Сумо күресі және Моңғол палуандары

‪#‎Ұлы‬ Шыңғыс хан әскерлері Жапонияны өз кезінде жаулап ала алмаған, оған себеп Қытай, Кәріс шеберлерінің әдейілеп сапасыз кеме жасап беруі және теңіз дауылы болды, Алғаш кемеге ат артқандарда осы Моңғол жауынгерлер еді. Жапония теңіз жағалауларынан қәзіргі таңда Моңғол әскерлерінің атпен қоса сүйектері, қару жарақтары табылуда. Араға ғасырлар салып Моңғол балуандары Жапондардың ұлттық күресін жеңімпаз ретінде иемденіп келеді. 1700 жыл тарихы бар Сума күресі-Жапон ұлтының ұлттық күресі болып саналады. Батпақпен нығыздала жасалған күрес алаңын дохёо деп атайды. Сумо күресі тарихында 70 жеңімпаз анықталыпты оның үшеуі Моңғолдар.
1.‪#‎Д‬.Дагвадорж (АСАШЁРЮ АКИНОРИ)-09.27.1980 жылы Моңғолия Мемлекеті Улаанбатыр қаласында дүниеге келген оның дене бітімі биіктігі-185, салмағы 148 келі. 22 жасында
ёкозуна шенін маңдай терімен жеңіп алды, 11 жыл күресіп 25 рет жеңіске жетті. Жапонияның 68-ші жеңімпазы.Қазаққа бүйрегі бұрып тұратын ол 2013 жылы Тараз қаласында жүрілген Қазақ күресіне арнайы келіп өз сыйлығын Танымал тұлғаларға сыйлап шапан жауып кеткен еді. 2014 жылғы Наурызда Твиттердегі өз парақшасымен қазақ қыздарына Қазақша құттықтау жолдаған мейірімді азамат.
2. ‪#‎М‬.Даваажаргал (ХАКУХО ШЁ) 11.03.1985 жылы Моңғолия Астанасы Улаанбатыр қаласында туылған. Дене бітімі- биіктігі: 192см
салмағы:155 келі. 22 жасында жеңімпаз атанған ол 22 жеңіспен Сумо тарихындағы 69-шы Жеңімпаз.
3. #Д.Бямбадорж (ХАРУМАФУЖИ КОХЭЙ) 14.04.1984 жылы Моңғолия Астанасы Улаанбатыр қаласында дүниеге келді.Биіктігі: 186, салмағы 133 келі. 28 жасында өз жерлесін жығып Сумо тарихындағы 70-ші жеңімпаз…
4.Мангалжалавын Ананд (Какүрюү Рикисабүро)… Улаанбатыр қаласында 10,08,1985 жылы дүниеге келді. Биіктігі 186 см, салмағы 146 келі, 2012 жылы оозэки шенін иеленген… Шыңғыс ұрпақтары бейбіт заманда бейбіт түрде Жапонияның ұлттық күресін осылай билеуде. Жариялаған: Narkhulan NarkaБлог - YervolNarka: Сумо күресі және Моңғол палуандары
Бөлісу:

4 пікір

ken
Жақшадағы жапонша аты-жөндері ме? Неге олай?
YervolNarka
иа Жапоншалап қойған аттары