Қысқа ғұмырымызды мәнді де сәнді өткерейік
Адам өмірінің ең басты құндылығы жүрек түбінен шығып, ақылмен басқарылып, іс-әрекетпен расталады. Бақытты боламын десеңіз шынайы болыңыз. Шынайылықтың негізгі факторларын атап өтейін: 1) Жүрегіңізді жылуға, сүйіспеншілікке, махаббатқа, мейірімге толтырыңыз. Көркем болыңыз, Аллаһ көркемдікті сүйеді. 2) Ішкі сезімдеріңізді кірлетпей, таза етіп сақтай білгеніңіз абзал. Қандайда бір іс бастағанда мол сүйіспеншілікпен жасаңыз және ләззат ала біліңіз. 3)Бойыңызды үрейден, ашу-ызыдан, қызғаншықтықтан, өсек-аяңнан, артық сөзден (мағынасыз балағат сөздер) алшақ ұстаңыз. Сондай ортада қалып қойсаңыз, сәл жымиып, үнсіз ғана шығып кеткеніңіз дұрыстау сияқты. 4) Жеке әлеміңізді сіз жақсы көретін және сізді жақсы көретін адамдардан құраңыз. Жаныңыздағылармен араласқанда әдемі әсер қалдыра білгейсіз. Әрбір тұлғаны бағалаңыз, бағалата біліңіз, сыйлата және сыйлай біліңіз. 5) Болмашы нәрсеге ренжи бермеңіз. Кешірімді болыңыз, кешіре біліңіз. Негативті ойлардан арылыңыз. Барлық нәрсенің тек жақсы жағын ойлаңыз. Шын жүрегіңізбен сүйіңіз, сүйікті болыңыз. Әр қашан күлімдеп, жарқырап жүргенге не жетсін!
9 пікір