Бизнес-Жоба: Дөнер Кебаб

Блог - FaraOn1: Бизнес-Жоба: Дөнер Кебаб
Жоба: Дөнер Кебаб жүрекжалғар ашу
Жоба мақсаты: Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына жылдам дайындалатын, арзан, әрі дәмді, сонымен қатар пайдалы тағам ұсыну.
Өнімділігі: күніне 100 дөнер.
Өнім: Дөнер Кебаб
Жобаның құны: 1 млн теңге
Өзін өзі ақтауы: 2-3 ай
Жобаның мәні: Тағам – мәңгілік бизнес! Дөнер Кебабтың артықшылығы жылдам әрі дәмді дайындалады. Ал бастысы өте тойымды. Бағасы да арзан. Оны көбіне жұмысбасты адамдар тұтынады. 1 сағат бойы түскі ас ішуге уақыты жоқ жандарға тез тамақтануына, немесе жолда жеуіне ыңғайлы. Және бұл тағам талайлардың жәй ғана сүйікті асына айналып үлгерді.
Меню:
• Дөнер Кебаб
• Қымыз
• Айран
• Газдалған басқа да сусындар
• Бауырсақ
Маркетингтік сараптама: Халық чебурек, самасдан жалықты, немесе олар сапасыз, сондықтан жемейді. Фаст-вудтың да зиян екенін біледі. Аса бас қатырып қажеті жоқ, жәй ғана бұл тағам модаға айналды. Сұраныс бар!
Стратегия: Ашатын жерді дұрыс таңдай білсең аса жарнаманы да қажет етпейді. Телефон арқылы тапсырыс қабылдап, жеткізіп беру қызметін іске қосу керек. Шикізат алу үшін жергілікті құс фабрикасымен және қымыз өндіретін, сусындар сататын компаниялармен келісімге тұру керек. Сапалы көкөніс сататын точка табу(саяжайшылармен келісуге болады).
Қаржы құю:
Жер арендасы(54 кв\м), егер мемлекеттік жер болса компейка тұрады.
Жүрекжалғарға бутик салу, егер таныстарға жатса 500 мың теңге, ал оның ішіне үстел, орындық тағы басқаларын алу үшін 200 мыңдай кетер.
Дөнер Кебаб дайындайтын құрылғы комплектте 300 мың теңге.
Тоңазытқыш пен бутикті әрлейтін баннерлер Кока-Коладан тегін алуға болады.)
Қызметкер: Бір тәжірибелі нағыз шебер азпаз болса, сол жетеді. Түрік болса, тіпті қатып кетер еді.
Табыс: Я бәрімізді қызықтыратын осы. Қанша табыс табуға болады? Байып кетуге жетпесе де, қалтаңды қампитады.
Тойымды Дөнердің өзінің құны 300 тг, сен үстіне 100 тг қосып сатасың. Яғни бір Дөнерден пайда 100 тг. Бір күнде 100 дөнер сатуға болады. Яғни 10 000 тг. Бір айда 300 000 тг. Минус қызметшіге 100 000 тг. Өз қалтаңа 200 000 тг қалады. Бұл минимуммен есептегенде. Плюс шырындардан түсетін пайда бар. Минус салық(оны әзірше қақпаймын).
Ал қалай?
сурет алынған жер
ПыСы: 100 проетов для малого бизнеса деген кітап шабытымды оятып жіберді.
Бөлісу:

23 пікір

afrodita
Дөнерің су тегін екен. Дөнері арзан қалаға кетем. Бізде 700 ғо 700
FaraOn1
мәәә қоеее. Бізде серезно мини дөнер 300 теңге. Тойып қаласың спөкөйно)))
KONILDI
Бғляяяяяяяяяяя бізде 350
edige
Жақсы сараптамалық іс-жоспар…
Өзім донер, шауырма дегенді ас құрлы көрмеппін…
Студент кезде жер едім, бірақ болмапты…
Serzha
Бір айда 300 000 тг. Минус қызметшіге 100 000 тг. Өз қалтаңа 200 000 тг қалады.
үн мен етті кім алады, газ бен тоққа кім төлейді?
FaraOn1
ұн мен ет, көкөніс дөнердің 300 тг бағасына кіреді. ал газ бен светті шырындардан түсетін қаржыға жауып отыруға болат. көп кетпейді ғой оған)))
Serzha
аренда ше?
FaraOn1
мемлекеттен 50 кв\м жер алсан мысалы, жылына 500 тгдей гана төлейсін)
KONILDI
менің білуімше онын лавашы дайын калпында сатылады
FaraOn1
шикі тауық еті ғана арнайы құрылғыда ширатып қуырылады. қалғаны дайын күйінде сатып аласың.
Ispek92
мына идея тегін бе? Тігіп кетсек бола ма?
zholantai
су тегін, тігісін жатыстырып, ұра бер
Ispek92
су тегін
суы ғана тегін деп ұқтым алғашқыда
FaraOn1
теп тегін! Тек Қызылжарға жоламаңдар))) Менің қорам)))
zholantai
Менің қорам)))
қызылжардың амбалдары естіп, аңың шығып жүрмесін
bakotakhimbai
кунге 100 өтеді деп айта алмаймын, ол бутигіннің орналасқан жеріне, халықтың орналасуына байланысты, сосын мысалы біздің Атырауда жер — жерде донердің бутигі, бәсеке бар адамдар өздерінің бұрын жеген дәмдісіне және үлкен болғанын қалайды. соны ескерсеңіз. Жақсы идея жалпы, бутикке жер тауып алуда қазір үлкен проблема.
FaraOn1
мәселе сол орында. Жақсы жер таба алсаң 100ің ойнамай қалады. Ал бәсекесі бар аймақта, әрине маркетингке байланысты. Сапалы істе, тұрақты клинет тарт, дөнер жеткізіп беру қызметін қос, тырысса 100ді алуға болат!)))
dindar
Жақында дөнерді уйде жасап үйрендім. Түріктердікінен кем емес болып шықты. 500-700 деген бағаны көріп енді даладан алмаймыз деген ойға келгенмін, 350 теңгеге (халал) сатып алуға болады.
bazuka
Егер қызметшіге ақша экономдаймын десеңіз қызметшіңізді через занятости алыңыз со кезде центр занятости 35 пайызын өздері төлейді, бірақ минимальный размер заработной платы аспау керек. сонда 100000 айлық болса 19966 теңгесін центр занятости төлейді.) ал салық жағынан келсек доходты аздап көрсетесіз))
AknietTanirbergenkyzy
Негізі бизнестің ең алғашқы қадамы!!! Бізде донер 500 теңге Астанада!!! Қай жердікі тойымды, дәмді, сол жаққа барамыз!!!