Жаңа шоу - "Шулама"

1 ақпан, сағат кешкі сегізде НТК арнасында жаңа ойын-шоудың тұсауы кесіледі. Бұл Қазақстанда бұрын-соңды көрсетілмеген жаңа формат. Осы уақытқа дейін тек Жапония және Сингапур елдерінде көрсетілген. Франшиза иесі — жапондар.



Шулама шоуы – тыныштықты қалайтын, ұқыптылықты сүйетін, ептілікті талап ететін бағдарлама. Әділқазы — дыбыс өлшегіш құрал (шумомер). Жеңімпаз 100 мың теңге сый алады. Ол үшін бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды өту керек.
1-кезең. 30 секунд ішінде артық дыбыссыз тапсырманы орындауы қажет. Мәселен, Картоп қатырлағын ашу не жеу. Газдалған сусының аузын ашу немесе ыстық қайнап тұрған кеспені ішу т.б.

2-кезең. 45 секунд ішінде берілген тапсырманы ережеге сай орындау керек. Мәселен, үлкен сөмке ішіндегі затты табу не сыйлық қорабын орау т.б.
Блог - dark_nazgul: Жаңа шоу - Шулама
3-кезең. 30 секунд ішінде есікті кедергіге (сылдырмақ қоңырау) тигізбей ашып, бер жағына өту. Гольф шарын арнайы тесіктен өткізу немесе теннис тобын қызыл дөңгелекке дұрыс дәлдеу. Басты талап, ШУЛАМАУ.
Блог - dark_nazgul: Жаңа шоу - Шулама
4-кезең. Биік қабырғадан темір табақты сағат тілі бойынша лақтырып ойнау керек. Дұрыс қағып алынған табақ ұпаймен марапатталады. Берілетін уақыт 90 секунд.
Блог - dark_nazgul: Жаңа шоу - Шулама
5-кезең. Биік құламадан велосипедпен түсіп, кедергілердің ортасынан өту керек. Бұл кезеңде уақыт шектеулгі жоқ.
Блог - dark_nazgul: Жаңа шоу - Шулама
6-кезең. Ақтық мәре. Жүздеген кедергілерден құралған жол торабы арқылы 90 секунд ішінде ФИНИШке жету керек. Сондай-ақ, қатысушының көзінде арнайы көзілдірік пен қолында стаканы бар темір табақ болады.
Блог - dark_nazgul: Жаңа шоу - Шулама
Егер топтағы үш ойыншы да тапсырманы дұрыс орындаса, 100 мың теңге ал, екі қатысушы ғана сақырлатпай, құлатпай өтсе, 50 мың теңгені жеңіп алады. Бір ғана ойыншы өткен жағдайда 25 мың теңгеге ие болады.

Сіздерді әр апта сайын сенбі күндері кешкі сағат 20:00 де НТК арнасында тыныштыққа шақырып жүрген Нұржан Еркінұлы.
Блог - dark_nazgul: Жаңа шоу - Шулама
Айтпақшы, бір ойынға қатысады.
Блог - dark_nazgul: Жаңа шоу - Шулама
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
қатысқым келеді. өте сақ, үнсіз қимылдаймын
MamaAya
қасыңдағылардікін шығарып жіберерсің үндемей ғана....
torgai
Мен де қатысар едім. Салмағым аз өйткені
MickThatsMyNick
Тұрсынбек айтпақшы, «жұлдыздармен» қойкезек қашан болады???
dark_nazgul
менің баяғыдан ойлап жүргенім: «Жұлдыздар түрмеде».
dark_nazgul
Алдағы сенбіде «Шуламада» nurbolkhan_ !

Соңғы түзету:
dark_nazgul
Соңғы түзету:
edige
Әнші, биші, әзілкештер ғана шығатын тағы бір шоу пайда болыпты ғой…
Бұл да бір болған іс…