… бірақ оларға енді сәйкесінше рамкада қарасаң, істерінде біраз романтика лебін іздеп көруге болады ондайлар даже вдохновляют
Демократия души
bizbike
Бұрынырақ шетелге шыққанда осылай түсіреміз, бірақ видеоблог қылып ғаламторға жүктеуге болатынын білмейміз. Айжан, керемет. Өзіңізді түсіргенде іште камераны бір жерге қойып түсірген ыңғайлырақ емес пе? Айтпақшы ана көрмеде неге тек қыздарға ғана жұмыс. Бет-әлпетіңіз сүйкімді екен, жігіттердің көбі сол үшін қарап, ғашық болып жүрген де болар.
aizhan
 Рахмет! Сол байсалды отырып, камераны бір жерге орналастырып деген қазірше менде жоқ) тез-тез түсіріп кете берген ыңғайлырақ болып тұр. Бірақ енді уақыт болып, үйде асықпай түсіру ойымда бар.

Ол көрмеде өңкей қыздар, өйткені ол Барнард деген біздің Женпи сияқты университетте өткен)
aikarakoz
КүЧт!  Сүп-сүйкімді, тәп-тәтті жүзіңді осылай Керектің бетінен ауық-ауық көрсетіп отыршы))
MERmukhanov
 MamaAya , Жеңше, қайдасың, сағындым
Соңғы түзету:
MickThatsMyNick
Видео түсірумен өзім де ауырам.)) арнам Mirlanification — Футбол, жергілікті Жайдарман ойындарын, әзілдердің аудармаларын, түсініксіз жеке видеоларды түсірумен айналысам. Басқа қырдан көрінудің амалы шығар, хи-хи.))
Бірақ шынымен де камераны алып, көшеде жалғыз өзің жүріп, көрген нәрсеңнің барлығына комент айтып жүрсең, өз-өзіңе съемка жасап, жұмысыңа беріліп жүргенде байқамай, сыртыңнан сені біреу көріп, видеосына түсіріп, «мынау есі ауысқан адам, өз-өзімен сөйлесіп жүр» деген влогерлер шығар   Бірақ кей влогерлерді түсінбеймін, олар өзінің жеке өмірін, басқан әр қадамын түсіре береді, тіпті баланы дүниеге алып келіп жатқанын да, мысалы мыналар: The Kandu Family
aizhan
арнаңызға жазылып қойдым))

қойш, маған керісінше ұнайды ондай лайф влогтар. менің басқа отбасым бар))) itsJudysLife деген) көптен бері көрем) егіздерін дүниеге әкелгенде көзіме жас алып маған олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, балаларын тәрбиелеуі жалпы тұрмыстары ұнайды. Видео арасында пайдалы ақпараттары да бар)
RaimbekRamazanov
Айжан, керемет! видеоблог деген керемет дүние екен. Былтыр жазда Америкада болғанмын. Сондықтан көп нәрсе таныс))) демократия туралы. көшелері. «біртүрлі адамдары»)))Америкада ең көп естілетін 5 сөз тіркесі бар ия?: Thank you, sorry, excuse me, it's ok))) және F..ck( бастапқы 3 сөз жақсы ниетті білдіргенмен біздің құлақ үйренбегесін бе, ашуыңа тие бастайд тым көп естігесін)))
aizhan
иә ондайы бар)) өзің тиіп кетсең де excuse me деп күлімсірейді) бізде ондай болмаған соң таңсық… кейін менің де ашуыма тие бастады, өзіміздің Алматының немқұрайлығын да сағынып қаласың))) (негізі бұл жаман)
ken
Соңғы видеода сабақ беріп жатқан апай қазақ па? Акценті орысша сияқты.
Соңғы түзету:
aizhan
иә, қазақ. мені сол АҚШ-қа шақырған Гүлнәр Кендірбай деген профессор, өте білімді әрі өз докторлық дәрежесін сол Колумбия Университетінде қорғаған
Daniar-Alan
Daniar-Alan -ның «Керекинфоға жылына бір-ақ рет Блогқұрылтай кезде жазады екенсің» деген сөзін жерге тастамай, дәстүрді жалғастырайын.
Dzhonsaken
aizhan -да мұз сүңгіні ерітетін сұлулық бар екен. Ауырып қалдым...
Соңғы түзету: