Ауадан қалай ақша істеуге болады немесе алыпсатарлар

Блогқұрылтайдың екінші күні яғни 24 наурызда Шымкент қаласында той бар еді. Сол себептен кешкі астан соң Астанаға жол жүріп кеттім. Астанадан Шымқалаға аман-есен жеткен соң, билетті тексеріп бар екеніне көз жеткіздім. Тойды шулатып, құттықтап Астанаға оралуға бет алғанда билет тапшы болды. Поезға билет 31 наурызға дейін қалмапты.

Үмітім үзіліп, автобуспен қайтсам қайтам деп, белімді бекем буып вокзалға келсем алыпсатарлар алдымнан шықты.

-Бүгінге, ертеңге, арғы күнге поезға купе, плацкард, вип дейсіз бе бәрі бар дейді. Қолында 7-8 билет бар екен. Қысқасы қазір бастапқы ақшасын тастасам, кешкісін қолыма ” өз есімім” бар билет ұсынатын болды. Нөмірімді, ИИН -ді жазып алып хабарласам деді. Амалсыздан билетті суммасынан екі есеге артық алуға тура келді. Жалпы айтқанда, ауадан ақша істеу дегеніміз осы…
Блог - belgisizjan: Ауадан қалай ақша істеуге болады немесе алыпсатарлар

P.S Кейін интернетті ақтарып отырсам, мына ақпаратқа көзім шалынып қалды. Енді есте жүреді екен…

e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/temirzhol-biletterinin-alypsatarlary-endi-tabyssyz-kalmak-3

“Жолаушылар тасымалы” АҚ теміржол билеттерін қайта сатудың белең алуымен күрес жұмыстарын бір жүйеге келтірмек. “Қазақстан теміржолы” баспасөз қызметінің мәліметінше, теміржол билеттерінің алыпсатарларына 1000 АЕК (1 618 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Бөлісу:

1 пікір

bizbike
Ондай мүлдем жойылған сияқты еді ғой. Кассадағылар қорықпай істеп отырған ғой.