Мен көрген Фуга
Жарнамасы жер жарып дегенім артықтау болар), Интернетті біраз шулатқан Фуга фильмінің тұсаукесері болды. Бардым. Көрдім. Сарапшы болмасам да, қарапайым көрермен ретінде бағаладым.
Фильмге кіріп бара жатып, Фуганың атқарушы продюсері — Асхат Сабырбай «тұщымды пікірдің аздығын» айтып қалған еді. Асхаттың премьераға шақырғандағы мақсаты да сол — оң-теріс пікірді қалыптастыру шығар деп топшыладым.
Ұнады:
— жылаған-сықтаған, махаббаттың айналасынан шықпайтын фильмдерді тағы да қайталамай, жаңа жанрда түсірілген кино;
— дәл қазір қоғамда өзекті боп тұрған бала, қыз сату, нашақорлыққа әуестену сияқты проблемалардың қозғалуы;
— Майя (Ә.Садвакасова) образы — екіжүзділердің бейнесі: тығырыққа тірелгенде сондай «мүсәпір» бола қалады дағы, тығырықтан шыққанда қайта қуақылана шығады.
— көрерменді интригамен ұстап тұруы, «енді қайтер екен» деген оймен көресің;
— кино түсіруді жаңа қолға алған жастардың талпынысы, жоқтан бар жасауға тырысуының өзі құрметке лайық;
— фильмнің жарнамасына жақсы күш салынды, біраздан бері күтіп жүрген фильмнің бірі еді;
— аты сәтті таңдалған. Шыны керек, білім базама жаңа сөз қосылды
Ұнамады:
— фильмді түсіруші топ қазақтілді қазақ жігіттер бола тұра, Фуганың орыс тілінде түсірілуі. Қазақшасы жетік актрисалар да көп еді;
— Майяның (Әсел) аяғын ауырсынып па, білмеймін, бастан-аяқ әйтеуір шектен тыс көп ыңырсуы. Бұл фильмді үйде көрсеңіз, көршілеріңіз сізді порно көріп отыр деуі мүмкін
— Әселдің ойынында жасандылық бар, көрерменді кері итереді;
— төтеннен сарт ете қалатын адам шошытарлық тұстарды көрермен алдын ала біліп отырады, күтпеген жерден ыршып түсетін тұстың бәріне дайындалып отырдым;
— Әсел шөпті шынымен жеп отыр ғой, қалай жеді екен) Бір түрлі боп кетеді екенсің
Фильмді түсірген топтың уайымы енді басталады. Бюджетті ақтау керек, елдің үмітін ақтау керек, күткенін ақтау керек, өздерін ақтау керек. Бірақ, өздерін ақтайтын күн болмасын, болмайды да деп ойлаймын. Тырнақалды туынды осынша жақсы, демек, алда жігіттер керемет шедеврлерді дүниеге әкеледі.
Фильм маған ұнады. Қателік бәрінде де болады, оны тергіштесек, дүниеде мінсіз ештеңе болмай шығады.
Әркімнің талғамы әрқалай, маған ұнағанмен, оған ұнамауы мүмкін, мың естігеннен бір рет көрген артық.
Барыңыз, көріңіз, өзіңіз баға беріңіз!
Осы үшін ғана барып көруге болады. Бұл фактор болмағанда…
Ал, Дастан кімнің рөлін ойнайды?
ыңх-ыңхы көп