Ақшаңыздың бәрі айыппұлға кетпесін десеңіз

— Поехали быстро домой, мне плюнуть хочется. Я честно не плевал.
— а жвачку глотал что ли?
— я все жвачки глотал
— а в туалет ходил?
— в (туалет) тоже глотал…
«Орел и Решка» телебағдарламасын тамашалаудамын. Өте қызық жоба.
Сингапур — ертегі (фэншуй арқылы салынған) қала, cонымен қатар арал, және мемлекет. Баршамызға белгілі, Сингапур — өте қатал мемлекет. Мұнда бізге зиянсыз болып көрінетін істерге айыппұл салынады. Қоғамдық орындарында темекі шегуге (1000$), тамақ жеуге (500$), боқтық сөз айтуға (3000$), дәретханаларда суды ағызбай кетуге (150$), дуриан атты жемісті жеуге болмайды. Әуежайына қонғаннан бастап айналаң толған тыйым мен камера. Сондықтан болар дүниедегі ең таза қала болып саналады. Экваторға жақын орналасқандықтан Сингапурға өте ыстық тропикалық климат тән. Ғимараты болсын, даласы болсын, барлық жерде кондиционер бар. Метроларында тіпті күртемен жүру керек. Бұл жәй қала емес, сызғышпен жеті рет өлшеніп, бір рет кесіліп салынған қала. Осындай кішкене ғана аралда бәрі бар. Тамаша.
Блог - dindar: Ақшаңыздың бәрі айыппұлға кетпесін десеңіз
Бөлісу:

2 пікір

zholantai
дұрыс, тәртіпті айыппұлмен орнату керек
dindar
Ол жақтың тұрғылықты халқы сондай қатал тәртіпке әбден үйренген екен, есесіне көшелері тап-таза, тіпті Chinatown районына дейін таза.