Интернетсіз күндерім не болмақ

Заман талабынан қалыспай, интернет желісінің қолданушысы ретінде өзімді тұрақты «онлайнсыз» елестете алмайды екенмін. Поштамды тексеру, әлеуметтік желілерде пост, жаңалық оқып, сурет, кино қарау деген сияқты іс-әрекеттермен күндерім өтіп жатады. Интернеттің берері мол, бірақ оған деген тәуелділік тез қалыптасады.
Он шақты күн белгілі бір себептермен интернет пен теледидардың алдында отыра алмағанымнан, ақпараттық ресурстарға, желіге деген құштарлығым арта түсіп, сағына бастадым. Қолайлы уақыттарда бірнеше минуттарға болса да, таңертең ерте тұрып кіріп отырдым. Бірақ мұның өзі де жетпеді. Әбден күн тәртібіме сіңісіп кеткен болар.
Бірінші күндері уйімді тап-тұйнақтай етіп жинап, істелмеген майда-шүйде жұмыстарымды аяқтадым, қалған күнім ас үйде өтті. Дегенмен тағыда бос уақытым қалып, ішім пысты. Есіме арзанға көшіп бара жатқан бір кісілерден сатып алынған кітаптарым түсіп, ендігі бос уақытымды оқып бастай алмай жүрген кітаптармен алмастырдым. Бір романды оқып бітіріп, екіншісін бастадым. Демек осы он күнім өнімді өткен секілді.
Блог - dindar: Интернетсіз күндерім не болмақ
Бөлісу:

8 пікір

MamaAya
сен адамның ойын оқып қоясың, немесе бұл мәселе мені ғана мазаламаған сияқты ғой!)))) мен кішкенемнен қалыптасқан әдетім алдымен бәрін бітіріп барып жақсы көретін ісіммен айналысу болатын, аж тамақтың етін соңында жеймін деп оған жетпей тойып қалатынмын,, ал интернетке тоймайсың!))) Витаминнің ішіндегі инструкциясын оқымайсың, мында кіріп оқисың… Маған да қиын бұлсыз,, бірақ анық интернеттен қол үзіп қалсам,,, бір жағы жақсы болатын сияқты, жаман бір әдеттен арылатын сияқтымын…
dindar
Тамақтың етін соңында жеу менде ғана ма десем, қызық)))
ken
Интернетсіз күндеріңнің қалай өтіп жатқанымен осында регулярно бөлісіп отыр.
dindar
Интернет пен теледидарсыз күнім үйге қайын жұрт пен туған-туыс келгенде басталады. Демек өзі де регулярно сол туралы жазылайын деп тұр.)
MamaAya
тек оларға сыр бермей, күліп шығарып сал!)
Meyirim
Men de biraz kun internetke kire almai jurdim, ata-enem kelip, birnarse jetpei turgandai sezinip juredi ekensin =)=)=).
dindar
Ия, дәл сол уақыттарда интернет тіпті қажет болып (қарайтын шаруа көбейіп) кететін секілді.
RaimbekRamazanov
Интернетсіз адам — айнасыз арумен теңғой қазіргі таңда