Өзіңіздің табиғи сұлулығыңызға демеу болыңыз

Сұлу болудың сыры денсаулықты күтуден басталады. Әркімде өзін жақсы көруі керек және әрқашанда өзіңізді күтіңіз. Шынайы сұлулыққа қол жеткізудің сырларын атап көрсетейік
1. Тамақтану уақытын сақтау керек. Таңертеңгі ас мәзірінде жұмыртқа немесе сұлы ботқасы болған дұрыс. Тәтті тоқаш, кәмпит, шербет дегендердің орнына жеміс-жидектерді, кептірілген өрік-мейіз, бал сияқты пайдасы көп тағамдарды тұтұнуды әдетке айналдыру керек.
2. Күнделікті 8 стакан таза су ішіп тұру керек. Су ас қорыту жүйесін жақсартып, ағзаның температурасын реттейді. Тамақтанар алдында 15 минут бұрын 1 стакан су ішкен жөн.
3. ас қорыту жүйесі мен ағзамыздағы зат алмасу процесін жақсарту үшін таңертең 1 ас қасық асқабақ, зәйтүн, күнжіт т.с.с. өсімдік майын ішіп тұру керек.
4. Кешкісін ертерек жатып, таңертең ерте оянғанды әдетке айналдырыңыз. Біршама күн ішінде ағзаңыз осы графикке үйреніп өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Ұйқыңыз келмесе бал қосып сүт ішіп алыңыз.
5. Айына 2 рет моншаға барып тұрыңыз. Моншаға түскен адам жаман ойлардан арылып, өзін жақсы сезінеді. Ыстық бу шаш пен тырнақтың жақсы өсуіне ықпал жасайды. Теріңізде жақсарады.
6. Түймедақ(ромашка) немесе ақжелкен (петрушка) қайнатып, суыған кезде арнайы ыдысқа құйып, мұздатқышта қатырыңыз. Қатқан мұз кесегін күнде таңертең бет мойыныңызды сүртіп жүріңіз. Осының арқасында теріңіз жасарып қалады.
7. Бетіңізге бал қосылған сұлы жармасын жағыңыз. Сондай-ақ жеміс-жидектердің тілімін қойып, 10-15 минут жатып демалыңыз. Жәнеде көзіңізге қияр, картоп тілімін, қою қара шәйге малып мақта дискісін қоюға кеңес береміз.
8. Аптекалардың бәрінде дерлік сатылатын балшық ұнтақтарын жылы суға салып араластырып бетіңіз бен мойыныңызға жағып, 15-20 минут қалдырыңыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз. Балшық беттегі қара дақтарды, безеуді, бөріткенді, әжімдерді кетіреді.
9. Спортпен үнемі шұғылданыңыз. Ол үшін арнайы фитнес клубқа бару шарт емес, тек таңертеңгісін 10-15 минут таңғы жаттығу жасаңыз (жүгіріңіз немесе жаяу жүріңіз), жұмыс уақытысындада жиі-жиі үзіліс жасап қозғалыста болыңыз.
Мүмкін осы аталғандарды көпшілігіміз білерміз, мүмкін сіздерге керекке жарап қалар деп газет-журнал қиындыларынан тұратын альбомымнан сыр шерттім. Алла бұйыртса 11 күннен кейін көктемде шуағын жайып келіпте қалады. Сұлу болайық арулар!
Бөлісу:

8 пікір

Korkem
Темірдің қызы, нигіңді өзгертші. Мынаны ұл жазатындай не теңі екен деп қалдым)) Жақсы кеңестер)
temir_88
осы ілмек мағанда қажет боп жүргенед))))(никті өзгерту)
temir_88
қалай жасайтынынан хабарым жоқкен
Ispek92
Никті админ мырза ғана өзгерте алады, алғаш ашқанда ойлану керек ед))
temir_88
постым логинмен көрсетілерін қайдан білейін)) осылай болсада жақсы, зато темір екенімді бәріңіз білесіздер
Meyirim
Барлыгын дерлик биледи екем, тек кызым оскенше уйкымнын режимi быт-шыт бола турады. Тунде жылауыыык болып кетеди (((((.