Төрт мезгіл сыр шертеді...
Сүйіктісін асыға, сабырлы кейіппен күте жерге Қыс кіріп келеді. Жүзінде күлкі болады… Сүйіктісін көремін-ау деген үмітпен асықтығой, шіркін! Жайдары мінезін танытты… жерде аздап күн жылып тұрады. Уақыт өтті, күткен ғашығы әлі келмеді. Ашуға булықты, жүзінің суығы сондай аққан жасы, қар болып жерге түсті. Келіп қалар деген үмітпен ашулы жүзін аздап күлімсіретті. Келмеді… Қаһарлана ашу шақыра бастады, қатты күрсінді… күрсінісі жерге жел болып келді, ашу үстіндегі күрсінісі боранға ұласты. Еңк-еңк жылады, аққан жасы қар болып жерге домалады. Аздап тағы күлімсіреді, жердегі қар ери бастады… шыдамы таусылып, жүзін қайта мұң басты, жерде қатты аяз болды. Еріген жасы мұз болып қатты… жер тайғақ болды. Сүйіктісін сарыла күткен Қыс уақыт жақындаған сайын алып-ұшып, жүзіне күлкі үйіріле бастады… жерде күн шықты. Тағыда көре алмай қаламынба деген ой келді… түрі бұзылды, ашуын сілкіп-сілкіп жіберді… жерге қайта қар жауды...үһ! деп қатты күрсініп еді… жерде жел тұра бастады. Көктемді есіне алып күлімсіреді, өткен жылы көре алмай кеткен өкініші қайта оралып, жерді қайта аққан суық жасымен көмкеріп тастады. Осылайша сүйіктісін жолықтыра алмай Қыс жолымен кете барды…
Сүіктісін сағынған Көктем алып-ұшып жүгіріп келеді… жүзінде күлкісі бар еді… бірақ сүйіктісіне жете алмады… тек Қыс қалдырған суық жасын қолына алып, бауырына басып өксіп-өксіп жылап алды. Азда болса сүйіктісінен қалған қарды көктемнің көз жасы шайып жіберді. Сүйіктісінен қалған естелігін жоғалтып алғанына қатты өкінді...үсті басы быт-шыт болды… жер лайланды… күрсініп әбден жылады… жерде күн күркіреп, жауын жауды. Аздан соң есін жыйды...Қысты іздеп барамынғой… мүмкін жолығармыз… Сондықтанда өзімді күтейін деп әрлене бастады. Сұлуланды, тез-тез сүйіктісінің жүрген жолымен қуып жетпек болды. Асықты. Әлсін-әлсін жылап алады… жерде жауын жауады. Бойын қайта түзеп, қайта әрлене бастайды… көктемнің аққан жасынан жер көктеген үстіне көктейді… Осылай сұлуланып сүйіктісінің ізімен кете береді… жерде жылу пайда болады.
Жаз Көктемнің сүйіктісінің жолымен асығып бара жатқанын көреді. Қуанады, ақ жол тілеп шығарып салады… жерде күн шуағын шашып ыси бастайды. Үнемі күліп жүретін Жаз, Көктемнен қалған әдемі естеліктерді жылытып, одан сайын құлпырта түседі. Сүйікті Күзді сағынып, күтіп жүреді. Күз келеді деп айналаны әрлейді… жерде жемістер пісе бастайды, күн шуағын аямай төгеді. Төзімі таусылады, еңкілдеп жылап алады, Жаздың аққан жасы жерге ақ жауын болып тамшылайды. Әбден шаршайды, әлсін-әлсін күрсініп қояды… күрсінісі жерге самал жел боп келеді. Осылайша асыға күткен сүйіктісі Күздіңде келер уақыты таяп қалады. Қуанады, бірақ көре алмай қаламын-ау деген өкініші жерге аздап салқындық сыйлайды. Сонымен артына жәймендеп көз тастап кетер жолымен жылжи береді.
Күз асығып Жазды көремін деп жүгіріп келеді. Өкініштісі, тек кетіп бара жатқан Жаздың арқасынан қарап, қол бұлғаған күйі қалады. Қарап ұзақ тұрады. Тым болмағанда көрдімғой оны, деп сағынышты жүзіне күлкі үйіріледі. Жерде Жаздан қалған аздаған жылулық сақталып тұрады. Сүйіктісен қалған естелікті бұзғысы келмей сүйсініп ұзақ жүреді. Дегенменде шыдамы бітіп, кеудесін өкініш кернеп жылап қоя береді. Күзден аққан жас жерге сел болып ағады. Қатты күрсінеді… жердегі жылу бір пәсте таусылып, салқын түсе бастайды. Өксігін баса алмай Күз ұзақ жылайды, ашуға булығады… жерде қатты жауын жауып, сұрланып, жел тұрады. Буырқанып, бұрқан-талқан болған Күздің көзінен жас кетпейді.Осылайша өзінің сүйіктісінің жолымен кете барады… Осылайша ғашықтар көрісе алмай әлемді айналып жүре береді.
Әр мезгіл өзінің сағынышына қарай сыр шертетін сияқты көрінді мен үшін. Сондықтан тек өз ойыммен қысқа етіп жазып шықтым. Биылғы Қыс сүйіктісін қатты-қатты сағынған секілді болдыма? Қалай өзі? Ашуы әліде қайтар емес.
8 пікір