Түркия жайында 15 факт

Блог - Kipshakkyzy: Түркия жайында 15 факт
1. Түрік халқы өте қонақжай, көмек беруге даяр, жылы жүзді болып келеді.
2. Түркияда төрт бірдей теңіз бар.
3. Жер Орта теңізін түріктер Ақ теңіз деп атайды.
4. Ұлт көсемі ретінде Ататүрікті өте қатты құрметтейді.
5. Түріктерде қаназдық ауруы (анемия) жиі кездеседі. Мамандар халықтың қою күрең шәйді көп ішетіндігінен деп түсіндіреді.
6. Түріктердің ең танымалы сувинері — көз моншақ. «Nazar Boncugu»
7. Түркиядағы көз моншақтар Измир қаласының Назаркөй ауылында жасалады.
8. 1934 жылдың 21-ші маусымына дейін түріктерде тек (фамилия) болмаңан. Фамилия туралы заң шыққан соң әр отбасы бір мағынасы бар түрік сөзін фамилия ретінде қабылдаған.
9. Мысалы бір түріктің тегі Балықшы не Сорпашы болса, ол есім қазақтардыкіндей әке-ата есімі емес. Ол атау сол отбасының ата-тегі сол кәсіппен айналысқанын білдіреді.
10. 1934 жылдың 24-ші қарашасында Жоғары Мәжілістің шешімімен Мұстафа Кемал пашаға Ататүрік тегін берген.
11. «Қазақ» сөзі түріктерде жемпір (свитер), ипподромда атты баптаушы жокейлердің үстіне киетін түрлі-түсті күртешесі мағынасын береді. Мысалы, базарда жеңілдікпен қазақтар сатамыз деп айқайлап жатқан дауысты естісеңіз, тұра қашпаңыз. Сонда-ақ, «қазақ» сөзі әйеліне дегенін жасататын еркек, тасжүрек, қатал мағынасын береді.
12. Түріктер туристерге саудаласқанда өте жоғары бағаны айтады. Саудаласа келе жарты бағасына түсуі мүмкін. Ал шындығында түріктер өз пайдасына жақсы кіріс кіргізеді. Ал тұтынушы болса 50% жеңілдікке мәз болып, «сындырдым» деп ойлайды.
13. Түріктер футболдың фанаты десе де болады. Қазақтар руға бөлінсе, бұлар футбол командаларына бөлінеді. Тіпті жанкүйер болған командалары жеңіске жеткен күні бір топ түріктер кернейлетіп, сырнайлатып көшеде ән айтып, тойлатады. Тіпті аспанға қуаныштан оқ атып, балкондағы сәбилерді жаралаған факторлар кездеседі. Егер сіздің жанкүйер болған командаңызбен саудагердің не ұстаздардың жанкүйер болған командасымен бірдей болмай шықса проблема туындауы мүмкін. Тіпті «Емтиханда кездесеміз» деп айбат шегуі мүмкін. Мәселен біз Шенол ағайымыздың дәрісінде бәріміз Фенербахчелі болсақ, Мәриям ұстаздың дәрісінде Галатасарайлы бола саламыз. )
14. Түріктер Индира Гандидің кім екенін танымаса да, оның не екенін біледі. Индира Ганди сөзі ұрлықшылардың, қалта қағарлардың құпия, арго сөзі болып табылады.
15. Қысық көздердің барлығы түріктер үшін — жапондар.

Жалғасы бар.
Бөлісу:

13 пікір

bizbike
Ий, бәсе деймін-ау. Қазақ десең тоқыма туралы бірдеңе айтып кетеді, ойлап едім Түркиядағы қазақтар керім тоқымамен айналысатын шығар деп. Түсімде бүгін түркияда жүрмін жалғыз өзім, қолымда сөздік, маған бірдеңе деп сөйлегендерге жауап бере алмай, қайта-қайта сөздікке мүләйімсіп қарай береді екенмін, қараймын да, бірақ ашпайды екенмін кітапты. Кеше Сүлеймен сұлтанның жартысын аудармасы бітіп қалып, түрікше қарағанымнан болар.
Kipshakkyzy
Ол сериал мұнда да болып жатыр. )) Әр бейсенбі сайын кешке болады ғой дим.
dindar
Бірнеше күн бұрын ғана интернет желісінен «Орёл & Ре́шка» телебағдарламасына тап болдым. Мұнда екі саяхатшының бірі жүз АҚШ долларына, ал екіншісі шексіз ақшаны тәулік бойы белгілі бір мемлекеттің қаласын аралап жұмсау қажет. Өте қызық жоба. Бірінші көрген мемлекетім — осы Түркия.
Kipshakkyzy
Ол бағдарламамен мен де таныспын. Ұнайды. Түркия жайлы нөмірін көргем. Күйеуі қымбат ақшаға демалса, әйелі арзан қызметке жүгініп салыстырады. Қызық бағдарлама негіз. ))
dindar
Ия, қызық бағдарлама. Қазір Қазақстанда болған видеосын көрмек ойым бар.
zholantai
маған да ұнад, бұ бағдарлама, қазақстандағы түсіріліне сілтеме тасташы
zholantai
Kipshakkyzy , түріктердің түрлі тәттілерді қалай дайындайтыны туралы пост жазшы, пахлаваның түр-түрін үй жағдайында қалай әзірлейд, осы туралы, татлыларын жақсы көрем, өте,
Kipshakkyzy
Ұсынысыңыз үшін көп рақмет! Ыңғайы келгенде бұл тақырыпты да көтеру бар.
ken
Каспийді Хазар теңізі дейді ме?
Kipshakkyzy
иә, Каспийді Хазар деп атайды.
zholantai
осы түрік ер азаматтарының жыныстық белсенділігі жоғары бола ма дейм, группада 10 түрік оқыды, 8-і еркек, әр күні тігісу туралы оқиғаларын айтып отыратын, қызға келгенде тыншымайд ғо шіркіндер,
Kipshakkyzy
Ол жағын білмедім. Бірақ мамандар түкті адамдарға қызуқанды, сексуалдық қабілеті жоғары деп баға беріп жатады ғой. )