№4 эстафета: Өлеңді аудар
Өлімші болып ұмтылған соң ба, әлде бәсекелестік аз болған соң ба №3-ші эстфетаны жеңдім. Ал шабыңдар. Гетеден бір өлең.
Помню, как она глядела —
Помню губы, руки, грудь —
Сердце помнит — помнит тело
Не забыть. И не вернуть.
Но она была, была!
Да, была! Все это было:
Мимоходом обняла —
И всю жизнь переменила.
Сілтеме
Помню, как она глядела —
Помню губы, руки, грудь —
Сердце помнит — помнит тело
Не забыть. И не вернуть.
Но она была, была!
Да, была! Все это было:
Мимоходом обняла —
И всю жизнь переменила.
Сілтеме
ұмытылмас. оралмас
бірақ ол болған, болған!
иә, болған! барлығы болған:
жәй ғана құшақтады — сөйтіп бүткіл өмірін өзгертті
Бал ерні әлі есімде –
Жүрегім сезед, тәнім де сезед,
Онымен болған кезімді,
Төсіне төсім тиген сәтте-ақ –
Байқадым ыстық сезімді…
Есімде ерні,қолдары, толықсыған анары,
Есінде жүректің, есінде тәнімнің,
Бейнесі ұмытылмас, оралмас менің жанымның.
Бірақ болды ол менде болды,
Иә, болды, бәріде бізде болды,
Кете барды, жәймен ғана құшақтап,
Өзгертіп өмір атты жолды.
Ыстық ерні, анары.
Ұмытпас тәнім ғажапты
Сол сәт әттең, кетті өтіп,
Бір мезет өмір өзгеріп
Құшағында ұмыттым бар азапты
Тәтті еріні, көкірегі, нәзік қолдары.
Тәніммен сеземін, жаныммен сеземін
Ұмытылмасын, қайта оралмасын.
Сол бір сезім, тәтті сезімім,
Иә, өткердім сондай бір сезім.
Қия алмай сені құшақтай бердім
Өзгеріп менің сенсіз өмірім.
Елесі жәудіреген жанарыңның,
Тәнімнің тағаты қалмады
Түскенде еске жұпарың мен үлбіреген анарың.
Бастан өтті бәрі де, жоқ еш күмән
Келмейді қайта айналып, қайтейін мен
Құшағыңсыз өзгеріп өмір, қалмады еш мән.
Есімде ерні, анары…
Ұмытпас оны жүрек, тән.
Наздана қалар жанары.
Қайрылмай кеткен асыл жан.
Бірақ болды бәрі де…
Жоқ болды бір сәт көрініп.
Жанаса бере сәл құшып
Өзгертіп кетті өмірді.
Тәтті ернің, нәзік қолдарың,
Көз тартушы еді төсіңде.
тәніңді, жүзіңді есімде сақтаймын
Өзіңнен басқаға жүректі ашпаймын.
дегенмен кете бардың қалдырып көңілімді,
мәңгілікке өзгертіп пенделік Өмірімді.
(Деп жүрмеңдер аударма неткен мұңды
Бәрінен Нәзгүл апмның аудармасы жынды)
ернің де, қолың, төсің де
жүректің, тәннің есінде
ұмтылмас! қайта келсін бе?!
бірақ та болды, тез өтті
басымнан сондай кез өтті
қас қағым сәтте құшаққа ап
бар өмірімді өзгертті
Алма төс, саусақтар сүйріктей.
Оралмас күндерді жүрегім
Ұмыта алмайды неліктен?
Бірақ ол бар еді, бар болған!
Болды ғой бәрі де — көз көрді.
Кездейсоқ құшақтан қаңғырған,
Өмірім мәңгіге өзгерді.