Таудағы жайылымға барып келу хикаям

Ауылға жиі барамын. Ауасы, айраны жағады. Әкемнің Үркен деген інісі бар. Аңшы. Саусағынан өнері тамған ұста. Әйелі төсек тартып қалса, «збагойно» тандырға нан жаба салады.
Атамның көзі тірісінде бізге атаған сиыры бар тұғын. Сол сиыр көктемде туғанда, тауға жіберіп, жаздың ортасында ақша керек болып қалып, сол бұзауды сатуға тура келді. Сату үшін әрине тауға барып, айдап келу керек.
Үркен тәтем(оңтүстікте ағаны тәте деп айтады) екеуміз жиналып қамданып жолға шығатын болдық. Жайылым ауылдан 10 км жерде негізі. Уйде ат ұстамайтын болғандықтан жаяу шығуға тура келді.
Өзімше кинодағыдай, рюкзак асынып, мұздай болып тұрмын. Үркін менің тұрысымды көріп: «Мыналарыңды таста, үшінші қырдан соң өзің-ақ лақтырғың кеп жібереді» дегенін мазақ көрдім. Намысым «слегка» тапталғандай болды)
Қош сонымен, сағат түскі 11-де жолға шықтық. Күн ыстық, бірақ бетіңді ыстық самал аймалап, сүйіп барады. Ескен самал маған да ұнап тұр. Екінші қырдың ортасына жете бере, айтқандай-ақ шаршап, тер сорғалап, заттарым ауырлай бастады. Үркінге сыр білдірмей келемін бірақ. Сезіп келеді сабазың!
Екеуміздің арамыз алшақтай бастады. 2 адымнан бастап, 100 адымға жетуге барды. Мен өліп-талып жеткенше, Үркін демалып, миығынан күліп отырады. Қасына барып, отырғанда ол тұрып, жолын ары қарай жалғастырады. Амал жоқ артынан сүмірейіп, жетіп алу керек.
Бұрын мұндай сұлулыққа мән бермеуші едім, осы сәтте табиғатымыздың қандай сұлу, саф алтын екеніне куә болдым. Үркін тез бол деп түртіп келеді. Аяқтан аяқ қалмады. Аяғым бағынбай бара жатқандай болды. Адамның белінен асатын шөптердің арасынан жүріп өту мүмкін емес. Жұпар исі аңқыған шөптер мұрынды жарады. Іштей өзімді боқтап, біраз жерге апарып тастадым. Өзімнің тірлігіме әдемілеп тұрып, «объективный» баға бердім…
Шаршап-шалдығып, кеш бата малшылардың тұрағына келдік. Келе салып жата кеттім. Түрім қиналып, әбіржіп кеткен. Адам аярлықтай еді) Жігіттер бірден түсінді, қалалық ақ саусақ екенімді. Күлді де қойды. Әңгімелері де басқаша, барлығы да тіпті басқаша екен тауда. Таудың ауасында шығар деп түйдім бар гәп. Киіктің етінен дәмді жасалған сорпаны ішіп, жатуға жинала бастадық. Жасымды сыйлап, кезекші қылды).Ыдысты жуып барып, әңгімелерін тыңдап жаттым. Өте-өте тамаша, ғибратты нәрселерді тыңдап жатып ұйқыға кеттім.
Ертесіне қамданып, тағы да жолға шықтық. Малды баққан еңбектерінің ақысын төлеп кете бардық. Қызғана да қызыға, қимай кете бардым оларды. Осылай мен тауларға ғашық болдым.
Бөлісу:

3 пікір

Meyirim
Ия шынмен таулы олкенiн адамдары уйренiп калган ба, шаршамайды гой, мен Тулкiбастын мектебiнде oкып жургенiмде класстастармен тауга баргам, олар тук шаршамайд, мен жарты жолда шаршап, калып койгам
bizbike
Ер адамды тәте деп тек оңтүстікте айтпаса керек. Батыста да, шығыста да айта береді.
Ispek92
Бізде тәте деп әйел адамды айтады, мысалы менің шешемнен шамалы үлкен әйел қауымын тәте деймін, ал күйеуін көке дейміз.