Бұл қай керекші? #7 (Эстафета)

Блог - Ispek92: Бұл қай керекші? #7 (Эстафета)

МамаЯ-ның өйтіп-бүйтіп жүріп жеңіп алған эстафетасын оп-оңай ап алған соң кезекті құпия керекшіні жасыруым қажет болды. Кімді таңдайтынымды алғаш тапқан кезімнен-ақ білдім, ол кісі де қарсы болмады. Сонымен, адамды баурап-жадыратар МамаЯ-ның супер-пупер постынан кейін менің іш пыстырарлық сұрақтарыма ерінбей жауап қатқан қай керекші екенін тауып көріңіздер.

1. Бала күніңізде осы күнгі тірлікпен айналысармын деген ой болды ма? Жалпы бүгінгі қызметіңізге бетбұрыс жасауға не әсер етті?
Жоқ, болмады. Қызметім өзіме ұнамайды, тек пайдасы жақсы. Ештеңе әсер етпеді, тіршіліктің қамы үшін ғой.

2. Бұл сұрақты МамаЯ-дан түпнұсқасымен тігіп кеттім, сіз қалай жауап берер едіңіз(охх, бір сәт азғын қиялға берілейкЧ) Сұрақ мынау:
Ұялмаңыз, тек ашық айтыңызшы,,, егерде біреумен, бәлкім ойыңыздағы ұнап жүрген жаннан басқа, бөтен жанмен бірге біраз уақыт қалып қойдыңыз делік, ол жерде айналысатын ештеме жоқ, қабырға, сіз, ол… (диван десең, ияяя?)))) Не істер едіңіз? Менің азғын қиялымның туын жықпас жауап аламын деген дәмелімін!
Мүлдем елестете алмай жатырғаным. Алдымен танысып алармыз, сосын барып өткенін, болашағын сөз қыламыз. Неужели, жейтін де дым жоқ па?

3. Керекинфоның ең әдемі аруының есімін атап жіберсеңіз?
Абай Асанкелдіұлы, konvict

4. Ең алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме? Барлығы қалай басталды, қысқа-нұсқа айтып берсеңіз?
Есімде. Көзбен ату арқылы басталған ғой. Ол кезде небәрі 5 класта оқитын едік. Ол параллель сыныпта оқыды. Қарай берген соң, қарай берген соң ғашық болып қалғам. Сосын бітті.

5. Керектің қазіргі сылбырлығына(бұрындары белсенді еді) не себеп деп ойлайсыз?
Сатыбалдының жоқтығы.

6. Жалпы, өзгенің болмаса өзіңіздің жазбаңызға кімнің пікір жазғанын қалап тұрасыз, яғни сіз үшін кімнің(кімдердің) пікірі маңызды болып саналады?
Маған бәрібір. Сатыбалды құсып кетпесе болды.

7. Сізді от души күлдіріп, позитив сыйлап, көңіліңізді көтерген кинокомедияны атасаңыз?
Мен кино көремін, бірақ кино атына мән бермеймін. Соңғы кезде жұмыстан тыс онлайн кәріс сериалын қарап жүрмін, комедия және өмірлік мәні бар. «Защитить босса» Мамаяға көруге рекемендеймін.

8. Енді тұрақты сұрақтар: Керектегі ең мықты тролль кім?(Сатеке ағамыздан басқа)
Рафаэлло, Мейіржан.

9. Сүйікті әнегіңіз?
Осы КерекИнфодан ғана табамын жақсы әнекті. Мына әнек ұнайды, оны Керекке салған адамды сондай сыйлаймын:

Бір күні аңдар жиналып алып ішіп отыр дейді. Бір кезде арақ таусылып қалып, тасбақаны арақ әкелуге жұмсайды.
Бір сағат өтті тасбақа әлі жоқ, үш сағат өтті әлі жоқ, бес сағат өтті әлі жоқ. Қасқыр шыдамай кетіп:
— шшшс, мына тасбақа қайда кетті, — десе, есіктен енді шығып жатқан тасбақа естіп қалып:
— е, боқтамаңдар е кәз ваще бармай қоям, — депті
Бөлісу:

50 пікір

Ispek92
Ал тауып көріңдерЧ, таба алмайсыңдар
MamaAya
 интересноооо!!! Миды по полному зорлау керек сияқты ғой!!! Мынау адам мағанұнап қалды негізі!))))))))))
Adiletshu
Жасырылған адам ұрғашы екенін білемін. Әнуәрбек құданың қызы, не Көркем
Marco
Көркем
Ispek92
БИНГОООО  Кезек сізде ағасы.
bizbike
Бірінші Әділет қой айтқан.
MamaAya
осы бұтақты Әділет пен Исабек екеуі ғана отырсынды біз әншейін жүрейік жан-жағында шулап шауып))))))))))))
Korkem
Әділет екі жауап айтты, болмайт қо
Marco
Әділетті болсын, Әділет қой тапқан.
Негізі, Абайға мисс атағын беретін тек Көркем екені белгілі ғой)))
bizbike
Расымен кәріс телехикаясын көбіне қыз-келіншектер қарайды. Бірақ мені жоқ жерге тықпалай бермеңіздерші. Менің өмірімде қараған үш кәріс телехикаяларымның соңғысы «Кәнизак».
Ispek92
 Сіз боп шықсаңыз ше?
MamaAya
Назгүл ғой бұл!!!
Marco
«жатырған» және Назгүл понятия не совместимые
MamaAya
нуууу! ол мес кен…
Korkem
Әдейі жазып ем, батыстықтар екен деп ойласындеп))
Daniar-Alan
Керекинфоның ең әдемі аруының есімін атап жіберсеңіз?
Абай Асанкелдіұлы, konvict
MamaAya
Исабекнеге мамааяның Ясы үлкен әріппен и? айтшы болш!
Ispek92
Мама+Я деп ұғады екенмін, Мама+Айя деу қиын ғо
MamaAya
ааа «типа Я» деп қалған деп ойлама мен ондай емеспін! мен өзімді жоғары бағалап мақтанып жататындардың қатарынан емеспін, өте қарапайыммын,,,
Korkem
Айқаракөзбен ым-жымың бір еді ғо?
dark_nazgul
мен емес бұл. негізі, ренжіп отырмын. осы уақытқа дейін бір де бір адам «сізді жасырайын деп едім, сұрақтарыма жауап беріңіз» деп айтпады.
Daniar-Alan
сізді жасырайын деп едім
сізді жасыру үшін бойы 2,5 метрлік алып керек шығар
Aldeken
кімге намек лақтырывоцың, еу???
Ispek92
Бұл Көркем есімді аруымыз еді, МамаЯ дұрыстап ойлансиЩ, ал кезек Марко братта, күтеміз жалғасын
Daniar-Alan
кезек Марко братта
қап… үзілді ау осы жолы эстафета…
Korkem
Ол үзем десе, мен алайын. Марко брат бірнарсе десін.
MamaAya
ол енді келесі аптада бір ақ келет…
VKM
MamaAya сен Марконың қашан келетінін қайдан білесің?
MamaAya
))) ішім күйгеннен жасалған болжам!
Adiletshu
Негізі мен бірінші тапқанмын. Эстафетаның таяғы менде. Таяқты Көркемге бердім. Бөліп-бөліп төлеп бір нәрсе ғып құтыларсың
Marco
Сөйтші, бәсе! Әділетті шешім болды
Ispek92
 ырзамын
MamaAya
бата беріп жіберсейш!
Ispek92
Жасырғандарыңды мен ғана тауып алайын, әумин — десем бола ма?
Korkem
ойбооой бұтақ сатып күн көріп…
Adiletshu
Әнуәрбек құданың қызын жасыршы
bizbike
Неге маған қадалып қалдың?
MamaAya
лібәәә ішім күйіп отыр ше!
Korkem
Бүгін түнгісін немесе ертең күтіңіздер!
AKA
Көзбен ату арқылы басталған ғой
  Жастайынан не сұмдық мынау?! О кезде көзбен ату болса, қазіргісін тіпті елестетудің өзі…