99% адамның бірінші айтқан жауабы дұрыс шықпаған есеп

Бір қарағанда қарапайым есеп бірақ оңай шатастырады екен, сіздерге де көрсетейін кім шеше алар екен;

Аяқ киім сатушы дүкен иесі аяқты 2000 теңгеден оптом алып, дүкенінде 3000 нан сатады, бір аларман келіп бір аяқ алады да 5000 теңгеліктен бір қағаз береді, майда болмағандықтан дүкен иесі көршісіне апарып әлгі 5000 теңгелікті 1000 теңгелік 5 қағазға айырбастап келеді де, алушыға 2000 теңге асқан ақшасын беріп жібереді, алушы аяқты алып кетіп қалған соң, көршісі келіп 5000 теңгеліктің жалған екендігін айтады, дүкен иесі амалсыз 5000 теңгені түгелдей қайтарып береді.
Ал енді сұрақ; дүкен иесі жалпы жиыны неше теңге зиян тартты?
Бөлісу:

33 пікір

Meyirim
Аяқ сатылатынын алғаш сізден естіп отырмын.  Мүмкін аяқ киім шығар
Olzhass
аяқ киім бағасы 2000, сдача 2000, фальшивка 5000 общым 9000 tenge
ken
3 000 теңгелік аяқ киім, 2 000 теңге здача, 5 000 фальшивка.
10 000 теңге шығын.
serjan
Konyrat деген кісі дұрыс айтты бірақ дәлелдеуіңіз керек.
konyrat
Аяк ки! мн! н багасы 2000
Корш! с! не косып кайтарган акшасы 2000
Жалпы косканда 4000. Кыска-нуска жауап.
ken
қалай сонда? түсінбедім.
аяқкиімнің сол дүкендегі бағасы 3000 ғой. аларман сол аяқкиімді алып кетті, қосымша фальшивка бес мыңннан 2000 теңге сдача алды. дүкенші осы жерде 5000 мыңға шығындалды.
сосын көршісіне тағы да 5000 берді. барлығы 10000 болып тұр емес пе?
Ispek92
Үстіне қосып сатады емес пе? Өзі аяқ киімді 2000-ға алды, сдачаға 2000 берді, фальшивка болғаны үшін 5000 берді, бәрі 9000 теңге боп тұр.
neoaskar
жалған ақшаны есептемеңдер. оны тек ауыстырып келді. ал здачаға екі мың кетті. деп есептеңдер, де, аяқ киімді 2 мыңға алды ғой. сонда барлығы 4 мың теңге
Ispek92
Жалған ақша шығынға жатпай ма? Неліктен?
neoaskar
Есептеп қарасай, ол тек ақшаны айырбастап әкелді…
ken
көршісіне өз қалтасынан берді ғой кейін
kariim
Тоғыз мың сияқты, бірақ тағы да ойлану керек екен. )))
Ispek92
Аптыр, соңынан өзіңіз дәлелдеп жолымен көрсетіп жіберіңіз, біліп жүрейік.
serjan
Қоңырат Маладец!!! дұрыс шешті және дәлелі де дұрыс.
Ispek92
Сонда фальшивка ақшаны қайда жібердіңіз? Бұл да иллюзия болғаны ма?
neoaskar
жалған ақшаның қайтарымы қайда. көршісіне қараптан қарап 5 теңге берді емес пе, қалтасынан
serjan
Көршісіне қараптан қарап берген жоқ, керісінше көршісі берді 5 қағаз 1000 теңгелік, 2000 ды ана алдамкөске берді, 3000 қолында, оған қалтасынан 2000 қосып (бұл шығынның бір бөлігі) көршісіне қайтарды, шығынның екінші бөлігі ол; сол аяқ киім (бұл шығынның екінші бөлігі) құны 2000 теңге, қоссақ 4000 тг, болды басқа шығын шыққан жоқ дүкеншіден.
Ispek92
Енді цүнікті, 2000 тг аяқ киімді 3000 тг сатады. Сатып алушы 5000 тг берді(бұл фальшивка), сдача болмады, көршісіне барып фальшивканы нағыз ақшаға айырбастап алды, назар аударыңыз бұл сатушының кірісі!!! Енді анау алаяққа 2000 тг қайтарды, міне 1-ші шығын(2000тг), сосын анау көршісі келіп, фальшивка екенін айтты, сонымен сол кісіден алған нағыз 5000 теңгелікті өзіне қайтарып берді, енді екінші шығын сол 3000тг сататын аяқ киімді ол 2000 теңгеден алып жүрді. Міне бұл 2-ші шығын(2000 тг), дұрыс түсіндім бе, Сержан аға?!
Соңғы түзету:
serjan
Йә ойыңыз дұрыс, бірақ 2000 теңгелік аяқты 3000 ға сатқанын айтудың қажеті жоқ, біз нағыз шығынды ғана есептейміз, ол аяқтың құны мен алаяққа кеткен 2000 тг.
edige
7000 тенге шығын болған… ол 5000 теңгені қараңғыда таксиге ме беріп жіберу мүмкіндігі болса 4000 тенге ғана шығын болады.
Осында нақтылай түссеңіз:
1. Жалдап алған контейнердің бір айлық жалға алған соммасы? Күнделікті төлейтін ақшасы қанша?
2. Қытайдан алдырған тауар болса кедендік бажы қанша? Тауар алынғанда доллар курсы қанша еді?
3. Егер түстен кейін сатылған болса сатушы таңертеңгілік және түстік ас мәзірі мен құны?
Соңғы түзету:
serjan
Сатыбалды бола алмайсың қоя берші…
edige
Болу ойымда да жоқ… Накты шыгынды тек осылай ғана шығарады…
Өз ойым тек…
Соңғы түзету:
serjan
Математикалық жұмбақ тек субьективті логиканы сынауға арналады көбінесе, нақты өмірге қатысы жоқ, бұрын мұндай жұмбақ шешіп көрмегенсің ау!
edige
Айып етпе Саке, Үңгірде тұрамын.
Шығармаппын бұндай есеп
Ispek92
 Жұмысқа жаяу келмейтін шығар, телефонға ақша салады ма екен? Жарыққа кім төлейді сонда?
neoaskar
6000 теңге, 2 мың, алаяққа, 2 мың көршіге, 2 мың аяқ киім тегін кетті ғой соған.
serjan
Алаяққа кеткен ақшаны көршіден алып бердің, енді оны көршіңе қайтарасың болды, екі рет қосып тұрсың сен 2000 ды.