Біле жүріңіз, бір керекке жарап қалар!

Демалыс күндері ауылға әке-анамның үйіне барған едім. Үйді жинастырып жүріп газеттің, журналдың қиындылары жапсырылған менің ескі альбомымды тауып алдым. Оқушы кезімде осындай пайдалы кеңестерді жинаумен әуестенетінмін, қазір сол альбомды анам жаңа пайдалы кеңестермен толықтырып жүр екен (тастауға қимағанғой) содан үзінділерді сіздердің назарларыңызға ұсынамын
Танертеңгі 5 минуттық ұйқы зиян екен…
Көпшілігіміз танертеңгі будильниктен кейін тәтті ұйқымызды қимай 5 минутқа жата тұрамыз. Дегенмен, бұл 5 минут денсаулыққа кері әсер етеді екен. Ғалымдардың айтуынша, адам ағзасы ұйқыдан оянардан бір сағат бұрын дайындалады екен. Дененің температурасы көтеріліп, ми терең ұйқыдан шыға бастайды екен. Сонымен қатар танертеңмен денеге күш беретін ағзада дофамин заты өңделеді. Ал, ұйқымызды 5 минутқа созудың салдарынан аталған процестер майда бөліктерге бөлініп кетіп, ағзаның қалыпты жұмысы бұзылады екен. Соның салдарынан адам күні бойы өзін шаршаңқы сезінеді. Себебі, 5 минуттық артық демалсы миды қайтадан терең ұйқыға тартады екен. Ал, осы сәттегі будильник ұйқыға қайта кеткен адамды мүлдем теңселтіп тастайды. Сол үшін ғалымдар төсектен уақытылы тұрып кетуге кеңес береді. Бірнеше бөлікке бөлінген ұйқының денсаулыққа келтіретін зияны көп дейді. Мамандар ең бастысы ұйқының кестесін түзіп, сол кестемен жүру керектігін және уақытылы ұйықтап оянудың адам ағзасына үлкен күш беретінін айтады.

Кофені ішуге қарағанда иіскегеннің пайдасы көп
Ғалымдардың айтуынша, күнде таңертең кофені ішпей-ақ сергек жүруге болады екен. Ол үшін таңертең жаңа қайнаған кофені иіскегенде жеткілікті. Айтуларынша, кофе қайнай бастаған кезде ұшып шығатын алколидтер барлық ағза мүшелеріне тарап адам денесін босаңсытып барып лезде сергіте алады екен. Ал қайнаған кофенің мұндай қасиеттері жоқ. Себебі, қайнау процесінде алколидтер фенолға айналады да, фенол өзге қасиеттерге ие болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары кофенің иісі ми жұмысына жақсы әсер етіп, адамның иммундық жүйесіне оң ықпал ететіндігін көрсетті.

Күнделікті жанымыздан ажырамастай боп кеткен сөмкенің инфекция тарататын кері әсері бар екен…
Қыз-келіншектердің әрқашанда жанынан табылатын сөмкесі мыңдаған бактериялардың мекені екен. Ұлыбританиялық Initial Washroom Hygiene ұйымы сөмкелердің жұқпалы аурулар таратуы мүмкін екенін мәлімдеген. Мамандар әйелдердің әрбір бесінші сөмкесі дәретхана орындығынан да лас болатынын анықтаған. Олардың айтуынша, сөмкедегі ең лас зат- қолға арналған крем, опа, кірпік бояуы. Қазіргі таңда кез-келген қыз-келіншектің сөмкесінен табылар бұл заттарды бактерияға тұнып тұр деседе, ешкім ол заттардын бас тартпақ емес. Сондықтанда, сарапшылар біздерге сөмкемізді күн сайын бактерияға қарсы майлықтармен, арнайы гельдермен тазалап тұруға кеңес береді.

Тарақанныңда емдік қасиеті бар екен
Тарақан – ең сұмпайы жәндіктердің қатарына жатады. Оның жыбырлап жүргенінің өзі адамды тітіркендіреді. Ал оны емге пайдалану жайында біреуге айтсаң, әрине, ала тонын ала қашуы таңсық емес. Шындығында тарақанның бойында адамды аурудан емдеп жазатын керемет дәрулік күш бар екен. Тарақаннан дәрі жасау үшін 1- оны өлтіріп, сыртқы қара қабатын кептіріп қояды. Қабық әбден құрғап кепкеннен кейін, үстіне су құяды.2- дайын қабыршақтың үстіне өсімдік майын, спиртті құйып араластырып, 3-4 күн қараңғы жерде ұстап тұндырады. Бұл тұнбаны тыныс тарылып ауырғанда кеудеге, ал өкпе ауырғанда арқаға жағу керек. Егер судың орнына таза керосин қолданса күйікке, іріңді кетіру үшін және сынған жерді тез жандандыру үшін қолдануға болады. Тамыр созылғанда да қолдануға болады. Сонымен қатар еркек қуатын арттыру үшін де пайдаланса керемет көмектеседі екен.

Таза бетті қалайсызба?
Көбіміз беттегі безеулер, ісінулер, қара дақтар, қызару ішкі құрылысқа, күйзеліске байланысты пайда болатынын біле бермейміз. Бет тазалаушы құралдар уақытша әсер ғана береді. Олардың әсері тек бар безеуді ғана кетіріп, оны пайда болдыратын себептермен күресе алмайды. Өйткені, терідегі кемшіліктер ағзада пайда болады, сол үшінде оған іштей әсер ету керек. Ол үшін жеміс қышқылының құрамында кездесетін С дәруменін қабылдау қажет. С дәрумені терінің жаңаруына көмектесе алады. Антиоксиданттар-полифенолдар қан айналымын жақсартады. В 6 дәрумені жүйке жасушаларын өзара жақсы байланыстырады, ал сульфат магний тері кемшіліктерін жояды. Сондықтан дәрумен жинағы мен био қосымшаларды ішуге кеңес береміз.
Е дәрумені- ферменттер мен жасушалардың құрылымдарын күйреуден сақтайтын антиоксидант, ағзаның қартаую процесін баяулатады. Е дәрумені өнген бидайда, соя бұршақтарында, жүгері және мақта майларында, маргариндерде, жаңғақтарда болады. Н дәрумені қалыпты зат алмасу, нуклейн қышқылдарын жинақтау, қызыл қан түйіршіктерін шығару үшін қажет. Оның негізгі көздері- бауыр, көк шөптер, жаңғақтар, соя өскіндері, асбұршақ. Сұлулық үшін күрестегі тағы бір көмекшіміз- Р дәрумені. Р дәрумені- қан тамырлары қабырғаларын нығайтуға ықпал етеді. Бұл теріміздің авитамиоздан пайда болатын ішкі теңгерімсіздікпен ғана емес, қоршаған ортаның теріс әсеріменде күресуге көмектеседі. Оны цитрустардан, итбүлдіргеннен, мүкжидектен, анардан, аскөктен, қара өріктен және итмұрыннан табуға болады.

Арықтағыңыз келсе
Диетолог ғалымдардың мәлімдемесі бойынша күн сайын екі стакан сүт ішіп семіздікпен күресуге болады екен. Сүтті жәйғана ішіп қоймай, адамның денесіде үздіксіз қозғалыста болуы керек дейді. Екі жыл бойы жалғасқан зерттеу жұмыстарынан кейін ғалымдар осындай қорытынды жасады. Мамандардың айтуынша, сүт ағзаны бірден арықтаудан сақтайды. Ал егер адам артық салмақтан лезде арылған жағдайда оның ағзасында түрлі ауытқушылар орын алады екен. Сондықтанда арықтаудың қауіпсіз жолдарын таңдағаныңыз жөн. Сүт- ол өзге қоспалар секілді биохимиялық жолмен жасалмаған, яғни ол табиғи өнім және әрқашанда қол жетімді бағада.
Бүгінге осы, қалғанын кейінірек жазармын.
Бөлісу:

5 пікір

dindar
өте пайдалы, ақпаратты пост екен, әсіресе таңғы ұйқыдан тұру жайлы
VKM
тарақан туралысы қызық екен,қалғанын пайдалануға болатын сияқты
temir_88
 расыменде,қызық! Аллаһ тағала әр нәрсеніде бір пайдаға жаратқан екенғой